mixtabak2
?>

Берілген тақырыптың біреуімен хабарлама жаз. 1 )зат есім туралы не білдім? 2) сөйлеуімізде зат есім қандай рөл атқарады?

Казахский язык

Ответы

bd201188

Мен зат есімнің не екенін түсіндім. Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін, әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.  

Мысалы:құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады.

Зат есім сөз таптарының бір түрі. Маған зат есімді зерттеп, оны түсіну өте қызықты болды.

Ушакова1902

Абай Құнанбайұлы.

Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.  

Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады.  

Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды.

Абай - ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Болашақ ақынның дүниеге көзқарасының қалыптасуына оның озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы орасан зор ықпал етті. Абай — ұлы ақын әрі ойшыл. Ол өз төңірегіндегі адамдардың, жақындары мен шәкірттерінің бойындағы өз халқына риясыз берілгендікті, оның мүдделерін қорғау қасиеттерін қолдап отырды. Ұлы ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды. жастарды бес нәрседен — өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер мал шашпақтықтан қашық болуға, бес асыл іске — талап етуге, еңбекті сүюге, терең ойлай білуге, қанағатшыл болуға, қайырымды рақымшылық жасауга шақырды.  

Абай жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Ақын ол үшін қазақ балаларын оқытатын мектептерді көптеп салуды жақтады.  

Avdeeva Inga1505
Қазақстанда 16-дан астам ірі қала бар. Солтүстікте – Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Павлодар. Шығыста – Өскемен, Семей қалалары орналасқан. Оңтүстікте –  Қызылорда, Талдықорған, Түркістан, Тараз, Шымкент, Алматы. Батыста – Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалалары.   Солтүстік және Шығыстағы қалаларды орман-тоғай қоршаған. Ең әдемі жері – Бурабай көлі. Қазақстанның орталығындағы Қарағанды, Жезқазған, Астана қалалары Сарыарқа даласында орналасқан. Батыстағы қалалар Нарынқұмда, Каспий теңізінің жағасы мен Жайық өзенінің бойында тұр.  Оңтүстіктегі қалалар Арал теңізі мен Сырдария, Шу, Іле өзендері мен Алакөл, Балқаш көлдері жанында орналасқан. Шығыстағы қалалар Ертіс өзенінің бойында орналасқан.   Қазақстанның батысында Мұғалжар, шығысында Тарбағатай, оңтүстікте Қаратау, Алатау таулары бар. Қазақстанның қай қаласына барсаң да қонақжайлы, берекелі қазақ халқы сені құшақ жайып қарсы алады.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Берілген тақырыптың біреуімен хабарлама жаз. 1 )зат есім туралы не білдім? 2) сөйлеуімізде зат есім қандай рөл атқарады?
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

hachatryanlilit1983
annapiskun1
gallows-warlike-0z
nalich8524
dokmak140652
yatania-popovich7
gbelihina
Египтян2004
stmr29
chapaevval
Zibuxin3
Alesander-Isaev684
magazintrofey
Andrei-Shchukin
Svetlana1287