andreevaalisa
?>

Сочинение на тему личности народа казахстана. 15 . ! ​ на языке.

Казахский язык

Ответы

artem-whitenoise142

Шығарма.

Жамбыл Жабаев.

Мен "Қазақстанның атақты адамдары" деген тіркесті естігенде, әуелі ойыма оралған екі ғасыр куәсі, жаршы Жамбыл атамыз болды.

«Жамбыл - менің жай атым, халық - менің шын атым» деп жырлаған қазақ халық поэзиясының алыбы, біртуар дара тұлға, өлең сөздің дүлділі, жыршы, жырау, ақын Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысында Шу өзенінің бойындағы Жамбыл тауының етегінде 1946 жылы ақпан айында дүниеге келген. Екі ғасырдың куәсы болған ұлы жыршы жоқшылықта өмір сүрген. Есін білген соң әкесі оны ауыл молдаларына сауатын ашуға оқуға берген екен, бірақ молдалардың өзіне көрсеткен қорлықтарына шыдай алмаған Жамбыл оқуын тастап кетеді. Дегенмен, жаратылысынан пысық, зерек бала оқып білім алмаса да, жастайынан ән мен өлеңге құмар болады, ауызекі естіген өлеңдерін жаттап алып жүреді.

Жастайынан домбыра үйреніп, ақын болуды армандайды. Тіпті, ежелгі дәстүр бойынша Сүйінбай ақынға барып сөзін сынатып, оның батасын алған. «Менің пірім - Сүйінбай, сөз сөйлейтін сыйынбай» деп өзі жырлағандай, Сүйінбайды үлгі тұтқан, ұстаз санаған.

Жамбыл өзінің ақындық өнерін көбінесе айтыстар үстінде көрсете білді. Жамбылдың айтысында ру мүдделерінен гөрі халық мүдделері тереңірек көтеріледі.

Екі ғасыр куасы болып, жүз жасаған, сағы сынбаған, ұлы дала жыршысы атанған бұл өміршең халық жыршысы қазақ қоғамында ешқашан өшпейді.

Fetyukov

Қазақстанның қызыл кітабы туралы.

Ұлы ақын Қадыр Мырза Әли атамыз "Қызыл кітап - тірі жан тимесін деп, хайуанатқа берілген қызыл мандат", - деп жаырлап кеткендей, Қызыл кітап - Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. Алғаш рет 1978 жылы жануарларға арналған, ал 1981 жылы өсімдіктерге арналған бөлігі жарық көрді. Қазақстанның «Қызыл кітабы» содан бері 1991 және 1996 жылдары өңделіп, қайта басылып, көпшілікке ұсынылды.

«Қызыл кітапты» ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының бірнеше ғылыми - зерттеу институттарының ғалымдары ұзақ еңбек етіп, ғылыми – практикалық конференциялар ұйымдастырды. Қызыл кітапқа енетін әрбір түрге ғылыми түрде сипаттама беріліп, талқыға салынды.

Қызыл кітапқа белгілі бір түрде енгізу үшін ғалымдар әр жануардың немесе өсімдіктің бес санатын анықтаған:

I санат – жойылып бара жатқандар.

II санат – саны азайып бара жатқандар, жақын арада жойылып кетуі мүмкін.

III санат – сирек түрлер, қазір жойылып кету қаупі жоқ, бірақ өте сирек кездесетіндер.

IV санат – белгісіздер, толық зертелмеген түрлер.

V санат – қалпына келгендер, қорғау жұмыстары нәтижесінде қайта көбейген түрлер.

muziumednogorsk
Мен президент болсам барлық қалалармен ауылдарда кедейлер болмауына тырысатын едім. Мен зейнетақыны жоғарылатын едім, себебі зейнеткерлерге ақша жетпейді, ал ақша жеткізу үшін жұмыс істеуге жастары асқан. Олар жас кездерінде көп жұмыс істеді ғой.

Балалар алаңдарын көбейтер едім. Балаларға бір бірімен араласып, жүгіріп, ойнап таза ауамен демалуы керек қой. Сол сияқты көптеген ата-аналардың балаларына   сұлу өмірді силауға мүмкіндіктері жоқ, ал балалардың бір жерде ойнағысы келеді. Кейбір балалар  кездейсоқ жағдайларға ұшырап қалуы мүмкін, ойын алаңдары болмаса: ұлдар жұмыссыздықтан трансформатор дүңгіршектеріне шығады, немесе лифт шатырында сырғанайды.

Тегін өнер үйлерін көбірек салар едім. Балаларға өз таланттарын дамыту керек, себебі бала келешекте суретші немесе гимнаст болуы мүмкін ғой.

Мектептерге ақша қосар едім. Оқытушылар көбірек алатын, ал  мектептерде көрсеткіш құралдардың көп болуы үшін.

Және жануарларды қыдыртқаннан кейін тазалық болу үшін оны қадағалайтын " Қадағалау қызметін" ұйымдастырар едім, жастар көшеде, саябақтарда, балалар алаңдарында өздерінен кейін жинамайтындықтан штраф салу үшін.

Қалдықтарды өңдейтін завод салатын едім. Бұл заводтар қалдықтарды қайта өңдеу үшін: біз тастаған заттардан көптеген пайдалы, қажетті заттар жасауға болады, және қоқыстар азаяды, олар кейде 300 км дейін тарайды. Қазір қоқыстар өртеледі, ауа бұдан ластанады, жерде өзіне шіріген қалдықтарды, шыны сынықтарын сіңіреді.

Барлық істерге әртүрлі жұмысшылар керек болар еді. Адамдар бос болмас еді, өз жұмысына ақша алып, соғыспайтын, соғыстың қажеті де болмас еді, және уақыты да болмайтын.  Міне, мен президент болсам, не істейтін едім!

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Сочинение на тему личности народа казахстана. 15 . ! ​ на языке.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Александр734
hotnuts
pavelvsk2023
yulyazhdan
gbg231940
FATAHOVAMAINA
Viktorovna_Yurevna
Аверьянова
nikv568734
Devaunka40
Zeegofer
zu87zu87
Katkova
Владимир
olga0909196323