Объяснение:
М. Шаханов «Нарынқұм зауалы» шығармасының «Махамбеттің соңғы сөзі» атты бірінші бөлімін Махамбеттің монологына құрады. Бұл өлеңнің он бес буынды алты тармағы бірдей өзара ұйқасқан, яғни, ұйқас өрнегі- . Өлеңнің келесі шумағы сегіз тармақтан тұрады. Олардың үшеуі- он бес буынды болса, өзге бесеуінің ырғақ кестесі- 8-8-6-8-11. Бұл шумақтың он бес буынды тармақтары алдыңғы шумақпен ой тізбегін құраса, сегіз, алты, он бір буынды айнымалы ырғақтарға құрылған тармақтар жаңа ойға өріс ашады. Он бес буынды құрылымға негізделген 1-2 шумақтың тармақтарындағы ой өзегі — ақынның түсі болса, алты, сегіз, он бір буынды тармақтардағы ой негізі — ақындық туралы толғаныстар. Қазақ поэзиясына кең тарағанон бір, сегіз буынды өлшемдердің 11-8 позициясы, бұл тармақтарда 8-11 болып, кері сипатта көрінеді. 11-8 позициясынан туындайтын интонация жеңіл де ширақ болса, 8-11 позициясы осы тармақтарда айтылатын ойлардың нақтылығы мен тиянақтылығына сай, нық, орнықты да, кесімді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Составить 20 словосочетаний на тему моя родина - казахстан!