Адамның өз Отаны жөніндегі ыстық ұғымы әрдайым оның кіндік кескен, ананың ақ сүтін емген, өскен жеріне байланысты. Отан, міне, осылардан басталады. Бала күнінен етене таныс туған жер көріністері адамның есінен ешуақытта кетпейді, көз алдында тұрады. Кеудеңде жаның тұрғанда оны ешкімге беруге болмайды. Туған табиғаттың сұлулығын, адам ісінің адалдығын сезінбейінше, азаматтық сезім бола бермейді.
Отанды сүю ұғымы туған табиғатқа, отбасына, мектепке, достарына, кітапқа, суретшілер шығармаларына, өз ісіне, біздің халықтың мүддесін өтеп отырған тамаша және ұлы игіліктің бәріне деген сүйіспеншілікті қамтиды. Отанды сүюге тәрбиелеу деген сөз бұл балалардың патриоттық сезімін тәрбиелеу дегенге саяды. Патриотизмді тәрбиелеу ісінде ұсақ-түйек болмайды. Біздер ағаштарға, гүлдерге, үй-ішінің тыныштығына деген талпынысымызды балаға дарытпай тұрып, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелей алмаймыз. Айналасындағы адамдарды - құрбы-құрдастарын, үлкендерді құрметтеуді тәрбиелемес бұрын, халыққа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу мүмкін емес.
Отанды сүю дегеннің не екені жөнінде ойланған мектеп оқушысының жүрек жалыны соғыс жылдарына соқпай кете алмайды. Соңғы зеңбірек дүркінінің атылғанына жетпіс жылға жуық уақыт өткен қазіргі күндердің өзінде бүкіл ел өміріндегі сол оқиғаға жастардың зор ықылас қойып отырғаны неліктен? Мұның себебі, әр адам өзінің өсіп-жетілуі жолында рухани дамудың биік шыңына көтерілгендерді өнеге тұтады. Еліміздің Ұлы Отан соғысындағы ерлігі - тап осындай биік шың, адамгершілік компасы, жаңа ұрпақтардың өзін-өзі тәрбиелеуі үшін үлгі-өнеге. Бұл күнгі жігіттер мен қыздарға Ұлы Отан соғысының батырлары мәрмар тастан соғылған адамдардай аңыз болып көрінеді. Бұл түсінікті де, өйткені олардың ерліктері аңызға барабар. Олар артындағы ұрпақтың қамы үшін өз үлесін жомарттықпен қосқандар. Отан алдындағы аса маңызды жауапкершілік эстафетасын бүгінгі жастарға берген адамдар.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Бесикке салу расими туралы ангиме курау
Әңгіме.
Бесікке салу рәсімі.
Қазақ халқы ежелден-ақ көненің көзі салт-дәстүрлерін дәріптеп келді.Бірі жылдар өткен сайын ұмыт болса,бірі ескірсе де жаңарып,жаңа маңызға ие болып, заманға сай өзгертіліп орындалып жүр.Сондай заман өзгеріп жатса да қалмай келе жатырған салт-дәстүрлердің бірі әрі бірегейі – баланы бесікке салу рәсімі.
Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді.Соңынан бесік жыры орындалады.
Осылайша бесікке салу рәсімі күннен-күнге жаңғырып,бесіктің неше түрі,баланы шомылдыратын құралдардың әдемілігі күн сайын артуда.Әлбетте, салт-дәстүрлеріміздің ұмытылмай,болашақта да орындалуына сенім мол.