Тұмар (Томирис) (грек. Τόμυρίς, көне парс. Tahm-Rayiš, көне иран.: Tahmirih — "Батыл") (ж.ж.с.д. 570-520) — күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі, массагет халқының байырғы заманда ел билеген атақты ханшайымы. Себебі грек жазбаларында оның елін "массагет" деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп әлемге танылуы - Ахемен әулетінен шыққан, "төрт құбыланың тұтас билеушісі" атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558-530.) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген "жеңілуді білмейді" деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас-талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.
Толық мақаласы: Кир патшаның сақтарға жорығы
Ахемен әулетінен шыққан, «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсылардың Кир патшасы Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген, «жеңілуді білмейтін» деп дәріптелген «өлместер» әскерін ашық шайқаста тас-талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.
Патшайым Томирис, Andrea del Castagno , 1450 ж.
Мемлекетінің аумағын кеңейте беруді ойлаған Кир батыс елдеріне аттанбас бұрын әуелі шығыс жағын қауіпсіздендіру мақсатымен массагеттерді бағындырып алуды көздейді. Сөйтіп түркі көшпенділер еліне елші аттандырып, олардың ханшасы, сол кезде күйеуі өліп жесір отырған Тұмардың өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды.
Бұл Кирдің массагеттермен соғысуға желеу іздеуі еді. Тұмар Кир патшаның (ж.ж.с.д. 558-530) ұсынысын қабылдамай тастайды. Осыны желеу еткен Кир жауынгерлерін шығысқа қарай қаптатады. Арақс (қазіргі Сырдария) дариясына жетіп, үстінен қалқыма көпірлерді құруды, кемелердің кермесінде мұнара қамалдар тұрғызуды әмір етеді.
Томирис кирдің басын қанға батырды Alexander Zick (1845-1907)
Өздерін жаулап алуға келген парсылардың әр қадамын алыстан бақылап, біліп отырған Тұмар олардың дариядан өту үшін әуреленіп, көпір салғалы жатқанын естіп, Кирге арнайы жаушы жібереді.
Мадилардың патшасы! Ниетіңнен қайт. Салып жатқан көпірлеріңнің игілігін көрер-көрмесіңді өзің де білмейсің. Өнбес істі қума. Өз патшалығыңа бар да, өз билігіңді жүргізе бер, бізді күндеме. Ал егер алда-жалда соғыспай қоймаймын десең, онда көпір салып, уақыт өткізіп, әуре болма. Дарияның біз жақ бетіне шығып соғысамын десең, біз үш күншілік жерге кетіп, жол ашайық, ал дарияның өз жағыңда соғысамын десең, сен үш күншілік жерге шегін. Қалауыңа қарай өзің шеш.
Тұмардың ұсынысын Кир патша әскери кеңеске салады. Біраз пікір таласынан соң, Лидияның бұрынғы патшасы, сол кезде Кирдің қолындағы мырза тұтқын Крездің ақылымен дарияның массагеттер жағында соғысуды ұйғарып, шешімдерін Тұмарға хабарлайды.
Массагеттер уәделерінде тұрып, үш күншілік жерге шегініп кетеді. Олардың кеткеніне анық көз жеткізгеннен кейін Кир бүкіл әскерін дарияның арғы бетіне өткізіп, Крездің үйреткен айласымен массагеттердің шабуылдаушы тобын алдап қолға түсіріп, түгел қырғынға ұшыратады. Осы шабуылшы топтың басшысы, Тұмардың ұлы Спарғапты (Спаргапис) тұтқынға алады. Сүйікті ұлы мен шеп бұзар жауынгерлерінің қайғылы хабарын алған Тұмар Кирге жаушы жіберіп, оған өзінің соңғы сөзін жеткізеді.
Ханшайым Томирис, Mattia Preti (1613–1699). 1672 ж. салған
Қанқұмар Кир! Жеңіске желікпе. Сен менің ұлымды ашық айқаста қару құдіретімен жеңген жоқсың. Шарап ішкізіп, алдап барып, пенде еттің. Енді менің мына ақылымды ал. Айла амалмен біраз жауынгерімді опат еткеніңді қанағат тұтып, менің ұлымды өзіме қайтарып бер де, есен-сауыңда жөніңді тап. Егер өйтпесең, Тәңірі атымен ант етіп айтайын, қанға қаншама тойымсыз болсаң да, адам қанын сусының қанғанша ішкізермін!
Кир өзінің шайқасатынын айтып, Тұмардың жаушысын кері қайтарады.
Тұтқынға түскен Тұмардың ұлы өзінің қандай күйге ұшырағанын мастығы айығып, есі кірген кезде ғана бір-ақ біледі. Кирден аяқ-қолын босатуын өтінеді. Қолдан бұғау, аяқтан кісен алынысымен, ол қасында тұрған парсы жауынгерінің қаруын жұлып алып, өзін-өзі өлтіреді.
Келесі күні екі жақтың арасында бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген сұрапыл қырғын соғыс басталады. Ақырында далалық ұрыс тәсілін тиімді пайдаланған массагеттер парсылардың әскерін түгел дерлік жусатып салады. Қоршауға түсіп, бас сауғалар мүмкіндігінен айырылған Кирдің өзі де жауынгерлерімен бірге айқас алаңында қаза табады.
Аңыз бойынша, Тұмар шайқас аяқталған соң, сарбаздарына Кир патшаның денесін тапқызып алып, басын кестіріп, қан толтырылған меске салып тұрып:
Әйтеуір тірі қалдым, сені жеңіп шықтым демесем, жан дегендегі жалғыз ұлымды аярлықпен қолға түсіріп, сен менің түбіме жеттің, жауыз! Енді Тәңірге берген сертімді орындап, басыңды қанға бөктіріп, сусыныңды қандырғаннан басқа амалым жоқ.
mustaev
17.07.2020
Жаңа жыл туралы көпшілігіміз біле бермейміз. ол мейрам қайдан шықты, кімдер тойлаған еді және жаңа жылмен христиан дінінің қатынасы бар ма? . қала берді жаңа жыл туралы мұсылмандар қандай ойда немесе ол мейрамның мұсылмандарға қаншалықты қатысы бар? алдымен айтармыз: кеңес одағында 1927-1936 жылдары жаңа жылды тойлап, шырша тігуге тыйым салынған болатын. тек 1937 жылы ғана сталиннің бұйрығымен 1 қаңтарда шырша тігіліп, жаңа жылды тойлауға рұқсат берілді. 1937 жылға дейінгі шыршалардың басында 8 бұрышты жұлдыз болған, тек 1937 жылы кеңес одағының үкімі бойынша 8 жұлдыздың орнына 5 жұлдыз қолданылатын болды. рождество христово мен жаңа жылдың шығуы туралы қысқаша мәліметтер берер болсақ: бірінші ғасырда, яғни, милади жыл санағы бойынша, христиан діні пайда болған кезде, діннің екі жауы болған. «үштік», яғни құдайды үшеу деп білген митраизм түріндегі язычниктер және монетизмді уағыздайтын юдаизм. язычниктер құдайды үшеу деп үштік түрінде уағыз ететін. енді сол үштік сенімді уағыздайтындардан мысал келтірейік. вавилондық үштік – ану, оның энлиль және энки. римдік үштік – юпитер, юнана және минерва. семиттік үштік – отец, сын и мать яғни әке, шеше және . бұлардан басқа индуистік – брахма, вишну және шива. парсылардың ормузд, митра, ахриман және египеттік осирис, исида және гор немесе эмпефт, эйктион, пта деп те аталады. халдейлік бел-сатурн, бел-юпитер (сарапшы), бел-хом (аполлон). соңғы үштік үшеуі қосылып ұлы құдай деп аталады. бұл үштіктердің барлығы христиан дініндегі үштіктермен тұп-тура келеді. әсіресе буддалықтардың үштіктері сай келеді. буддалықтардың үштіктерін айтып өткеніміздей брахма, вишну және шивадан құралады. брахманы әке деп атайды. вишнуды пастырь және пророк деп көреді. ал шиваны иләһи руһ деп ойлайды. бұл үштік «тримутра» орыс тіліне тройца деп аударылады. олар бұл үштік терең құпия деп түсінеді. құпия болғаны себепті оны ешкім білмейді және түсінбейді дейді. бұл құпия әлемдік дух брахматмамен қосылған кезде ғана біледі дейді. бұл атап өткен үштіктеріміз жерорта теңізінің жағалауында христиан дінінен бұрын пайда болған. барлығыда бұл үштікті құпия ретінде санайды. христиан діні пайда болған кезде осы діни ағымдар өздерінің діни сенімдерін христиан дініне кіргізіп, оны да өздерінің қатарына қосып алған. сіздерге түсінікті болу үшін мысал келтірейін: егер жас қозы қасқырлардың арасына түссе не болады? міндетті түрде қасқырлар қозыны талан-таражға салып жеп қояды. сол сияқты христиан діні де жас дүниеге келген кезде оны басқа сол кездегі діни ағымдар жеп қойған және өздері жаңа дінге өзгерістер енгізген