А ң қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап а ң сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. "Кітап маған тақтан да қымбат", - деп көрсеткен Шекспир. Бұл сөзден түйер ойымыз, адамға жан азығы, рухани байлығы бола білген - кітап. Cол себепті оның орны тақтан да жоғары. "Наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол", - дейді Баус. Кітап - сенің асып-таспайтын асыл досың. Себебі кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын таңытқан, оқытып-үйреткен - кітап. Әр ұлттың, елдің келешегі мен болашағын баян еткен, тарихы мен өткенін жыр еткен де - кітап болатын. Сондықтан да, "кітап әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі", - дейді Горький. Онда біз әлі білмейтін, естіп оқымаған қыр-сыры көп. Оны тек кітаппен дос болған адам ғана құпиясын ашып, ғажабын танып біле алады. Достар, "Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге", - деп ұлы ақынымыз Абай жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық. Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Текс про жұлдыз 5-7 предложений мне нужно
Достық туралы фразеологизмдер (тұрақты сөз тіркестері):
Арасынан қыл өтпейді – өте тату
Арқа сүйеу – сүйеніш еті
Әңгімесі жарасу – ортақ тіл табысу
Бауыр басу – үйрену
Қаймағы бұзылмау – бірлігі бұзылмау
Қол жалғау (қол ұшын беру) – көмектесу
Етене жақын - жан достай
Қастандық туралы фразеологизмдер (тұрақты сөз тіркестері):
Ала жіпті аттау – қиянат жасау
Ақ ауыз қылды – алдап кетті
Жер астынан жік шықты, қос құлағы тік шықты – табан астынан бәле шықты
Көзіне топырақ шашу – жамандық жасау
Тіс қайрау - өшігу
Көз аларысты - жауласты
Өштесті - өшін алды, кек қайтарды
Жеп қоя жаздады - ашуланды