ответ:Еліміз жаңарып, қуаты артып, үлкен қиыншылықтарға ұшырамай дамып келеді. Қоғамдағы өзгерістер өте жылдам. Адамның санасындағы жаңашылдық технологияны және қоршаған ортаны мүлдем өзгертіп жіберді. Осындай тарихи уақытта қандай мемлекет болмасын өзінің дамуы мен өмір сүру жолдарын, мүмкіндіктерін және алдағы болашағын анықтап алуға ұмтылады. Қазақстан халқына осы тарихи міндетті шешіп берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы. Биылғы Жолдаудың ең басты ерекшелігі – оның халықты болашақта шешілетін мемлекеттік міндеттерге бетбұрыс жасатуы.Жолдауда халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер көтерілді. Оның бірі – болашақта Қазақстан Республикасы, Қазақстан атауын Қазақ мемлекеті атауымен алмастыру. Елбасы қазақ халқының өзекжарды арманы болып келген проблеманы көтерді. Қазақстан Республикасы, Қазақстан атауларының да түп-тамыры қазақ ұлты екендігі, осы жердің тарихи иесі қазақ ұлты екендігі күдік тудырмайды. Бірақта осы атауларда қазақ ұлтының ғасырлар бойы бодан болғандығының белгісі, таңбасы әлі күнге дейін сақталып тұрғандай сезінетінбіз. Қазақстан көпэтникалық, көп халықтар отаны
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Еңбек түбі береке эссе керек отнем тезирек
Еңбек — адамға өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы. Еңбек адамның өзінің қалыптасуында, оның сана, сөйлеу тәрізді қатынасқа қабілетті ететін қасиеттерін қалыптастыратын шешуші күш. Адам еңбек арқылы табиғатқа әсер етеді. Еңбектің техникалық жарақтану дәрежесі, оның дағдысын, әдетін, еңбек сүйгіштікті қалыптастыру жеке тұлғаның дамуында ерекше маңызды.
Еңбектің әлеуметтік сипаты, оның тарихи даму сатылары еңбек процесінде адамдар арасында орнығатын және еңбек өнімдері мен түрлерін таратуға әсер ете отырып, қоғамдағы әлеуметтік қатынастар жүйесінің негізі болып табылатын өндірістік қатынастар ерекшелігіне байланысты. Адам экологиясы үшін еңбек әрекетіне талдау жасау және әрқилы табиғат және әлеуметтік-экономикалық жағдайлардағы оның әр түрлерінің ерекшеліктерін білудің тұрғындардың өмір сүру жағдайын бағалауда маңызы зор, өйткені еңбек демалыс және түрмыспен катар адамның өмір сүруіндегі негізгі элемент болып есептеледі.