evavard
?>

Напишите эссе на тему "зарождение торговли" на казахском языке [ 50 ]

Казахский язык

Ответы

Cannabikh

ответ:

саудасы- ғасыр дерті

саудасына қарсы күрес-xxi ғасырдағы халықаралық қауымдастық алдындағы ең басты міндеттердің бірі. бүкіл әлем бүгінгі күні ізгілік пен өзара түсіністік, толеранттық пен дінаралық келісім саласындағы прогреске бағыт алды. жоғары технологиялар іркіліссіз , күн өткен сайын үдемелі қарқынмен зорлық- зомбылықсыз және соғыссыз болашаққа қ басып келеміз. дегенмен, біздің өркениетті қоғамда саудасы секілді құл иленушілік құрылысқа тән рудиментарлы құбылыстың әлі күнге дейін тамырына шабылмай келе жатқаны таңғалдырады. еліміз өзінің қ және қ жағдайында байланысты, өкінішке орай, саудасы құрбандары шыққан, транзит мемлекет болып табылады. қ орналасуы мен қ жағынан байланысты қазақстан қалалары мен ауылдық аймақтарына орта азиядан еңбек мигранттары ағыла бастады. ел ішінде миграциялық процестер белсенді жүріп жатыр. мыңдаған жұмыс табу мақсатында ауылдық аймақтардан үлкен қалаларға қоныс аударуда. мемлекеттің бақылауына қарамастан, ішкі және сыртқы еңбек мигранттары саудасының құрбаны болып қалуда. көрші елдердегі саяси ахуал, тұрғылықты жердегі жұмыспен қамту мүмкіндіктерінің шектеулілігі, азаматтардың саудасының тәуекелі туралы ақпараттардың жеткіліксіздігі, арзан жұмыс күшіне артуы мен қылмыстық топтардың белсенді іс-әрекеті секілді көптеген факторлар саудасы жүйесіндегі құрбандар санының көбеюіне әсерін тигізіп келеді. сарапшылардың пікірінше, саудасы трансұлттық ұйымдасқан қылмыстар арасында қару-жарақ және есірткі саудасымен қатар тұрған негізгі табыс көздерінің бірі болып отыр.

статистикалық деректерге сүйенсек трафигі әлемнің көптеген мемлекеттерінде өсу беталысымен қатер төндіріп отыр. бұұ- ның деректеріне сүйенсек, бүгінгі таңда әлемде шамамен 27 миллион құлдыққа таңылған. қауіпті аймаққа непал, судан, біріккен араб әмірліктері, үнді, гаити, мьянма секілді мемлекеттер еніп отыр. ақш- ның мемлекеттік департаментінің бағалауы бойынша әлемде жыл сайын еркінен тыс шамамен 4 миллион сатылып, тасымалданады екен. халықаралық сарашылар жыл сайынғы әлемдік құл сатудан кіріс 9,5 миллиард долларға жеткенін анықтаған. мұндай сауда құрбандарының көпшілігін әйелдер мен құрайды.

rykovatv6
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931жж.)
Сегіз қырлы бір сырлы дарын.
Жан-жақты өнер иесі, сегіз қырлы бір сырлы дарын, романшы, драматург, ақын, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы (кей деректерде 1890 жылы) қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабында туған. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан текті, дәулетті, атақ-абырой біткен, ел арасындағы білікті кісілер. 

Жас күнінен Жүсіпбек бірге туған бауырлары Ахмет, Жақыпбек секілді арабша хат тану, оқу үстіне, ағаш шеберлігі, темір ұсталығы өнерін қатар үйренеді. Он бес-он алты жасында өзі ұмтылып, үй ішінің рұқсатынсыз Павлодарға қашып барып, орысша-қазақша екі сыныпты мектепке түседі, бір жағынан бала оқытып, қаражат таба жүріп, оқуын 1914 жылы бітіреді де, Семейдегі оқытушылар семинариясына түседі, оны 1918 жылы аяқтайды. Қазақстан Кеңестерінің құрылтайына делегат, Оқу коммисариатының коллегия мүшесі болу, «Қазақ тілі» газетін өңдеу, «Ақ жол» газетінде істеу, Шымкенттегі педагогикалық техникумының директорлығы – міне мұның бәрі Жүсіпбек Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 жылы басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек Аймауытов 1931 жылы атылған.

Астан-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы өзгерістер заманында өмір сүрген Жүсіпбек Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгірді. 
Ол, В. Шекспир, В. Гюго, Г. Мопассан , А.С.Пушкин, Н.В. Гоголь, Л.Н.Толстой шығармаларын, бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, тәрбие туралы зерттеулер тудырды; әдеби, эстетика, сын саласына араласты: сан қилы проблемалық мақалалар жазды. Сол сияқты «Күнікейдің жазығы», «Ақбілек» романдары, сан алуан пьесалары – күрделі таланттың қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар. 
arutchevben64

Жаңа жыл туралы шығарма.

Жаңа жыл – барша адамдардың тағатсыздана күтетін таңғажайып қызыққа, қуанышқа, сиқырға толы мереке. Кішкене бөбектермен қоса ересек адамдардың да ең сүйікті мерекесі десек те болады. Жаңа жыл жақындаған сайын жан – жақтың бәрі безендіріліп, жаңа жылдық әуендер ойнатылып, құдды барлық әлем ертегі әлеміне айналғандай күй кешеді. Балалар Аяз атаға хат жазып, жыл бойы тәртіптерінің жақсы болғанын айтып, қалған сыйлықтарын күтеді.

Барлығымыз да Жаңа жылды ерекше ықыласпен күтетініміз құпия емес. Жаңа жыл жақсылық пен қуанышқа толы болып, армандарымыз іске асатын мезгіл деп те қабылдаймыз. Жасымыз есейе келе ертегіге сенбесек те, Жаңа жылдан бір ерекше сиқырды күтетініміз тағы бар.

Әдетте, Жаңа жыл - отбасымен тойланатын мейрам. Аналарымыз, апаларымыз, жеңгелеріміз алдын ала дайындалып, тәттілерін пісіріп, жаңа жылдық дастарқан әзірлейді. Барлығымыз осы кең дастарқан басында жиналып, әңгімелесіп, қалжыңдасып, бір – бірімзге сыйлықтар сыйлап, естелік суреттерге түсеміз. Жыл сайынғы дәстүр бойынша Елбасымыздың құттықтауын тыңдап, келер жылға зор үмітпен қараймыз. Ал сағат он екіні соғысымен бір – бірімізді құттықтап, есік алдына мерекелік от шашуды тамашалауға шығамыз.  

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Напишите эссе на тему "зарождение торговли" на казахском языке [ 50 ]
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*