Жекеше
Мен бардым, келдім, таңдадым, сыйладым, ұмытпадым, ескердім, алдым, қаптадым, безендірдім, салдым, жаздым.
Сен бардың, келдің, таңдадың, сыйладың, ұмытпадың, ескердің, алдың, қаптадың, безендірдің, салдың, жаздың.
Сіз бардыңыз, келдіңіз, таңдадыңыз, сыйладыңыз, ұмытпадыңыз, ескердіңіз, алдыңыз, қаптадыңыз, безендірдіңіз, салдыңыз, жаздыңыз.
Ол барды, келді, таңдады, сыйлады, ұмытпады, ескерді, алды, қаптады, безендірді, салды, жазды.
Көпше
Біз бардық, келдік, таңдадық, сыйладық, ұмытпадық, ескердік, алдық, қаптадық, безендірдік, салдық, жаздық.
Сендер бардыңдар, келдіңдер, таңдадыңдар, сыйладыңдар, ұмытпадыңдар, ескердіңдер, алдыңдар, қаптадыңдар, безендірдіңдер, салдыңдар, жаздыңдар.
Сіздер бардыңыздар, келдіңіздер, таңдадыңыздар, сыйладыңыздар, ұмытпадыңыздар, ескердіңіздер, алдыңыздар, қаптадыңыздар, безендірдіңіздер, салдыңыздар, жаздыңыздар.
Олар барды, келді, таңдады, сыйлады, ұмытпады, ескерді, алды, қаптады, безендірді, салды, жазды.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
С9 много мәтіннен фразеологизмдерді тауып әр абзацтағы қолданылу жиілігін графикалық кестеге толтыр. сөйлемдегі мағынасын аш
"Уақыт- адамның өмірі".
Уақыт - адам өміріндегі баға жетпес құндылық екені ешкімге де құпия емес. Уақыт қайтып келмейді, сондықтан бос уақытты сарп етпей, тиімді қолдана білу керек. Себебі, қазіргі ғылым мен техниканың дамыған уақытында біздің қоғамымызда "уақыт - ақша" деген қағида қалыптасқан. Уақытты тиімді пайдалану - табысқа жетудің бірден бір кепілі. Сонымен, "уақтты қалай тиімді пайдалану керек?" деген сұраққа мен келесідей ақыл - кеңес беретін едім:
1. Жоспар құру. Бір күнге, аптаға, айға немесе бір жылға жоспар құру - маңызды істерді айқындауға, бірде бір минутты босқа кетірмеуге көмектеседі.
2. Бастаған ісіңізді аяқсыз қалдырмай, алдымен бір істі бітіріп, сосын келесісіне көшіңіз.
3. Күнделікті атқарылған істерге талдау жасаңыз.
4. Жұмыстарды кейінге қалдырмаңыз.
5. "Бүгін және дәл қазір қандай жұмыстар маған пайда әкеледі?" Осы сұрақты өз-өзіңізге әрдайым қойып жүрген абзал. Бұл өзіңізді тәрбиелуге және уақытты ұтымды пайдалануға көмектеседі.
6. Уақытты тиімді пайдаланудың тағы бір жолы - уақытыңызды босқа алатын теледидар көру, әлеуметтік желілерде отыру, телефон арқылы ұзақ сөйлесу т.с.с. нәрселерден бас тарту.
Ал сіз осы айтылған ақыл – кеңестің қайсысын қолданасыз?