Мен Қазақстанда туылдым және осында тұрамын. Қазақстан - менің Отаным. Адамның туып-өскен жері әрқашан жүрегінде болады. Таулар мен тегістіктер, өзендер мен көлдер, шегі жоқ дала мен құмды жазықтардың барлығы - Қазақстан. Жануарлар әлемі қандай сан түрлі! Каспий бекіресі, тау барысы, арқарлар, ақбөкендер отары, сұңқарлар мен бүркіттер, бұлардан басқа тағы да көптеген - көптеген аң-құстар әрқашан Қазақстандықтардың мақтанышы болған. Қазақстан картасына қарай отырып, Менделеев кестесіндегі барлыө дерлік элементтердің жер қойнауында барына ғана емес, сонымен қатар газдың да, мұнайдың да, металлдардың да, тұздардың да, тұщы және минералды сулардың мол қоры барына сонша таң қаламын. Әр адамның аты-жөні бар. Ал менің елімнің аты-жөні кім? Әнұран, ту, елтаңба! Көгілдір түсті байрағымыз татулық пен бейбітшілікті білдіреді. Алтын түстес күн мен шуағы тыныштық пен байлықты көрсетеді. Ал қалғып ұшып бара жатқан қыран - жомарттық пен қырағылықтың, ұшқыр ойдың символы. Өз Қазақстаным жайлы әлі де көптеген жақсы ойлар айтқым-ақ келеді. Бір ғана біздің Атырау қаласын алсақ та болады.
natanikulina1735
27.06.2021
Жіктік жалғау: жекеше: көптік: мен біз(біздер) сен сендер сіз сіздер ол олар Қазақ әдебиеті тарихы қазақ халқының ерте замандардан бастап бүгінге дейін жасаған көркем әдебиет туындыларын толық қамтыды. Ежелгі дәуірдегі әдебиетіміз туралы айтқаңда, ең алдымен, екі мәселені айқын түсінуіміз керек. Біріншісі – біздің ежелгі дәуір әдебиетіміздің туындылары тек қазақ халқының ғана еншісі емес, олардың басқа түркі тектес халықтардың да әдебиетіне ортақ екендігі. Екіншісі – қазақ тілінде емес, ежелгі түркі тілінде жазылғандығы. Енді осы жайттарға түсінік бере кетейік.Қазақ халқының құрылуына негіз болған ру-тайпалар ол замандарда қазіргі Қазақстанды, Орта Азияны, Оңтүстік–шығыс Сібірді, Орталық Азияны, Еділ бойын, Каспий жағалауларын мекен еткен. Олар өзбек, қырғыз, әзірбайжан, түрікмен, ұйғыр, қарақалпақ, хакас, башқұрт, татар халықтарының төл құрамына енген ру-тайпалармен аралас өмір кешкен. Сөйтіп, экономикалық, әлеуметтік, мәдени өмірі бір-бірімен өзара тығыз байланысты болған түркі тілдес халықтардың әдебиеті де ортақ болды. Кумандар, Дешті Қыпшақтар, тағы басқадай атанған жартылай көшпелі, жартылай отырықшы түркі тілдес халықтардың ерлігі, тұрмыс-тіршілігі, арман-қиялы поэзия тілімен жырланып, ерлік эпостар, ертегілер, аңыздарда баян етілген. Құлпытас, күмбез түріндегі ескерткіштерге өздерінің елеулі-елеулі тарихи адамдары туралы жоқтау, мадақтауларын жыр түрінде ойып жазып қалдырып отырған. Бұл түркі ұлыстарының жазу мәдениеті ертеден пайда болғанын көрсетеді. Ол жазулар дами келе Күлтегін, Тоңұқық*, Қорқыт ата, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, Ахмет Йасауи, Бақырғани, Хорезми, т.б. орта ғасырлық ғұламалар шығармаларының сақталуына негіз болды.
Ответить на вопрос
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Сказахским, желательно ответ но можно и хотя бы четкий перевод (не из пееводчиков)