Құндылық — бір заттың маңыздылығы, пайдалылығы. Сырттай құндылық зат не құбылыстың қасиеті болып анықталады. Алайда оның маңыздылығы мен пайдалылығы табиғаттан, объекттің ішкі құрылымының әсерінен емес, адам болмысына енген, адам оған құштар не қажеттілік сезетін нақты қасиеттердің субъективті бағалануынан болады. Құндылықтар жүйесі адамның күнделікті қоғамдық не жеке тұрмыстық бағдарында, оның айналасындағы заттар мен құбылыстарға қарым-қатынасының орнауында орын алады. Мысалға, стақан сусын ішу құралы ретінде өз пайдалы қасиетін тұтынушы құндылығы ретінде, материалдық игілік ретінде көрсетеді. Еңбек өнімі және тауар айналымының заты ретінде, стақан экономикалық құндылық, бағалық ретінде болады. Егер стақан өнер заты болса, ол тағы да эстетикалық құндылық, көркемдікке ие болады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Эссе на тему секреты гор на казахском языке 70-100 слов
Таулар табиғаттың көркі. Ол әр адамды таңғалдырып, қызықтыратыны анық. Біздің мекенде көрікті таулар жетерлік. Мысалғы Бурабайда орналасқан Оқжетпес тауы жайлы аңыздар көп. Оның құпиясы да әлі күнге ашылмаған. Сол секілді әр тау ерекше. Тауға шықсаң таза ауамен демалып, өзінді жеңіл сезінесің.
Тауда мекендейтін жануарлар мен құстар да көп. Тауларды өте мықты және төзімді жануарлар мекендейді. Соның ішіндегі барыс, жыртқыш аң болып келеді. Ол өзінің әдемілігімен де ерекшеленеді.
Тауларға қарасаң олар аспанмен таласып, сырласып жатқандай болады.
Табиғаттағы әр тіршіліктің, заттың өз орны бар. Солардың ішінде тау өте ерекше. Ол айналамызға сән береді. Бұл таулардың құпиясы қашан ашылары белгісіз!