ddavydov1116
?>

Денсаулық баға жетпес байлық тақырыбына газетке мақала жазыңыз​

Казахский язык

Ответы

Olia72

Денсаулық - баға жетпес құндылық.

Жаңа жыл басталысымен мен өз - өзіме «дәл бүгіннен бастап спортпен шұғылданамын және денсаулығымды күтемін» деп уәде бердім. Себебі, «еріншектің ертеңі бітпес» дегендей, спортпен шұғылдануды ертеңге қалдыруға болмайды. Спорт денсаулық кепілі болғандықтан, өз денсаулығымызға немқұрайлы қарамауымыз керек және әрбір адам жасы мен жұмысына қарамастан денсаулығына көңіл бөліп, спортпен шұғылдану керек деп ойлаймын.

Өз басым күнделікті спортпен айналысуды күн тәртібіме кірістіріп қойдым, таңертең бір мезгіл жүгіріп, кешке арнайы жаттығулар жасамақпын.

Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын.

Біраз уақыт жаттығып алғаннан соң мәнерлеп сырғанау үйірмесіне жазылғым келеді. Себебі, менің сүйікті спорт түрім – мәнерлеп сырғанау. Бұл спорт түрінде спортшы конькимен сырғанап, музыка сазына сәйкес әсем қимыл жасайды. Мәнерлеп сырғанаудың жекелей, жұптасып, топтасып сырғанау және мұздағы би түрлері бар. Мен жекелеп сырғанау бағытын таңдағым келеді, сонымен қатар музыкаға икемім де бар, жаттығу маған қиын болмайды деп ойлаймын.  

Денсаулық баға жетпес құндылық болғандықтан, біз салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығымызды күтуіміз керек. Сонымен қатар, соңғы уақытта дұрыс тамақтану да өзекті болып отыр. Бұл да оң өзгеріс деп санаймын.

Сонымен мен өз-өзіме денсаулығымды күтіп, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтануға уәде бердім.

Долбоебков_Алексей27
Менің жақсы көретін заттарым көп,бірақ ең сүйіктісі компьютер .Казіргі заманда бүкіл бар отбасыларда компьютер бар.Адамдардың өмірі жақсара түсті.Бар жас-өспірімдер,балалар компьютерге қызығушылық танытады.Менде барлықтар сияқты компьютерде отыру,ойын ойнау,ән тыңдау,достарыммен араласқанды жақсы көремін.Ата-аналарымыз өздерінің балалық-шақ кездері туралы жиі айтады.Олар таңнан кешке дейін көшеде достарымен ойнаған. Ал біз болсақ бөлмеден шықпаймыз.Бұл зиян деп анам үнемі айтады.Мен оның зиян екенің түсінемін,бірақ
компьютерде отырғанды ұнатамын.Анам мені компьютерде өте көп отырдың деп жиі ұрсады.Мен оны өзімде жақсы білемін,бірақ басқаша істей алмаймын.Өйткені компьютер менің ең сүйікті затым.
keti0290103

- Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Атадан балаға мирас болып отыратын баға жетпес мұрасы. Демек, әр адам ана тілін көзінің нұрындай қорғауы тиіс. Біздің ана тіліміз шексіз бай, өте көркем тіл. Ана тілінің көркемдігін көркейту ұлт байрағын көтеру мен бірдей десек, қателеспеген болармыз. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында «ұлттық тіл - қазақ ұлтының рухани мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп баста көрсеткен болатын. Әлемде қанша ұлт,нәсіл болса, соларды бір бірінен даралап тұратын басты бойтұмары - туған тілі. «Әр халықтың ана тілі-білімнің кілті», - деп Ахмет Жұбанов тілдің адамзат өміріндегі маңызын аша түсті. Ана тілінің құдіреті жайлы қаншама ойшыл, ақын жазушыларымыз, даналарымыз құнды пікірлер қалдырды. Осынау бабаларымыз сөйлеп, даналарымыз толғап, аналарымыз әлдейлеп өскен қазақ тілінің еліміздің болашағының көркеюіне зор ықпал етуде. Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өңірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналары сөзсіз. Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйымдастыратын ең басты құндылығымыз - туған тіліміздің мерейін үстем етті. Қазіргі жаһанданған, ақпаратық дамыған ғасырында болып жатқан түрлі өзгерістермен жаңашылдықтар еліміздің экономика саласына да, білім беру жүйесіне де тың ізденістерді енгізіп отыр. Елбасының салиқалы саясатының арқасында еліміз береке мен бірліктің, ынтымақ пен достықтың,татулықтың өлкесі болып,көп ұлтты мемлекетке айналып отыр.Осы орайда елбасымыз атап өткендей: «Біз - көпұлтты қоғамбыз. Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілімен мәдениетін және салт дәстүрін дамытуға барынша жағдай жасауда алдыңғы уақытта да жалғастыра беретін боламыз», - деген болатын. Қазіргі таңда «Келешекке кемел біліммен» деп Президентіміз Н.Ә.Назарбаев ұстаным еткендей, келешекке кемел біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп,қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақта дамыған,бірнеше тілді меңгерген, құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірі болып отыр. Үш тілді оқыту - заман талабы. Үштілділік бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. Осы «Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы іске асыруды балабақшадан басталуы тиіс. Бұл - заман талабы. Осы орайда тәрбиеші мен мұғалімдер бәсекеге қаблетті тұлғаны даярлауды зор деп танылуда. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі деп салиқалы үндеуінде атап көрсетті. Бұл үдерістен бізде тыс қалмауымыз керек.Үштілділіктің маңызын түсіне білген жанның болашақтағы өмір белесінен, білім кеңістігінде алары да берері де мол. Осы оқу жылының басында «Тілдер мерекесі» апталығында жүргізілген барлық іс шаралар үштұғырлы тіл биігінде аталып өтті. Шәкірттердің, жаңалыққа жаны құмар ұстаздардың бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу де орасан зор еңбектері көрініс тапты. Балабақшадан бастау алған осы саясаттың түрлі тақырыптарда лингвистикалық, экономикалық тарихи, танымдық сайыстар оқушылар арасында үштұғырлы тіл барысында белең алуда.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Денсаулық баға жетпес байлық тақырыбына газетке мақала жазыңыз​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Skvik71
Vlad Petr531
len4ik1986
modno-trikotazh
Новицкий1107
potemkin77
yurkovam-037
vorota-grupp
svt5299
e-liza-k
suhovaab
Neveselova
Rinatum1978
Filintver
M19026789436