Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1)мәтіндерді оқып, стилін, жанрын салыстырыңыз. , сравнить два текста стиль , жанр, сходство и разница. а) мәтіні жасың бар, жігіт-желең, шалдарың бар. ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар. жол ұзақ, биік асу, сапар алыс, жаз өтер, күз де кетер, тақалар қыс. қамданыңдар болашақ деген елге, қандай біз сый-сияпат апарамыз? қорқауды, өсекшілді қатарға алма, кеселін тигізеді сапарға алда. he бетімізді айтамыз болашаққа? жат қылықты қалдырмай апарғанда жамандық атаулыны қалдырыңдар, суға батыр, отқа өрте, жандырыңдар. болашақ деп аталған өлмес-өшпес, жақсылықтан жаралған тағдырың бар. қыз-қырқын, жігіт-желең, шалдарың бар, ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар! м. мақатаев ә ) мәтіні «халықаралық бағдаршам күні» 1914 жылғы тамыз айының 5-і күні орын алған оқиғаға байланысты тойланады. бұл күні американың кливленд қаласында алғашқы заманауи бағдаршамның тұңғыш түпнұсқасы шыққан болатын. алайда ең алғашқы бағдаршамды британдық джей найт есімді азамат xix ғасырда ойлап тапты. ол тек екі түсті шамнан тұрды. ал ол бір түстен екіншіге ауысқанда дыбыс шығаратын болған. бұл құрылғы тұңғыш рет 1889 жылы лондон парламенті орналасқан көшеге қойылды. кейін үш жыл өткен соң, бағдаршамның жарық шамы жарылып, абайсызда жақын тұрған полиция сақшысын зақымдаған көрінеді. содан бағдаршам 50 жыл бойы ұмыт қалған. 1910 жылы алғашқы екі түсті автоматтандырылған бағдаршам патенттеліп, қолданысқа берілді. ал күнделікті күнде көріп жүрген үш түсті бағдаршамыңыз алғаш рет нью-йорк қаласында 1914 жылы пайда болды. жылдар өте бұл аппарат тиімділігін көрсетіп, америка және еуропа мемлекеттерінде кеңінен қолданыла бастаған. 2. берілген кестені толтырыңыз. а мәтіні ә мәтіні стилі, себебі жанры, себебі ұқсастығы айырмашылығы
Абай - даналықтың бастауы.
Жоспар.
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
1. Абай - біртуар дара тұлға.
2. Абайдың шығармашылығы.
Қорытынды.
Абай Құнанбаев осы күнгі Семей облысындағы Шыңғыс тауын жайлаған Тобықты руынын ішінде 1845 жылы туған. Абайдың өз әкесі — Құнанбай, атасы — Өскембай, арғы атасы — Ырғызбай. Аталарының барлығы да ру ішінде үстемдік жүргізген адамдар.
Абай - ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Болашақ ақынның дүниеге көзқарасының қалыптасуына оның озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы орасан зор ықпал етті. Абай — ұлы ақын әрі ойшыл. Ол өз төңірегіндегі адамдардың, жақындары мен шәкірттерінің бойындағы өз халқына риясыз берілгендікті, оның мүдделерін қорғау қасиеттерін қолдап отырды. Ұлы ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды. жастарды бес нәрседен — өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер мал шашпақтықтан қашық болуға, бес асыл іске — талап етуге, еңбекті сүюге, терең ойлай білуге, қанағатшыл болуға, қайырымды рақымшылық жасауга шақырды.
Абай жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Ақын ол үшін қазақ балаларын оқытатын мектептерді көптеп салуды жақтады.