Отбасы — сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан.
«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас!
Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.
«Өз үйім өлең төсегім» деген қазақ даналығында айтылғандай өз отбасың, өз үйің әрқашан жылу тартып, жанға жақын болады. Сол себепті де әр адам өз отбасын сыйлап, құрметтей білуі шарт.Себебі қазіргі кезде көп жастар шет елдерде оқып, сол елдерде қалып қояды.
Бұдан Отанға деген ешқандай ізгі ниетті байқамаймыз, сондықтан да отбасын қалай қадірлейміз, дәл солай Отанды да қадірлеп, қолдан келгенше аялауымыз керек!
Не болса да Отанның бір бөлшегі – отбасыңа ештеңе де жетпейді! Өйткені отбасы – табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы! Соны мәңгі есте сақтап, ұмытпаған жөн
1.Мәтiн баласының атынан жазылған.
2. Мәтiнде автор әкесінен мейірімділік пен махаббат, сүйіспеншілік сезімдер сезінген және де әкеге деген сенімділік сезімі туындаған.
3. Әке мен бала арасында керемет үлгі тұтарлықтай сезімдер қалыптасқан. Жауапкершілік,сенімділік мейірімділік, iзеттілік пен қайырымдылық.
4.Автор мәтінде өткен шақта айтуының себебі өзінің балалық шағын әкесінің бала тәрбиесіне көп көңіл бөлгендігінде.
5.Әкенің айтқан сөздерін мұқият тыңдап
ойға жаттау керек. Болашақта сенің дұрыс азамат болып қалыптасуына зор көмек.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Ақынның шығармаларын талдай отырып өз ойыңызды дәлелдеп жазыңыз
ответ:
мұрат мөңкеұлының "қыз" өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
қазақтың мұңы, зары, арманы, үміті, ардағы, аманаты, тарихы, өмірі-бәрі-бәрі қазақ қызының кірпігінде тұрғандай көрінеді. ұлт болып ұйысуда, жұрт болып жұмылуда, халық болып қайрат танытуда қазақ қызының атқарар ролі, алар орны ерекше.
міне, осы қазақ қызына арнап өлең шығармаған ақындар, сұлулығына тамсанып жырлаған жыршылар,қазақта кемде кем. соның ішінде м.мөңкеұлының «қыз» өлеңі өте ерекше. бұл өлеңді оқи отырып, ойыма «қыз жібек» жыры түседі. екі шығарманың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
бір жағынан ұқсастықтарына тоқталсақ. м.мөңкеұлының өлеңіндегі қыз сипаты: ақ моншақтай әдемі, әдемілігі соншалықты, ақ жүзінің сәулесі жерге түссе сары алтындай көрінеді. ол-құрбыларының алды болған байдың қызы.
тісі- маржандай, сөзі-жағымды ,,сөйлесе, тілінен сүт шығады. келген қасынан кеткісі келметін. сол сияқты ұқсастықпен, қыз жібек бейнесінде әдемілігі соншалықты , әлемді мойындатады .көзі жанып тұрған шырақтай,мдидары-қоғалы көлдің құрағындай. бойы –ұзын, білегі-жіңішке,белі нәзік.
екінші жағынан, айырмашылықтарын да қарастыруға болады. м.мөңке ұлының «қыз»өлеңінде қазақ халқының салт-дәстүрінің бірі-қызды құтты орнына қондыру бейнеленген. автордың айтпағы, «қыз мұраты –кету»демекші, қыз өз ата-анасының дәулетіне шалықтап өскенімен ,бір күні ол да ұясынан ұшып, өз орнын табады.
ал жібек образы эпоста идеал болып суреттеледі. жібек тірі жанды менсінбейді, бұла боп өскен ерке әрі өр мінезді.сонымен қатар,онда қыз сипаты ғана емес, қыздың сезімі бейнеленген. сұлулығымен қоса, әйел екендігі көрінеді.
эссемді қортындыласам,екі шығармадағы қыз сипаты ұқсас болғанмен, олардың әрқайсысы жеке тұлға.біріншідегі қыз сипаты тұрмыс құрарға дейінгі болса, екіншідегі тұрмыстағы сипат болып табылады. қай шығарманы алсақ та,ертедегі қазақ қызының бейнесі шебер суреттелген деп ойлаймын.