Лирикалық шығармаларда ақын тұлғасы өлең кейіпкерімен тұтасып, кірігіп кетеді. Ақын өз атынан сөйлей отырып, сол дәуірдегі ұрпақтың мұрат - мақсатын, арман - аңсарын, сезім - күйін жырға қосады.
Шығамын тірі болсам адам болып,
Жүрмеймін бұл жиҺанда жаман болып.
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,
Жүргенше өмір сүріп надан болып.
Мен балаң жарық күнде сәуле қуған,
Алуға күнді барып белді буған.
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,
Болмасам толған айдай балқып туған.
Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,
Ойында оты барлар асылық демес.
Тебем деп тірі болсам надандықты,
Серт етіп өз - өзіме еткем егес.
Ақын өлең арқылы өзінің білімге құштарлығын, надан болып қалудан сескенетінін жеткізген. Құр жүріп уақытты текке кетіргенше білім алып, сананы толықтырудың дұрыстығын атап өткен.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Ессе на казахском "егемен елдің ертеңі" !
1. Шығарманың басталуы.
« Батыр Баян» поэмасы Мағжан ақынның көңіл-күй сезімін толғаудан басталады.
Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,
Сұм өмір абақты ғой саналыға.
Қызыл тіл, қолым емес кісендеулі,
Сондықтан жаным күйіп жанады да,- деп ашынған ақынның ішкі монологынан басталатын поэма бірден кесек-кесек ой ағытады. «Сұм өмір абақты ғой саналыға» деп қызыл империяға ашықтан-ашық айып тағады. «Қызыл тілім кісендеулі» деп тіл бостандығының жоқ екеніне тоқталып « қызыл сұм» деген көріктеуші және «кісендеулі» деп кейіптеу арқылы ақын поэманың тілдік қуатын арттырады. «Сұм өмір күшті уын аяды ма?»- деп өзінің ауыр тағдырын қоса жырлайды. Уақыт өтер ақынның жолы « қанды ор боп қалады» деп ақын күңіренеді, толғайды көзіне жас алады. Азаматтан дос таба алмасаң, қаламыңмен сырлас- дейді.
2. Шығарманың дамуы.
- Абылай сөзінде Баян жай адам емес. Ханның қанаты екеніне көзіміз жетті.
- Ақын бұл жерде Баянды Абылай ханның сүйікті батыры, қалың жауға қаймықпай барар жолбарысы дей отырып, «сұңқардай, жолбарыстай, аш бөрідей »деген теңеулер арқылы ханның батырға деген ерекше ілтипатын көрсетеді. Ақын өзіне дейінгі көркем әдебиет дәстүрлеріне сүйене отырып, психологиялық тәсілдерін қолданады.
3.Шығарманың шиеленісуі. Ноян бейнесі.
Интерактивтік тақтадан Ноян мен Толқыншаштың суретін көрсете отырып талдаймыз.
Қалмақ аруы- Толқыншаштың портретіне көз жіберу.
Сол сұлу, сұлу екен атқан тандай,
Бір соған бар сұлулық жиылғандай,
Лебізі- жібек лебі, жұмбақ желі,
Кәусардай адам қалар қанбай,
Шын ер ғой Батыр Баян алып қайтқан
Еліне сол сұлуды естен танбай,- деп ақын психологиялық портрет - сұлудың көркін, көзқарасын, сөйлеу мәнерін суреттеу арқылы оның әйелдік нәзік қасиетін жеткізе білген. Автор Толқыншаш бейнесін ары қарай әр қырынан аша түскен. Сұм қыздың сақтығын Ноянмен терең сайда кездескен сәтте ерекше суреттейді.
- Ақын бұл жерде қалмақ қызының сұмдығы мен жас Ноянның ақылсыздығын суреттей отырып, махаббат үшін елінен безген, Отанын сатқан, сатқындық пен жексұрындықты Ноян бойына жинақтайды.
4.Шығарманың шарықтау шегі.
- Баян ішкі монологы арқылы өзінің іс-әрекетін саралайды. Ойы екіге бөлінеді. Бірі айыптайды. Екіншісі-ақтайды.Сол садақты тартқанда қолым неге сынып қалмады?-деп өзін-өзі айыптаса, -Жоқ, жоқ, әлде өлтірдім бе?
Інімді алты алаштың намысы үшін ,- деп, өз кінәсынан арыла бастайды.
Алашта өткен екі арыстан Ер Көкше мен Ер Қосайдың ұрпағымыз. Солардан тараған Сары мен Баян барыстай ойын салған сары далада,- дей отырып, Ер Баянның інісі Ноян атадан азып туып, бір қыз үшін қалмаққа құл болды. Алашқа бұдан артық шер барма?- дейді.
Ақын Баянды уақ руының ғана батыры емес отаншылдық биікте самғаған қыран дей отырып, батырдың ерлігін ғана емес, жан тазалығы мен ізгілігінде көрсетеді. Себебі, Ноян - тұтқын қызға ғашық. Сезімнің құлы. Ал, Толқыншаш туған еліне қайтуға асық, сананың құлы. Қалмақ қызы отанына оралу үшін өзін құрбандыққа шалуға, жанын беруге белін бекем буды. Баян да қызға ғашық, ал туған жеріне тіптен ғашық. Оны қызғаныштан өлттірген жоқ.
5.Шығарманың шешімі.
Поэманың екінші тарауында Баянның ерлік қылықтары, іс-әрекеті баяндалады. Баян бұл жерде өзінің кінәсінан арылу үшін Ноян мен қалмақ қызын есіне алып отырып, ауыр дерттен арылмақ болып, жауға қарсы щаппақ болып Абылайға келеді.Ордаға жақындағанда топ «Баяндап» қарсы алды. Бұлда батырға көрсетілген ерекше құрмет