Dmitrii sergei463
?>

Тест керек казакша казакстан тарихтен жазып берiн дерш 20сы керек​

Казахский язык

Ответы

dilanarthur27

ответ:тарих әлемі

1. «Тарих» сөзін алғашқы қолданған кімдер?

а/парсылар  б/арабтар  с/гректер

2. «Тарих» сөзі қандай мағынаны білдіреді?

а/ «шежіре»  б/зерттеу  с/жазу

3. «Шежіре» сөзі қандай мағынаны білдіреді?

а/ тарих  б/рухани қазына с/ зерттеу

4. Жазба тарихтың негізін салушы кім?

а/ Сыма Цзянь  б/ Геродот  с/ Рашид ад-Дин

5. Тарих атасы кім?

а/ Сыма Цзянь  б/ Геродот  с/ Рашид ад-Дин

6. Шығыста тарих атасы кім?

а/ Рашид ад-Дин  б/Сыма Цзянь  с/ Геродот

7. 130 тараудан тұратын «Тарихи жазбаларды»

(«Ши цзи») қалдырған кім?

а/ Геродот  б/Сыма Цзянь  с/Рашид ад-Дин

8. 1247-1318жж өмір сүрген тарихшы Рашид ад-Диннің еңбегі қалай аталады?

а/ «Жами ат-тауарих» б/ «Тарих» с/ «Тарихи жазбалар»

9. Қазақстан тарихы неше кезеңге бөлінеді?

а/2  б/3  с/4

10. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының шеңберін анықтаңыз.

а/VІ-XVІІғғ   б/XVІІ-XIXғғ    с/XXғ бастап бүгінгі күнге дейін

 

Тарихтың қайнар көзі деректер

 

1. Тарихи аңыздар мен шежірелер қандай дерек көзіне жатады?

а/жазбаша б/ауызша с/антропологиялық

2. Мемлекеттік және сауда құжаттары қандай тарихи деректерге жатады?

а/этнографялық  б/ жазбаша   с/ауызша

3. Тыйындар,құйма ақша кесектері т.б. ескерткіштер арқылы тиын соғу, ақша айналымы тарихын зерттейтін көмекші тарихи пән қалай аталады?

а/геральдика  б/нумизматика  с/антропология

4. Елтаңба тану ғылымы, елтаңбаларды арнайы деректеме ретінде зерттейтін қосалқы тарих пәні қалай аталады?

а/этнография  б/  геральдика  с/нумизматика

5. Адам қаңқасын зерттеу арқылыадамның дене бітімін, сипатын анықтайтын тарихтың бір саласы қалай аталады?

а/антропология б/этнография  с/нумизматика

6. Халықтың тұрмыс тіршілігі мен салт-дәстүрін зерттейтін ғылым?

а/ономастика  б/топонимика  с/этнография

7. Пикторграфия деген не? а/тасқа,қышқа жазылған сурет жазулар б/папирустағы жазу  с/көне түрік жазуы

8. Қазіргі біз қолданып жүрген әріптерді ойлап табушылар? а/гректер б/финикиялықтар  с/ежелгі түріктер

9. Атаулар тарихын зерттейтін ғылым? а/мұрағат б/ономастика с/археология

10. Археология-

а/адамзаттың өткен тарихын қаңқа сүйектер арқылы зерттейтін ғылым б/ адамзаттың өткен тарихын заттай деректер арқылы зерттейтін ғылым с/ жер-су атауларын зерттейтін ғылым

 

Объяснение:Тарих әлемі

сұрағы жауабы

1 Б

2 Б

4 Б

6 Б

9 С

Адамның жаратылуы

сұрағы жауабы

1 А

2 Б

4 Б

5 А

6 Б

7 А

8 Б

9 Б

10 А

roman-fetisov2005

1969-1970 жылдары Алматы облысы маңынан табылған "Алтын адам" алыс-жақын елдерді елең еткізгені анық. Археолог Кемел Ақышев Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесін тапты. Тарихи жәдігердің киімі 4 мыңға жуық алтын әшекеймен безендірілген.

Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін "хайуанат нақышында" жасалған. Бассүйектің сол жағынан жақұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 сантиметр шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар - ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.

Semenova1719
Қазақ халқының ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі – халықтың ауыз әдебиеті.

Жазу – сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүние танудағы көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең-жыр, ертегі-әңгіме, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі яғни ауыз әдебиеті деп атаймыз. Бұдан, әрине, ауыз әдебиетін көп адам бірлесіп отырып шығарған деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиетінің қандай үлгілерін болса да әуел баста жеке адамдар шығарған. Бірақ ерте кезде, жазу өнері болмағандықтан, ауыз әдебиетін шығарушылардың аттары хатқа түспеген, сақталмаған.Кейіннен тек заман талабына сай жазу пайда болды.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Тест керек казакша казакстан тарихтен жазып берiн дерш 20сы керек​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*