Объяснение:
Қысы-жазы осы үйде қараңғы, ешкім тұрмайтын секілді.
Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет.
Кішкентай бөпе топ-топ жүгіремін деп құлай жаздады.
Салт-дәстүр - ата-бабаларымыздан бізге қалған даналық пен байлық.
Ол өзінен-өзі ренжіп, шалынып құлады, оған ешкім тиіскен жоқ.
Әр а ақ-қараны ажырата білуге үйретуі тиіс.
Көрші қыз кеше есікті қайта-қайта тарс-тұрс жауып ұйқы бермеді.
Жұмақтың кілті ананның аяғын астында деп бекер айтылмаған.
Жұрт не айтады деп қаншама адамдар қалаған армандарымен қоштасты.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мəтіндегі ескмдіктерді кестеге түсіріңдер
Жеті ата туралы диалог құрастыру.
Баласы: Әке, жеті ата деген кім? Оларға қандай туысқандарды жатқызуға болады.
Әкесі: Балам, жеті ата – қазақ халқының ежелден келе жатқан шежірелік жүйесі. "Жеті ата" дегеніміз - 1) Бала, 2) Әке, 3) Ата, 4) Арғы ата, 5) Баба, 6) Түп ата, 7) Тек ата.
Баласы: Демек, жеті атаның барлығы да бір кісіден тараған туысқандар дегенді білдіреді ғой?
Әкесі: Ия, дәл солай. Сонымен қатар қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспайды, осынын есте ұста, балам. Сондықтан болар, халқымыз «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген.
Баласы: Жақсы, әке. Есте ұстаймын. Бүгін "Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер. Жеті атасын білмеген, құлағы мен жағын жер" деген мақалды естіп, өз жеті атамды білмейтінімнен қатты ұялдым.
Әкесі: Демек, білетін кез келген болар. Онда жазып ал, кейін жаттап аласың. Өзіңнен бастап, жеті атаға дейін таратылады. Еркебұлан – Қанатбек – Тұрсын – Есім – Айдарбек – Қуандық – Тілес.
Баласы: Рахмет, әке. Жазып алдым. Енді жаттап алып, біреу сұрай қалса, біліп жүретін боламын. Жеті атаны әрбір қазақтың баласы білуі керек деп ойлаймын.
Әкесі: Дұрыс айтасың әрбір қазақ жеті атасын білуге міндетті. Бұл – отбасылық тәлім – тәрбиенің негізі.