Ұнатқан кітабыңды кітапханадан алып оқыған кезде төмендегі ережелерді есте сақта:
1. Кітапты берілген мерзімінен кешіктірмеуге тырыс. Оқып біте алмасаң, алдын – ала кітапханашы апайға айтып, кітапты қолдану уақытын создыруды ұмытпа.
2. Бұл кітапты тағы басқа да оқушылар оқитындықтан, ұқыпты қара. Кітап беттерін жыртпай, бүктемей, ішіне ешқандай сурет немесе белгілер салмай алған қалпыңда қайтар.
3. Егер сәл жыртылған жерін байқасаң, қолыңнан келсе, желімдей сал. Немесе кітапханашы апайға ескертіп қой.
ocik1632933
21.07.2020
Жиренше шешен
Дүниеде не өлмейді? kz201503.12.20150159200 Әз Жәнібектің алпыс биі болған екен. Бір жолы хан билеріне: «Дүниеде не өлмейді?» — деп сұрақ қойғанда, алпыс биі бір ауыздан былай депті:
Ағын су өлмейді, Асқар тау өлмейді, Аспанда ай мен күн өлмейді, Әлемде қара жер өлмейді.
Сонда Жиренше шешен бәріне қарсы шығыпты:
Ағын судың өлгені, Алты ай қыста қатқаны. Асқар таудың өлгені, Басын бұлттың жапқаны. Ай мен күннің өлгені, Еңкейіп барып батқаны. Қара жердің өлгені Қар астында жатқаны. Ажал деген атқан оқ, Бір алланың қақпаны. Дүниеде не өлмейді? Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді.
Кітапханадан кітап алу ережесін құрау.