Мен өзімнің туған жерімді мақтан етемін және оның алдындағы перзенттік борышымды өтеуге әзірмін. Туған жерім менің тұлға болып қалыптасуына өз әсерін тигізді. Әркімнің туған жері — Мысыр шаһары демекші өз туған жерім өзіме ыстық. Дүниенің қай бұрышында жүрсеңде туған аймағында өткен күндер есінен кетпейді. Онда өткізген балалық шақ, аяулы мектебім, ұлағатты ұстаздарым, оның тұрғындарының жайдарлы жүздері, менің жан достарым, асыр салып ойнаған көк орай шалғын, анамның қара қазанда пісірген бауырсағы, мереке сайын жайылатын дастархан осының бәрі күні кешегідей көз алдымда. Қанша биік белес бағындырсақта, торқалы туған жердің құдіретінен аса алмаймыз.Туған өлкем әр ісіме шабыт береді, мұнайған кезде көңіліме жұбаныш болады, өмірдің қатал сыңына ұшырағанда да осы жерден пана табамын. Мыңдаған тағдырларға куә болып, қойнауы сырға толы бұл мекен менің арманыма қанат бітіреді. Дүниеге шыр етіп келгеннен анамның ыстық махаббатымен сезінген туған жерге деген махаббатым ешқашан жүрегімнен сөнбес.
fucksyara
26.01.2023
Ерте ерте ертеде, азуы алты қарыс хан болыпты. Хан Европаны кірпік қаққанша басып алғысы келді. Осы жайды естіген Европа билеушісінің қаны қайнап, қалайда болмасын тойтарыс беріп, жеңуді көздейді. Европа билеушісі Дала елінің ханымен қырық пышақ болып, соғыс бастап кетеді. Құрығы ұзын Европа билеушісі көп ұзамай өзінің мықтылығын дəлелдей түседі. Ұлы Даланың ханының көкесін танытып, кері шегінуге мəжбүр етеді. Дала ханының зығыры қайнап, 2 күн ішінде қайрауы жеткен жауынгерлерді жинап, тағы да соғыс жасауға бел буады. Хан соғыс жасап, Европаны өзіне бағындырып алады. Сөйтіп Дала билеушісі бақытты да баянды ғұмыр кешеді