Әлеуметтік желілердің бала психикасына кері әсері
Заман ағымына қарай бүгінде екі адамның бірінде ұялы телефонның жүргені белгілі. Рас, оның ішінде не керектің бәрі бар. Мәселен: сағат, күнтізбе, есептеуіш, сурет пен видеоға түсіру, есте сақтау, қалаған өлеңді жазып алу, тыңдау және басқасы. Шынымен қазір осы бір кішкентай заттың көмегінсіз ешнәрсе шеше алмайсыз. Ең кішісі, керек адамыңызды да қаланы шарламай-ақ, осының көмегімен тауып аласыз. Әрине, мұны шығарған адамдар оны әу баста ел игілігі, байланыстың тиімділігі үшін ойлап тапқан. Ал біздің ата-аналар жасыратыны жоқ,осынау алақанға сиып кететін телефонды есін білмейтін жас балаларға ойыншыққа беріп қояды. Оны ұстаған бала алдымен аузына салады. Ал оның іші-сыртында бала саулығына зиян келтіретін заттар да баршылық. Меніңше, мұны барша ата-ана ойлауы керек. Көптің пікіріне сүйенсек, телефон, ең алдымен, байланыс, яғни сөйлесу құралы.
Объяснение:
дурыс
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Составить долог на казахском языке по картинкам!