Объяснение:
Сюжет (фр. sujet - зат) - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі. Сюжеттің негізі - өмірлік тартыс, конфликт, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы қақтығыс. Ол тартыс, конфликт - әр түрлі адамдардың көзқарасындағы қарама-қайшылық. Мұндай кайшылықтар әр түрлі әлеуметтік топтардың ымырасыз күресі, таласы үстінде қандай айқын бой көрсетсе, сонымен қатар, баяндалған оқиға, жағдайларға кейіпкерлердің әр түрлі қарап бағалауынан да жақсы аңғарылады. Кейіпкерлердің қақтығысы қалайда қоғамдық өмірдегі күрес-тартыспен қабысып жатады, жеке адамдардың іс-әрекетінен, тағдырынан оқырмандар заманның, дәуірдің шындығын көріп, әлеуметтік қайшылықтардың сырын ұғады. Шығармадағы қақтығыстартыстың өрістеп дамуы үстінде кейіпкерлердің қимыл-әрекеттері, ой-сезімдері, сөздері арқылы олардың характері ашыла, айқындала түседі. Сюжеттің жүйелі тұтастығы да, жекелеген сәттері, яғни бастамасы, шиеленісуі, шарыктау шегіне жетуі және шешілу-аяқталуы да өмірлік тартыс, қайшылықтың даму-өрістеу заңдылықтарына сәйкес келіп отырады. Оқиға желісі болған соң, тартыс болған соң оның қандай да болсын бастауы, өрістеп, шиеленісіп, ширығатын кезі, аяқталуы болатыны түсінікті. Және мәселе оқиғаның жай аяқталуында емес, көркем шығармадағы қактығыстар, жеке сурет-картиналар арқылы толысып, мағынасы кеңейе түсетін оқиға тізбегі бара келе логикалық тиянақтылық тауып, негізгі шиеленістің түйіндері шешіліп, бәрі-бәрі бір арнаға құйылып барып тынуы, сол арқылы шығарманың негізгі идеясы өсерлі толық ашылуы аса қажет. Сонымен бірге сюжеттің беташары ретінде аңдату (пролог), ал соңында (эпилог) суреттемелер де беріледі. Олардың болуы шартты емес, тек қажетті деп саналса ғана. Сюжеттің аталған тұстары, өз алдына оқшауланып көрінетін бөлшектері үнемі бір қалыппен жасалмайды, өмірдегі нақтылы жағдайларға орай сан түрлі болып құбылып өзгеріп отырады. Сюжеттің мағыналық мүмкіндігі баяндалатын, оқиғаға катысатын кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінезбітімі, яғни, характерлерінің бейнеленуі арқылы ашыла түседі. Қалай десек те, Сюжет пен кейіпкерлер, олардың характерлері арасындағы тығыз байланыс, сабақтастық бар. Өйткені оқиға дегеніміз - адамның басынан кешетін жағдайы немесе бірнеше адамдардың қарым-қатынасының көрінісі. Ал, адамның мінез өзгешелігі, характері оның істеген ісінен, қимыл-әрекетінен айқын танылатыны талассыз. Ал кейбір шығармаларда кейіпкерлердің характеріне, мінез-құлқына тереңірек бойлап, өмір шындығын ашып көрсетудің орнына, баяндалып отырған жағдайларды ешбір зерлеп, зерттеп жатпай, оқиға желісінің өзін қызықтап, соның ізін қуып кету де кездесетінін мойындауымыз керек. Бірақ бұл көркем өнердің талабы емес, көбінесе жазушының талғампаздық, шеберлігінің жетіспеуінен болады. Сюжетті қызықтау, оқиғаны қыздырмалап, бірыңғай баяндау детективтік жанр шығармаларына ғана болмаса, басқа әдеби туындыларда ұтымды болмайды. Көлемді шығармада оқиға желісі бірнеше тарауға бөлініп, қатарласа өрбіп, бір-бірімен жалғаса келіп, бір арнаға құйылады. Сюжеттің аяқталуы, бітуі дегеніміз - баяндалып отырған оқиғалардың бір арнаға сайып, өз шешімін табуы. Алайда, сюжеттің аяқталуы, тиянақтылығы әр шығармада әр түрлі. Көп жағдайда шығармадағы оқиғаларды одан әрі ұластырып, жалғастыру мүмкін болса да, жазушы баяндауын соза бермей, қайырады. Өйткені оқиғаға қатысты кейіпкерлердің өмірін үнемі сарқа баяндау мақсат емес. Жазушы бір не бірнеше оқиғаны суреттеу арқылы кейіпкерлердің характерін, мінез-бітімін айқын айтып көрсетуі ықтимал. Неғұрлым кейіпкерлердің мінез-құлқы, бейне тұлғасы дараланып, әсерлі көрінсе, солғұрлым шығарманың сюжеті тиянақты аяқталғандай сезіледі. Романдарда оқиға бір-біріне ұласып, жалғасып кете береді де, оқырман шексіз, шетсіз өмір ағысын көріп отырғандай әсер алады. Кейде тіпті шығарма аяқталып біткен тұста да баяндалған кейбір жәйттер, оқиғаның жеке түйіндері толық анықталмай қала береді. Осындай ерекшеліктерді ескеріп, кейде мұндай прозалық туындыларды "ашық роман" деп, басқа топқа жатқызып, тұжырымды аяқталғанды "тұйық роман" деп ажыратып, бөлек қарастырады. Сюжеттің оған өзек болған өмірлік тартыстың әрбір иінінде, бұрылысында оқырманға керегі – дәлел (мотивировка): образ үшін психологиялық дәлел, оқиға үшін логикалық дәлел. Ол жоқ жерде – образ да жасанды, оқиға да жалған.[1][2]
Поиск...
Избавься от ограничений
ПОПРОБУЙ ЗНАНИЯ ПЛЮС СЕГОДНЯ
chaina004
chaina004
22.11.2016
Қазақ тiлi
5 - 9 классы
ответ дан • проверенный экспертом
Сан есімдерді құрамына, мағынасына қарай талдап, сөйлем құраңдар. Екі – үш, жүздей, мыңдаған, миллионнан астам, жүз шақты, он – оннан, қырық, отыз, жиырмаларда, сегіз жарым, бесеу, бір мың тоғыз жүз қырық бірінші, оннан бірі, тоғыз, алтау, жүзден екісі, біреу, он төрт.
1
СМОТРЕТЬ ОТВЕТ
Войди чтобы добавить комментарий
ответ, проверенный экспертом
2
saida53
главный мозг
5 тыс. ответов
7.4 млн пользователей, получивших
Ол есік алдына екі-үш түп ағаш отырғызды. Менің ағамның отарындағы қойлар саны жүздей. Бұл концертке мыңдаған адам жиналды. Алматыда халық саны миллионнан астам. Тойға екі жүздей адам шақырғанмен жүз шақты адам зорға жиналды. Тренер бізді он-оннан бөлді. Қазақта қырықтың бірі қыдыр деген мақал бар. Жігіт отыз жасында орда бұзады. Ол үйленгенде жиырмаларда еді. Сабақ сегіз жарымда басталады. Біз топта әзір бесеу болғанымыз бен,әліде қосылғысы келетіндер көп. Бір мың тоғыз жүз қырық бірінші жылы Ұлы Отан соғысы басталды, ол бес жылға созылды. Бұл менің табысымның оннан бірі ғана. Мен тоғыз құмалақ ойнауды үйрендім. Олар басында алтау еді, қазір енді он болды. Қала тұрғындарының жүзден екісі өзге ұлт өкілдері. Сен есікті біреу келсе ашпа, түсіндің бе? Оның бүгін туылған күні, он төрт жасқа толады.
Объяснение:
Міне
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Омогитеиз текста 1 общественный, 1 бытовой вопрос. ұрлық бұрын бір ел болыпты, халқының бәрі ұры екен. кеш батса болды, көршісінің үйіне ұрлыққа түседі екен. ұрылар үйіне келсе, олардың да үйін де біреулер тонап кететін көрінеді. ұрылар елі осылайша өмір сүріпті. бір күні осы елге бір адал кісі көшіп келеді. әлгі кешті өз үйінде кітап оқумен өткізеді. түн болғанда ұрлыққа келген ұрылар шамы жанып тұрған үйден көреді де, өз жөндеріне кетеді. осылайша біраз уақыт өтеді. енді жұрт адал ға ренжи бастайды. адал жұрт тілегіне қарсы келе алмай, ол да кеш бата үйінен кетіп, таң ата оралып жүреді. тек жұрт сияқты ұрлыққа бармайды. ол түнді өзен жағасында аспандағы айға, ағып жатқан суға қарап, көпір үстінде өткізіп жүреді. таңертең үйіне келсе, ұрылар үйін тонап кетеді екен. біраз уақыттан кейін адал кедейге айналады. ал ұрлықпен айналысып жүрген отбасылар байып, ұрлықпен айналыспайтын болады. адал ң үйіне ұрлыққа түскен ұрылар ештеңе таба алмай, кедей бола бастайды. байығандар адал сияқты түнде табиғатты тамашалап, көпір үстінде жүруді әдетке айналдырады. осыдан қала халқы бай, кедей болып бөлінеді. енді бай өздері ұрлық істемейді, бірақ кедейлерге ұрлық істетеді. осылайша байығандар одан әрі байып, кедейлер кедейлене береді. бірте-бірте байлар өздері ұрлауды да, өзгелерді ұрлыққа жалдауды да қояды. бірақ енді байлығын ұрылардан қорғауды ойлайды. содан ақылдаса келіп, сақшы жиып, түрме салады. арада біраз жыл өткенде әлгі қаланың тұрғындары «ұрлық» деген сөзді ұмытады. өздері ұры болса да, енді олар «бай», «кедейміз» дейді екен. сонда баяғы адал ғана өзгермеген еді. бірақ ол да ұзамай өмірден өтіпті. елдің айтуына қарағанда аштан өліпті. 1. мәтіннен 1 қоғамдық, 1 тұрмыстық мәселені анықтаңыз. 1. 2.
ответ:
объяснение:
қоғамдық : ұрлықты доғармаса ол солай жалғаса береді
тұрмыстық : біреудің қамын ойлайсан, өзін түксіз қаласын