Қазақ биі – бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері. Қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы болып табылады. Халықтың көркемдік ойының бір көрінісі ретіндегі би өнері өзінің эстет. болмысында қазақ жұртының жалпы дүниетанымына сай арман-мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін қалыптастырған. Қазақ халқы ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап, өзінің рухани қазынасымен ұштастыра отырып, ғасырлар бойы дамытқан. Қазақ биі халықтың тіршілік-тынысын, адамның табиғатқа көзқарасын, дүниетанымын айшықтайтын өнер ретінде өркендеуде. Қазақ биінің кейбір қимыл қозғалыстары, бақсы-балгерлердің ойындары арқылы қалыптасқан. Олар қобыз аспабымен бірге соқпалы муз. аспаптардың көмегімен де өздерінің бақсылық, балгерлік үрдістерін күшейтіп отырған. Қазақ биі өнері синкреттік түрде дамып, басқа өнер түрлерін насихаттау мен ақпараттық түрде бекіту және кейінгі ұрпаққа жеткізу барысында өзіндік маңызды рөл атқарды. Ежелгі билердің канондық түрлері бізге жетпеген. Бірақ халық арасында би қимылдарын меңзейтін идеялар ұлттық ойындар мен салт-жораларда сақталған, тарихи және этногр. деректерде қалыптасу негіздері барлығы аңғарылады. Жиын-тойларда жұрт көңілін көтеретін күлдіргіш-қуақылардың өнерлерінде би қимылдары мол қолданылды. Қазақ биі көшпелі малшының тұрмыс-тіршілігін, табиғат көріністерін ұлттық таным-талғамға сай көркем бейнеледі. Қазақ биі өнерінің кәсіби деңгейге көтеріліп, сахна төріне шығуы, Қазақ мемл. музыка театрының (қазіргі Абай атынд. Қазақ мемл. академиялық опера және балет театры) шығарм. тарихымен тығыз байланысты (қ. Қазақ балеті). Халық бишісі Ысқақ Быжыбаев Мәскеу қаласында өткен КСРО халықтары билерінің Бүкілодақтық фестивальдеріне қатысып, 1936 ж. екінші жүлдені, ал 1940 ж. бірінші жүлдені иеленді. Биші осы өнер сайысында домбыраның сүйемелдеуімен “Насыбайшы” және “Масқарампаз Қара жорға” билерін билеген. Халық биін тұңғыш кәсіби сахнаға шығарған таланттардың қатарында Ш.Жиенқұлова мен Ә.Ысмайлов болды. Бұл екі өнерпаз да арнайы би мектебінен өтпей-ақ кәсіби би өнерін шебер меңгерген.[1] Қазақ халқының алғашқы кәсіби бишісі Жиенқұловадан бастау алған би өнері бірнеше ұрпақтың рухани байлығына айналды. Жиенқұлова – 1936 ж. Мемл. филармония жанынан би ансамблін құрды. Халық биінің тез қарқынмен дамуына 1955 ж. құрылған Мемл. ән-би ансамблі зор үлес қосты. Ансамбльді реж.-хореограф. Л.Д. Чернышова, комп. Б.Байқадамов, балетм. А.Бекбосынов ұйымдастырды. 1989 ж. құрылған “Салтанат” би ансамблі М.Төлебаев, Байқадамов, Л.Хамиди, С.Мұхамеджанов, Н.Тілендиев, Е.Рахмадиев, Ғ.Жұбанова, т.б. композиторлардың шығармаларын сахнада бейнеледі. “Саяхатта”, “Алатау баурайында”, “Жайлауда”, “Аққу қыздар” вокалды-хореогр. композициялармен бірге “Кілемшілер”, “Жігіттер биі”, “Бүркітші”, “Қос алқа”, “Асатаяқ”, “Биші қайың”, “Шолпы” және “Салтанат” билері ансамбльдің шығарм. бет-бейнесін айқындады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
94 бет 5 жаттығу 1 бөлім қазақ тілі 3 класс
Ақмарал анасымен бірге орталық базарға бара жатқан. Жолда, үйдің бұрышында сүйкімді ақ кептер отырғанын көріп қалды. Біреуден жәбір көрген сияқты. Көздері жәудіреп ары-бері өткен адамдардан мейірім күтетіндей. Кішкентай қыз қорғансыз құсқа жақын барды. Жайшылықта ұша жөнелетін кептер қозғалмайды. Жуас. Монтаны. Ақмаралдан үркектеп, аттап секіруге талпынғанымен ұзаған жоқ.
— Қызым абайла! Ауру болып жүрмесін, — деп анасы ескерту жасады.
— Қараңызшы анашым! Қанаты сынық, содан ұшпайды! — Ақмарал мұңайды.
— Нәзік жүрегіңнен айналдым! Уақыт шығындап қайтесің, біз асығыспыз.
— Жоқ, анашым, көмектескім келіп тұр. Қандай сүйкімді! Түрі де әппақ! Біз қол ұшын бермесек, өліп қалады... Әйтпесе иттер жеп қояды...
— Жарайды, меселің қайтпасын, — деді анасы қызының өтінішін жерге тастамай.
Ақмарал мен анасы екеуі кептердің тыпырлап, қарсыласқанына қарамастан қолдарындағы сөмкеге басын қылтита салып алды да, автобусқа отырып қала ортасына тартты. Сұрай-сұрай жан-жануарларды емдейтін дәрігерлік клиникаға келді.
Кезекші дәрігер кептерді тексеруге ішке алып кетті.
— Жазылса екен, — деді уайымшыл Ақмарал мұңайып.
— Жазылады, ұшады әлі, — деді анасы кішкентай қызын бауырына қысып, жасаураған көзінен сүйіп.
— Шын айтасыз ба?! Сынған қанатын қалай емдейді?
— Ота жасайтын шығар. Сәл сабыр ет қызым.
— Мақұл.
Арада он-он бес мүйнет өткенде жүзі жайдары дәрігер көрінді:
— Дәл уақытында әкелдіңіздер, ота жасайтын болдық.
— Алақай! Ақ кептер ұшады! — Ақмаралдың көңілі аспандады.
— Дұрыс айтасың қызым! — деді дәрігер тәте де қуанып. — Ұшады әуелеп. Осылай тұрасыздар ма? Бір айналып келіңіздер.
— Ешқайда барғым келмейді, — деді Ақмарал. — Күте тұрайықшы анашым.
— Ұмытып барады екенмін, кептердің иесі сіздер ме?
— Көшеден таптық. Қанатының сынғандығын байқаған қызым, қоярда-қоймай осында әкелгізді. — Ақмаралдың анасы шынын айтты.
— То ыздар да болады, өзіміз қамқорлыққа аламыз.
— Үйге алып кетейік, қалдырмайықшы кептерді, — деді Ақмарал қиылып.
— Жүрегің жұмсақ екен қызым! Құс та болса жақсылық жасауға құштарлығың құптарлық іс! Олай болса, күте тұрыңыздар, — деді ақ халатты тәте күлімсіреп.