bogdanyukn562
?>

1. бастауыш дегеніміз не? сұрақтарын жазыңдар. мысалдар келтірілерv2. сөздерге көптік жалғауларын жалганлар.кө сүлгі ужсылм, кура, а да орамаv 3. сөйлемді дұрыс құрастырыстара) барамын, мен, ертең, мектепкеә) сабағы, болады, сурет, бүгінб) кейін, қыстан келеді, көктемv4. берілген сөзді тәуелдеңдер.қалам.менің қбіздің қаламсенің қсендердің қаламсіздің қсіздердің қаламоның қолардың қалам5. қыс, күз айларын жазыңдар. ​

Казахский язык

Ответы

alenih13

V2

көбелектер

сүлгілер

V3

а)Мен ертең мектепке барамын

ә)Бүгін сурет сабағы болады

б)Қыстан кейін көктем келеді.

V4

Менің қаламым

Сенің қаламың

Сіздің қаламыңыз

Оның қаламы

Біздің қаламымыз

Сендердің қаламдарың

Сіздердің қаламдарыңыз

Олардың қаламдары

vtarasyuk

Менің әжемнің қолынан көп нәрсе келеді. Оның сүйікті ісі — тоқыма тоқу. Ол жас кезінен жүн түтіп, ұршық иіріп, кеудеше, қолғап, т.б. бұйымдар тоқып үйренген. Сол өнерін маған да үйретті. Сонымен бірге іс тіккенді де жақсы көреді. Әжемнің шашы ұзын, бұрымын өзі жақсы қылып өріп алады. Әжемнің сүйікті тамағы — қазақша ет. Оның иісін бұрқыратып өзі асқанды жақсы көреді. Сүйікті сусыны — қымыз, шұбат, шай.

Менің әжем қазақ ауыз әдебиетінін көптеген ертегілер, аңыздар біледі. Кішкентай кезімде өзге әжелер сияқты маған да ертегі айтып ұйықтататын. Ол пайғамбар жасынан бері намаз оқиды. Бізге әрдайым ақыл-кеңесін айтып отырады. Мен әжемді өте жақсы көремін. Асыл әжеме ұзық ғұмыр тілеймін.

sokolowskayaa
Төлеген Айбергенов Ана Арманыңды ақтарам ба жүрегімде тербесем, Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен. Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем, Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен. Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен, Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен. Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған, Әр кез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман. Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін, Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім. Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде, Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде, Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан, Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам. Бұл дүниеге онсыз-дағы кеткен жоқ па көп есең, О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен! Тасбауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де, Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе? Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен, Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген. Анаң саған керек болса, балаңа да сен керек, Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек. Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға, Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда. Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы, Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы. II Білмедім мен, сен әйтеуір ораласың көп тілге, Киелі сүт құдіретімен әлде есейіп кеттім бе? Ана десе әйтеуір мен өзге сөзді есітпен, Құлағыма үн келеді қоңыраулы бесіктен. Құлағымда ол үн менің көрген емес толастап, Өйткені сен жылауыма қарсы болдың о баста-ақ.. Бүкіл әлем шуларына жіберді де сүңгітіп, Өзің қаққан қоңыраудан кетті маған тіл бітіп… Қоңыраулардың үні мені жетектеді қиянға. Қоңыраулардың үні мені шомдырды сан қиялға. Тұтқасынан ұстамақ боп дария – білім есіктің, Мектеп бардым, онан да мен қоңырау үнін есіттім. Ұстаз болдым. Сөз сөйлетті болашақтың мінбері, Көз алдымда қызыл ала қызғалдақтар гүлдеді. Дәл бүгін де нұрлы ертеңнің қоңырауы етіп тұр мені, Өміріме өзің қаққан қоныраудың үндері. Өзің қаққан қоңырауда өмір жыры бар екен, Оның үні тарқамайтын болды менің мерекем. Сол үнменен тыным таппай бақытымды күреймін, Өйткені мен мерекемнің тарқамауын тілеймін.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

1. бастауыш дегеніміз не? сұрақтарын жазыңдар. мысалдар келтірілерv2. сөздерге көптік жалғауларын жалганлар.кө сүлгі ужсылм, кура, а да орамаv 3. сөйлемді дұрыс құрастырыстара) барамын, мен, ертең, мектепкеә) сабағы, болады, сурет, бүгінб) кейін, қыстан келеді, көктемv4. берілген сөзді тәуелдеңдер.қалам.менің қбіздің қаламсенің қсендердің қаламсіздің қсіздердің қаламоның қолардың қалам5. қыс, күз айларын жазыңдар. ​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

alexluu33
omraleva
inj-anastasia8
maksim1lssah575
vs617
Belokonev286
chapaevval
themolodoy
egorsalnikov1997139
Fedorovich_Aleksandrovich685
Lidburg
armsam76
krimenu5033
AnzhelikaSlabii1705
Mikhail_Magomed635