Borisovna24
?>

Напишите текст про коула спроуса 90 слов, на казахском. ​

Казахский язык

Ответы

erere4443
Біз Астанамыз мерекесін міндетті түрде тойлаймыз. Себебі ол біз үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл мерекеде еліміздің түкпір-түкпірінде әртүрлі шерулер болады. Мысалы ұлттық аспаптағы оркестрлер ойнайды. Одан басқа өнер тарландары мерекелік концерттер қояды. Және тағы ұлттық өнерлер көрсетіледі. Қол өнерлер көрмесі болады. Және мерекелеу күнінің соңында міндетті түрде от шашу болады. Маған бұл мереке қатты ұнайды. Себебі осы мереке сайын біздің қаламыздың жасына бір жас қосылып отырады. Жәнеде осы бір жас сайын біздің Астанамыз көркейе түседі.
tanyashevvvv

Астана - менің мақтанышым.

Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз жас та болса, болашағынан зор үміт күттіретін қала.

Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі. Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда.

Астана күн өткен сайын қарыштап дамып келеді. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, болашақтың қақпасы деп көз тігіп отыр. Шетелдіктер қызыға қарап, еліміздің беталысын жіті бақылап отыр. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесінің де Астанада өтуі тегіннен-тегін емес. Ол Елорданың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқанын, мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын және даму келешегінің кемелдігін айғақтайды.

Мен өз болашағымды елімнің бас қаласы Астанамен байланыстырамын. Осы жерде орналасқан іргелі оқу орындарының бірі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алғым келеді.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Напишите текст про коула спроуса 90 слов, на казахском. ​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*