Еңбек - адамға өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы.Адам өмірі еңбекпен тығыз байланыста болады. Жалпы, еңбек адамның табиғи жетістігі болып саналады.
Қазақ халқы қашан да еңбекке аса үлкен мән беріп, бала тәрбиесінде де еңбекқорлықты маңызды санаған. Бұған дәлел ретінде «Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек мұратқа жеткізер», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады»,- деген мақалдардан еңбектенудің адамдарға қажетті нағыз байлық екендігін аңғаруға болады. Ал еріншектік, жалқаулық жақсы қасиетке жатпайды. Тіпті ұлы дана Абай атамыз да еріншектікті бес дұшпанның біреуі санаған.
Сондықтан балаларды кішкене күнінен еңбекке құштар қылып тәрбиелеп, адал еңбекпен тауып жеген нанның тәтті болатынына үйрету керек деп есептеймін.Себебі, біз еңбектенудің арқасында көптеген нәрселерге қол жеткіземіз. Мысалы, күнделікті ішіп- жейтін тамағымыз бен киетін киіміміздің өзі еңбекпен келеді.
Адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқына пайдасы берекелі болады. Сондықтан да «еңбек түбі береке» екенін жадымызда ұстаған абзал.
lider-mpl550
30.08.2021
1Әуелгі байлық — ден саулық, Екінші байлық — он саулық, Үшінші байлық — ақ жаулық. 2Денсаулық — зор байлық.
3Жарлының байлығы — Дәнінің саулығы. 4Бас аманда мал тәтті, Бас ауырса, жан тәтті. 5Өлгенге өкпе жүрмейді. О дружбе 1Дос — ажарың, жолдас — базарың. Азаматпен дос бол, қадіріңді біледі.
2Айрылғысы келген дос аяулыңды сұрайды. Айрылар дос ердің артқы қасын сұрайды.
3Айрылмастай досыңа қайрылмастай сөз айтпа.
4Айтулы достың малы бір, кемедегінің жаны бір. 5Ауыр сөз айтқан дос емес.
6Босқа бергенше досқа бер.
7Бір пайдадан кешкен мың кісімен дос болады.
8Дәмді болса - достық қымбат, Мәнді болса - жастық қымбат.
7"Ақ Еділдің өзі болмасақ та бұлағымыз, Ақылды бастың өзі болмасаң та қүлағымыз".
8Ақыл ағадан, ілтипат ініден.
9Ақыл адам көрігі, ақылдың сабыр серігі.
10Ақыл азбайды, Әділдік тозбайды,
11Арамдық озбайды.
12Ақыл айнымас, алтын шірімес.
13Ақыл айтсаң батыл айт.
14Ақыл — алтын сандық, адамына қарай ашылар.
15Ақыл — арман, ой — өріс.
16Ақыл ауыздан, мерей көзден. О ДОБРОТЕ1Жақсылыққа жақсылық — әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық — ер кісінің ісі. 2Қайыр бар жерде ырыс бар. 3Қайыр қылсан, бүтін қыл. 4Жақсылық суға батпас, жарыққа бір шығар, жатпас. 5Жақсылық жерде қалмайды. 6Жақсылық — жүректен, жамандық — білектен. 7 Жақсылықтың ерте-кеші жок
Еңбек түбі береке.