Күз – бұл өте тамаша мезгіл. Күз мезгілі адамның көңіл-күйі секілді құбылмалы. Бірде жаңбыр жауып жатса, енді бірде күн шайдай ашылып тұрады. Күзде білім күні басталады. Бұл күнде енді мектеп табалдырығын аттайын деп жатқан кішкентай балалар қуанады. Олар үшін бұл күн өте ерекше. Жалғыз кішкентай балалар үшін ғана емес, біз үшін де бұл күн өте ерекше. Себебі, бұл күнде біздің өмірге деген көзқарасымыз ашылып, әлемді тани бастаймыз. Күз мезгілінде жапырақтар сарғайып, айнала алтын түске боялады. Жерге алтын кілем төселгендей болады. Арасында шыршалар ғана түсін өзгертпеген. Барлығы әсерлі, өте керемет. Құстар жылы жаққа ұшып барады, ал балалар аула жұмысын бөлісіп тазалауда. Кейбіреулері жеміс-жидек жинаса, біреулері ауланы түскен жапырақтардан тазартуда. Балалар әрі еңбек етіп, әрі ойын ойнауда.Барлығы көңілді. Жануарлар да қылышын сүйретіп келе жатқан қысқа дайындалуда. Қоян, қасқыр, түлкі сияқты жануарлардың жүндері қалыңдай бастайды. Адамдар да қызу еңбек үстінде. Диқаншылар егіс даласында дән жиса, ауыл адамдары отын, көмірлерін түсіріп, қыстан қысылмай шығудың қамын жасауда.
Осы мезгілде бізде «күзгі бал» атты байқау болды. Біз өзіміздің тамаша өнерімізді көрсеттік, және де түрлі дәнді-дақылдар мен жеміс-жидектерден керемет туынды жасап шығардық. Басқа сыныптың оқушылары да неше түрлі жемістерден керемет нәрселер жасады. Біз үшін бұл байқау өте керемет өтті. Бәрі де көңілді болды. Күз кереметі осы шығар деп ойлаймын.
Объяснение:
Болама?Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді жалға. күшейтпеліүстеуді тап.қажетті сөздер: пайыздан, қоймасының, тұнық, ауызсу, ағыны, тола, пайланған.1.жаһанда мәселесі өте маңызды болып отыр. 2. қазақстандағы судың40 астамы көрші мемлекеттерден келеді. 3. 8 өзен бассейнінің су біреуіғана — трансшегаралық өзен емес. 4. еліміздегі 8 жарым мың өзеннің көбі —емес. 5. олар – таудан ағатын кішкентай өзеншелер. 6. көктемде ағады.7. ең қатты өзен — ертіс.
ЖаҺанда ауыз су мәселесі өте маңызды болып отыр.Қазақстанда судың 40 пайыздан астамы көрші мемлекеттерден келеді.8 өзен бассейнінің су қоймасының біреуі ғана трансшегаралық өзен емес.Еліміздегі 8 жарым мың өзеннің көбі-тұнық емес.Олар таудан ағатын лайланған кішкентай өзеншелер.Көктемде тола ағады.Ең ағыны қатты өзен-Ертіс.