Құстар өзгеше болып жаратылған құбылыс иесі. Бейне біздің аспан Әлеміндегі қорғаушымыз сияқты. Сияқты емес солай да. Себебі көк аспан олардың туған мекені. Көкті құссыз, құсты көксіз елестету қиын. Біздің көгімізде құстар сайрап жүрсе, жердегі адамдар да тыныш, бейбіт өмір сүре алады. Біз көкке қарағанда көзіміз ең әуелі ұшқан құсқа түседі. Көп жағдайда күйкі тірлікпен олардың тыныс - тіршілігіне мән беріп, тіпті көкке көз тастап, бір де қарамаймыз. Ал, олардың көкте ұшқанын, жерге қонғанын зер салып, бақылап қарайтын болсаң, олар бейне бір жұмбақ құбылыс сияқты. Ешнәрсені ашып айта алмайды. Қуанышы да, реніші де ішінде сияқты. Бір құдіретті күшің болып, құстардың тілін меңгеріп алсаң, яғни құстардың тілін түсінер болсаң, тіпті басқаша әлемде өмір сүрген болар ма едік. Өзім солай ойлаймын, себебі, құс киелі жануар.
Құстар қос мекенділерге жатады. Яғни жер де, көк те құстың мекені болып саналады. Көк - құстың еркін мекені. Ал жерде көктегі сияқты емін - еркін сайраңдай алмайды. Себебі жерде оларға төнетін қауіп көп. Құстарды көбіне жердің бетінде жүргенде бірден ұстап алу қиын. Себебі құстар көп жағдайда адамдардан үркіп тұрады. Солай үйреткен де. Кейбір адамдар құсты ебін тауып ұстап алса, оларды ойыншыққа айналдырып, алғымына жіп байлап, қанатын кесіп қорлағысы келеді де тұрады. Құстарды үркек қылып қойған өзіміз. Олар неге адамдарды көрсе үрке қарайды? Олар өте сезімтал. Қай жер өзіне құт - мекен бола алатынын ерте бұрын - ақ сезген. Сөйтіп, олар көкте қанаттарын оңды - солды сермеп ұша алады. Өйткені оларға көктен төнетін ешқандай қауіп жоқ.
Орнитология - құстардың дамуы, физиологиясын, жер бетіне таралуын зерттейтін ғылым саласы. Олар зерттеген құстарын мынадай топтарға бөлген. Мысалы, жүгіретін құстар, ұшатын құстар, ашық далалы алқаптардағы құстар, жыл құстары, қыстап шығатын құстар, сұңқартәріздес, тырнатәріздес, жапалақтәріздестер, торғайтәріздестер деп бөлген.
Биолог мамандар құстарға төнген мынандай қауіптер дерегін келтіреді. Яғни, қоршаған ортаның ластануынан, құстардың көптеген түрі жоғалу үстінде. Себебі олардың мекен ететін ағаш жапырақтарына дейін қысқа болып тұр. Ал адамдардың серуені кезінде, құстардың ұяларын бұзып, құстарды үркітіп, мекен - жайларын ауыстыруға әкеліп тірейді.
kalterbrun
10.05.2021
Қазіргі Қазақстан жерін ежелгі а бұдан 1 миллиондай жыл бұрын мекен еткен. Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстан мен Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегі және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар өзінше бір үлгідегі жарқын мәдениет қалдырды. Мұны ғылымда Андрон мәдениеті деп атайды. Ерте темір ғасыры дәуірінде (біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдық ортасы) Қазақстанда тайпалық одақтар қалыптасты. Қазақстанның оңтүстік, шығыс және орталық аудандарын мекендеген тайпалар сақ тайпалар одағына, ал батыс, солтүстік аудандарындағы тайпалар савроматтар тайпалық бірлестігіне бірікті. Біздің заманымыздан бұрынғы 3-ғасырда Қазақстан жерінде кейбір тайпалар өз мемлекетін құрып, алыс-жақын елдермен саяси қарым-қатынастарға түсті. Олардың алғашқылары сюнну (ғұндар) болатын. Зерттеушілер ғұндарды түріктердің арғы ата-бабалары деп есептейді. Бұл бірлестікті Мөде басқарған кезде ғұндар бүкіл әлемге танылды. Ғұндардың батысқа жорығы “Халықтардың ұлы қоныс аударуына” түрткі болды. Жетісуда ежелгі тиграхауда сақтарының жерін мұра етіп алған усундер (үйсіндер) біздің заманымыздан бұрынғы 160 ж. шамасында Іле алқабында өз мемлекетін құрды. Олар Қаңлы мемлекетімен шектесті. Бұл тайпалар құрған мемлекеттер Қытай, Парфия, Рим және Кушан империясы сияқты елдермен саяси, экономикалық және мәдени байланыс орнатқан. Қазақстанды Ресейдің отарлауы 1731 жылы Кіші Жүз ханы Әбілқайырдың Ресейге қосылуынан басталды. Бұл процесс 130 жылдан аса уақытқа созылып, 19 ғасырдың 60 жылдарының ортасына қарай толық жүзеге асырылды. 1731 – 1860 жылдары Қазақстан Ресейге, көбіне сөз жүзінде ғана бағынып, іс жүзінде ру, тайпа билеушілері дербес саясат жүргізді. Патша өкіметі халық көтерілістерін аяусыз басып отырғанымен, елдің ішкі істеріне (сот жүйесіне, ру аралық мәселелерге) араласпады. Ел ішіндегі беделді адамдарға, ру басыларына жалақы тағайындап, әр түрлі атақтар беріп, екінші жағынан әкімшілік реформалар жасап, көнбегендерін жазалау арқылы өз билігін күшейтті. 1822 ж. “Сібір қазақтары туралы жарғы”, 1824 ж. “Орынбор қазақтары жөніндегі жарғы” деген құжаттармен қазақ жерін басқару тәртібі белгіленді. Осы заңдар бойынша Орта жүз бен Кіші жүз хандықтары жойылды. Кіші жүзде хандық биліктің орнына Ресейдегі сияқты әкімшілік басқару жүйесі қалыптасты. Ал Орта жүзде “аға сұлтан” деген басқарушы қызмет енгізілді. Ішкі округтер құрылды. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. 19-ғасырдың басында Хиуа мен Қоқан хандары Оңтүстік Қазақстанға өз бақылауларын орнатты. Қазақтар Қоқан мен Хиуа билеушілеріне қарсы жиі-жиі бас көтеріп отырды. Отарлық езгінің күшеюі, шұрайлы жерлерді тартып алып, бекіністер салу Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысын (1837 – 47) тудырды. 19-ғасырдың 60-жылдарында Қазақстанның Ресейге қосылу үрдісі аяқталды. ық дамуын, әлеуметтік саланы тоқыратты. Сондықтан да қайта құру саясаты жариялылық пен демократияға сенген Қазақстан халқынан кең қолдау тапты. Алайда, 1986 жылғы 17 желтоқсанда орын алған Алматыдағы жастардың демократиялық көтерілісінің қатты қысымға алынғаны тағы да «әлеуметтік» жүйенің жарамсыздығын көрсетті.
ответ:Алихан:Сәлем!
Санжар:Сәлем!
Алтхан:міне футбол ойнап жүрген
Санжар:иә.
Алихан:Кандай футболшылар сен білесің?
Санжар:Мен Месси,Рональдоини,Аршалин,Кайрат т.б.
Алихан:мен де білемін
Санжар:өте керемет!,Салбол!
Алихан:Салбол!
Объяснение: