Бір сәт қиялға беріліп, арманның жетегіне еріп, ертегідегідей алтын балық ұстап алсам, қайтер едім? Қандай тілек тілер едім? деген сұрақтарға жауап іздеп көрейінші...
Әрине, қазіргі материалдық қоғамда ең алдымен ойымызға көп ақша келетіні сөзсіз, себебі қалтаңда ақшаң жеткілікті болса, біраз нәрсеге қол жеткізуге болатыны сөзсіз. Ең бірінші ойыма ақша келгенімен, өмірдегі басты құндылық ақшалай байлық емес, денсаулық пен отбасының амандығы екенін ұмытпаған жөн. Ата - әжелеріміз "ақша - су, бүгін бар, ертең жоқ" демекші, ақша тез жұмсалып кетеді. Сондықтан мен ең алдымен отбасы мүшелері мен өзімнің амандығымды тілер едім. Бұл – бірінші тілегім делік.
Тағы не сұрасам екен? Келесі кезекте отбасыммен әлем елдеріне саяхатқа аттанар едім. Ел аралап, жер көру, басқа адамдар мен мәдениетпен танысу, әрі ағылшын тілін қолданып, үйрену – менің арманым. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады.
Және үшінші тілегім - мектепті ойдағыдай аяқтап, еліміздегі беделді оқу орындарының бірі - С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне оқуға түсуді армандаймын. Бұл мені болашақта ғалым болуға бір қадам жақындатады. Аталған оқу орнын ойдағыдай тәмамдап, білімімді шетелде шыңдап, одан кейін елге оралып, медицина саласын дамытқым келеді.
Егер мен алтын балық ұстап алсам...
Бір сәт қиялға беріліп, арманның жетегіне еріп, ертегідегідей алтын балық ұстап алсам, қайтер едім? Қандай тілек тілер едім? деген сұрақтарға жауап іздеп көрейінші...
Әрине, қазіргі материалдық қоғамда ең алдымен ойымызға көп ақша келетіні сөзсіз, себебі қалтаңда ақшаң жеткілікті болса, біраз нәрсеге қол жеткізуге болатыны сөзсіз. Ең бірінші ойыма ақша келгенімен, өмірдегі басты құндылық ақшалай байлық емес, денсаулық пен отбасының амандығы екенін ұмытпаған жөн. Ата - әжелеріміз "ақша - су, бүгін бар, ертең жоқ" демекші, ақша тез жұмсалып кетеді. Сондықтан мен ең алдымен отбасы мүшелері мен өзімнің амандығымды тілер едім. Бұл – бірінші тілегім делік.
Тағы не сұрасам екен? Келесі кезекте отбасыммен әлем елдеріне саяхатқа аттанар едім. Ел аралап, жер көру, басқа адамдар мен мәдениетпен танысу, әрі ағылшын тілін қолданып, үйрену – менің арманым. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Көмектесіңізші 25 1)байлық- қолға ұстаған мұз2)бақ- ұшқан бір құс3)- артта қалған із4)жүрегің жылы болса, қайғың- күл, қуанышың- от.қысқаша түсіндіру керек, өтінемін ертен қазақ тіліне керек..
Объяснение:
1) Байлық! Осы сөз кейбір жандар үшін қалтаның қалыңдығымен шектеледі. Ал, кейбіреулер үшін байлық мүлдем басқа нәрсе.
Ақшамен сағат сатып алуға болады,
Алайда уақыттты емес!
Ақшамен шен сатып алуға болады,
Алайда сыйластық емес!
Ақшамен дәрігер сатып алуға болады,
Алайда денсаулық емес!
Ақшамен кітап сатып алуға болады,
лайд білім емес! - дейді ұлы даналарымыз.
Сол себепті ақша жанның емес, тек тәннің рахаты екенін түсінейік, достар! Рухани бай болайық, кейін қаржы өзі-ақ келер!
2)
Абайдың қазақ мақал-мәтелдерін сынап жазып, оған өзіндік бағасын бергенін жақсы білеміз. Сол секілді кейбір аталы сөздеріміздің ішінде орынды-орынсыз пайдаланып жүргеніміз бар. Қазақ бәйгеге ат жаратып аламанға қосқан кезде: «бақ шаба ма, бап шаба ма» көрейік дейді. Бұл жерде баптаған тұлпардың бабы да, бағы да келісуі керек. Бір ат сүрініп құлайды, бір ат болдырады. Тұлпар көнбеге жеткен кезде қатпалында келе жатқан ат сүрініп кетіп, жеңіліс тапса, жеңгенің «бағы бар екен, бүгін бағы шапты» деп қолқалап жатады. Бұл аламан бәйге.
3)Ұрпақ жалғастырушы деген мағынада айтылып тұр
4) Яғни, мейірімді болсаң сенен артық жан табылмас. Айналаңдағы адамдарда саған жылуын шашып қарайды.