Махаббат бар-жоғы сегіз әріптен құралған жалғыз сөз. Ал осы сөздің ішінде қаншалықты күш-қуат бар екенін екінің бірі біле бермейді. Бұл жерді аспанға шарықтатып, көк аспанды жерге түсіретін ғаламат күштің иесі. Үлкен, ұлы махаббат көрінгеннің басына қона беретін қасиет емес екен. Бал арасы гүлдің ең әдемісіне, тәттісіне қонғанындай, махаббат та жан-дүниесі кіршіксіз, рухы биік жандарда ғана болады. Тіршілікті гүл десек, махаббат сол гүлдің нәрі. Сондықтан да махббат та ақыл-ойы терең, адамгершілігі жоғары сатыдағы, махаббатты құрметтей, қадірлей білетін пенделерге таңдап қонатын бақыт екен. Ұлы Абай атамыз: «Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңдар» демейтін бе еді!
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Азақ халқының музыкалық аспаптарының мұражайына саяхат жасаңдар.өздеріңе ұнаған аспапқа сипаттама жазыңдар