ответ: Бұл өзекті тақырып. Өкінішке орай екінші астанамыз Алматы ең лас қалалар тізіміне кіреді.Меніңше, қоршаған ортаны таза ұстау үшін мына дүниелерді жүзеге асыру керек.
1. Қоршаған ортаны таза ұстау, қоқыс тастамау т.б. туралы жалпы халықтық мәдениет орнату керек. Бізде қоқыс жәшігіне тастауға ерінетіндер бар. Ал, Еуропа елдері халқында мәдениет қалыптасқан. Олар сағызды біз секілді жабыстырып кетпейді, қоқысты жәшікке тастайды.
2. Көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп отыру керек. Ауаны тазалайтын бірден-бір табиғи құрал болғандықтан ағаштарды көптеп отырғызу артықтық етпейді.
3. Полиэтенді пакеттерді қолданыстан алып тастау керек. Себебі бұл зат не қайта өңдеуге жарамайды, не жою алмайсың (мысалы, қағаз топырақ астына түссе уақыт өте жойылып кетеді), Қолданысқа қағаздан жасалған пакеттерді алып келу керек
4. Ауаны ластайтын зауыт, фабрика түтіндерімен қоса машинадан шығатын зияны заттарда елеулі орын алады. Себебі, қалада көліктер көбеюде. Қаладағы көліктерді реттеу керек. Техникалық жағдайына байланысты шектеулерді арттыру керек.
5. Қоқыс өңдейтін зауыт салу керек. Қаланың шетіне қоқыстарды үйгеннен, екінші ретті өнім жасауға болатын қоқыстарды іріктеп қайта өңдеу зауыттарын ашып, олардың санын көбейту керек
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мамандық туралы эссе жазу(бұйрық рай, шартты рай)
Әдеби сын көркем шығармаға эстетикалық баға беріп, бейнеленген өмір шындығының көркемдік шындыққа қалайша айналғандығын саралайды, оның мән-маңызын түсіндіреді, әдеби өмірдің бүгінгі ерекшелігін айқындап, бағыт сілтейді. Әдеби сынының әдебиет тарихынан бір айырмашылығы ол – бүгінгі шығармаларды талдап, оларға қазіргі кезең талаптары тұрғысынан баға береді. Әдеби шығарманы оқыған адам ол жөнінде өз пікірін, көзқарасын білдіре отыра алмайды. Әдеби сын – оқушыға тура жол көрсететін ақылшы. Сын көне заманда туғанымен, ол көп уақыт авторлардың көркем шығарманы ұнатуы немесе ұнатпауы дәрежесінен аса алмаған. Әдебиеттің жанрлары жіктеліп, өркен жая бастаған сайын Әдеби сынының мақсаты мен міндеті де күшейе түскен. Сыншылдық ой-пікірдің туу, өркендеу тарихы әр кезеңде, әр әдебиетте әр қилы болды. Пушкинге дейінгі орыс Әдеби сыны шығарманың ұнаған, ұнамағын айтудан ара-тұра әсемдік сипатын немесе кемшілік кінәратын көрсетуден әріге бармады. Құлы сыншы Белинский тұсында көркем шығарманың тұтас бітім-болмысына, ой мен образдың бірлігіне, жазушыдың өмір шындығына, заманға көзқарасына назар аударылды. Добролюбов «шыншыл сынды» уағыздағанда, сынның принциптік сиапты айқындала түсті.
Маркстік-лениндік принциптерін дамыту, орнықтыру барысында субьективтік сынмен де, нормативтік, яғни бір қалыптан шықпайтын догматикалық сынмен де күресуге тура келді. Совет әдеби сынының қалыптасу барысында көркем әдебиеттің әлеуметтік мәнін түсінбеген, оның қоғамдық, өзгертімпаздық сипатын танымаған, шығармашылық бостандықтың сырын ұқпаған, түр мен мазмұнның арасындағы диалектік байланыстың құпиясына көз салмаған сектанттықты, «әдебиет автономиялығын» уағыздаған, «өнер – өнер үшін» немесе «өнер – саясаттың құлы» деген теорияларға сүйеген дарындар мен топтардың бәріне қарсы күрес жүргізуге тура келді. Совет әдебиеті адамзаттың көркемдік дамуындағы жаңа бір қадамы болып, ең революцияшыл, ең оздық әдебиетке айналды.
Объяснение:
Осының ішінен керегін көшіріп алсаң болады