juliavovo
?>

Рассказ на тему «астана, мәдениетті қала» на казахском

Казахский язык

Ответы

stratocasterr34

Астана-ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Біздің дәуіріміздің ХІ-ХІІІ ғасырларында Арқада қыпшақ тайпалары көшіп - қонып жүрген. өткен ғасырда археологтар Ақмола жерінен көне қаланың орнын тапты. Бозақ-қазіргі Астанадан небәрі 15 шақырым жерде. Қалашық Х-ХІІІ ғасырларда гүлденіп, Жібек жолы бойындағы сауда орталықтарының біріне айналған. Сондай-ақ Бозақ қыпшақ билеушілерінің елордасы болған. Демек, Елбасымыздың Астана орнын Арқа төсіне таңдауы кездейсоқтық емес, тарихты болжап, болашақты түйген көрегендік. 1996 жылы Ақмола қаласын астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмәнмен қарады. Алайда 1998 жылдың 10 маусым күні тәуелсіз Қазақстан жаңа да жас қала-Астананың атын бүкіл әлемге паш етті.

Етек-жеңін енді қымтап, есін жиған егемен елдің бірегей ұлдары Қазақ елінің болашағы үшін барын шаша еңбек етті. Халқымызда «Басы қатты болса, аяғы тәтті» деген дана сөз бар. Астана дамып, көркейе түсті. Айбынды Астанамыз жарық жұлдыздай жарқырады Астанамыз әр күні жылға татитын, әр жылы ғасырға тең қарқынмен дамудың даңғыл жолына түсті.

1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды.

Астана-сәулеті келіскен алып шаһар. Бас қаладағы ең ғажайып, әсем мұнара-Бәйтерек. Тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды білдіретін алып мұнара еліміздің символына айналған. Гүлденген Астанамыз, түрленген жас қаламыз-елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі.

Не деген махаббат сұрапыл,

Тәңірден берілген нұр, ақыл.

Астана қазақты ғаламға,

Танытпай қоймайды, тұра тұр, - деп

Қ.Әбілдақызы жырлағандай, Астана-Елбасының ғажайып ерлігі.

Жас ұрпақтың келешегін ойлайтын кемеңгер адам Нұрсұлтан Әбішұлының ұлы дала төрінен асқақ та ғажап қала тұрғызуы-теңдессіз қайсарлық. Әр елді Астанасы-сол елдің төлқұжаты. «Астанасына қарап елін таниды» деген Елбасы сөзінде терең мән бар. Нұрсұлтан Әбішұлы «Еуразия жүрегінде» атты кітабында: - қалалардың да адамдар сияқты өз тағдыры болады. Олардың әрқайсысының өз аты, қайталанбайтын өмірбаяны, дүниеде ешбір жерге ұқсамайтын өзіндік айрықша мінезі мен белгілері бар», - деп жазыпты. Британдық «The Sunday Times» газеті өзінің 2005 жылғы 20 ақпандағы нөмірінде: «Астанада жасалып жатқан жұмыстардың ауқымы адам нанғысыз. Оны жүзеге асыру үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан болу керек», - деп жазды. Ендеше, аяулы Астана - Елбасының тарихи қолтаңбасы. «Біз жаңа астананың негізін салдық. Бұл - бостандық туралы ежелден далалық арман мекен еткен қала. Бұл - біздің он бес жылғы жолымыз бастап әкелген және бүгінде осы жол енді ғана басталатын қала. Бұл - біздің жол, Қазақстан жолы», - дейді Н.Ә.Назарбаев.

Сәулетті Астанамен тағдыры тоғысқан, халқымен жүрегі бір Елбасы бастаған нұрлы көш - Қазақстанның Тәуелсіздік жолы ешқашан адаспақ емес. Елбасы бізбен бірге. Астанадай ғаламат қала Қазақ жерінің мәңгілік жерұйығына айналады.

musaevartur

Одним из недостатков железнодорожных перевозок можно считать их жесткую привязанность к конкретному маршруту, по которому проложены железнодорожные магистрали. В случае с рядом грузов такое пространственное ограничение может оказаться решающим аргументом против использования железнодорожного транспорта.− высокую стоимость погрузочно-разгрузочных работ;

− низкую маневренность и мобильность – перевозка мелких партий груза требует доставки автомобильным видом транспорта;

− высокую капиталоемкость основных средств производства.

punchf

Мені кішкентай кезімнен оқытқан,әріпті, санауды

үйреткен-әкем.Ол ауған соғысының ардагері еді. Жұмысқа жарамсыз болғандықтан, көп жыл төсек тартып үйде жатты.Бар уақытын маған арнады. Өйткені менің алдымдағы бауырларым есейіп кеткен болатын. Бес-алты жасымнан " физик боламын","ғалым боламын" деген мақсатпен емес,тек "оқу керек, оқығанда да ,беспен оқу керек!"деген ой болды .Өсе келе " Не үшін оқу керек?","Не үшін жақсы оқу керек?" деген сауалдарға жауап іздей бастадым.

Подробнее - на -

Объяснение:

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Рассказ на тему «астана, мәдениетті қала» на казахском
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Chopper-hinter25
Gulyaev_Egorkina
Irina_Nikolai
vovkiv7864
Mexx9050
chaa140
margo55577869
Kuznetsova702
elegiy
filantropagv4
dedald
inainainainaina0073
jeep75
васильевич
Anatolevna