Менің бос уақытымда ойнайтын ойыным ол – теннис. Мен теннисті ұнатамын және кортта ойнаймын. Кейде көрші достарыммен де ойнаймын.
Теннис өте қызық ойын. Теннис денсаулыққа аса пайдалы ойын. Мұның себебі, ойында жүгіріп, секіресің және жылдам боласың. Сонымен қатар, қатты қозғаласың және далада ойнағандықтан шынығасың. Сондықтан бұл денсаулыққа аса пайдалы ойын саналады.
Жазғы демалысымда мен теннис ойнауға көп уақытымды бөліп, көп жаттықтым. Мен Зарина Диасты өте қатты ұнатамын. Оны әлемде ең жақсы көретін жанкүйер менмін деп ойлаймын. Мен жаттығуда достарыма Зарина Диасты білесің бе? Ол Қазақстаннан! деп айтамын. Олар Зарина Диасты танып Ооо! десе мен қатты қуанып кетемін.
Мен бос уақытым тенниспен өткені үшін қуанамын. Барлық алаларға интернетпен ойнамай спортпен шұғылдану керек. Мен болашақта тенниспен айналысып атақты спортшы болмауым мүмкін. Мен тенниске денсаулық және спорт үшін жаттығамын. Басқа балаларды спортпен айналысуға шақырамын.
Елена-Олег
26.03.2022
Жаз Жаздыгүн шілде болғанда, Көкорай шалғын, бәйшешек, Ұзарып өсіп толғанда; Күркіреп жатқан өзенге, Көшіп ауыл қонғанда; Шұрқырап жатқан жылқының Шалғыннан жоны қылтылдап, Ат, айғырлар, биелер Бүйірі шығып, ыңқылдап, Суда тұрып шыбындап, Кұйрығымен шылпылдап, Арасында кұлын-тай Айнала шауып бұлтылдап. Жоғары-төмен үйрек, қаз Ұшып тұрса сымпылдап. Қыз-келіншек үй тігер, Бұрала басып былқылдап, Ақ білегін сыбанып, Әзілдесіп сыңқылдап. Мал ішінен айналып, Көңілі жақсы жайланып, Бай да келер ауылға, Аяңшылы жылпылдап; Сабадан қымыз құйдырып, Ортасына қойдырып, Жасы үлкендер бір бөлек Кеңесіп, күліп сылқылдап. Жалшы алдаған жас бала, Жағалайды шешесін Ет әпер деп қыңқылдап. Көлеңке қылып басына, Кілем төсеп астына, Салтанатты байлардың Самаурыны бұрқылдап. Білімділер сөз айтса, Бәйгі атындай аңқылдап, Өзгелер басын изейді, Әрине деп мақұлдап. Ақ көйлекті, таяқты Ақсақал шығар бір шеттен Малыңды әрі қайтар деп, Малшыларға қаңқылдап. Бай байғұсым десін деп, Шақырып қымыз берсін деп, Жарамсақсып, жалпылдап. Шапандарын белсенген, Асау мініп теңселген Жылқышылар кеп тұрса, Таңертеңнен салпылдап. Мылтық атқан, құс салған Жас бозбала бір бөлек Су жағалап қутыңдап. Қайырып салған көк құсы Көтеріле бергенде, Қаз сыпырса жарқылдап. Өткен күннің бәрі ұмыт, Қолдан келер қайрат жок, Бағанағы байғұс шал Ауылда тұрып күледі, Қошемет қылып қарқылдап.