ele922009226536
?>

Астана-мəдениеттік қала мини сочнение на казахском языке​

Казахский язык

Ответы

nickcook424

Бүгінде Астана – болашақтың каласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы болып табылатын жас қала, баршамыздың арман қаламыз. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тэуелсіздігіміздің ордасы. Астана қаласы Еуразияның дәл ортасында орналасқан: бір жағынан – еуропалық жетістік, екінші жағынан – шығыс дәстүрі үйлесімін тапқан.

Шыңдары көкті тіреген асқақ Алатау баурайынан Ұлы даланың кіндігіне көшіріліп, ерке Есілдің жағасынды бой түзеген әсем Астана-жаңа ғасыр ғажабынан жаралған жас қала. Жер шарының картасынан Астана атауы да өз орнын алды. Тарихымен табиғаты, сәулетімен бүкіл  тіршілігі дара, ғажап үлгілі күйіміздің күмбірі, көңіліміздің  жыр-гүлі жас қала Астана күн сайын енсесі биіктеген қалаға айналуы  өзімізді сүйсіндіріп , әлем жұртын көркімен тамсандырды.

Бүгінде бүкіл әлем сұлулығына тамсанып, болашақтың қаласы деп көз тігіп отыр. Жас,  гүлденген астанамыздың  әсем де көрікті жерлерімен танысыңыздар. Олардың қатарында Қазақстанның бетке ұстары – Тәуелсіздік сарайының алдындағы алаңдағы ұшар басында аңыздағы «Самұрық» құсының қол мүсіні бейнеленген «Қазақ Елi» монументі, Астананың сәулет жарасымдылығында жаңа көрнекті орын – Тәуелсіздік Сарайы, «Астана-Бәйтерек» монументі – Астананың нышаны, оның келбеті, Қазақстан үшін сейіл құру өндірісінің  тағы бір  жаңа үлгісі – «Думан» ойын –сауық орталығы бар.

andyrvo

Қазақстанның жаңа астанасын құру идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі.

Астана - Азиядағы ең солтүстік астана. Қазіргі уақытта Астана қаласының аумағы 722 шаршы метрден асадыхалқы 853 мың шаршы метрді құрайды. адам. Қала үш ауданнан тұрады - «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл».

Астана Қазақстанның орталығында құрғақ дала аймағында, құрғақ бетегелі-қауырсынды шөпті аймақтың аумағында орналасқан. Қала аумағы төмен террассалар. Есіл өзені - елорданың басты су жолы. Климаты күрт континенталды - суық және ұзақ қысы, жазы ыстық, құрғақ.

ariyskayaa5

1991 жылы ғарышқа алғаш Қазақстантандық ғарышкері аттанды.

Кеңес одағының батырларын президент жеке өзі марапаттады.

Ғарыш кеңістігінде ұзақ уақыт болған қазақ ғарышкерінің бірі Талғат Мұсабаев.

Біздің жердің байлығы өте көп.

Ғарышқа ұшу біздің Қазақстан үшін өте жат нәрсе болған.

Халықтың қамын жеген батырлар соғыста өз жерін аман сақтап қалу үшін өліспей беріспеді.

Жеңіс туралы хабар келген сәтте бәрі қуанып,бұл хабар сөз-сөзге тарап кетті.

Өз бетінше әрекет ету көбіне кесрін тигізеді.

Ғылыми бағдарламамен топ болып саяхатқа аттанды.

Бас қасында өзі жүрді.

Мирзоев Денис

Ұстаз - ұлағатты ұғым

Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. А ң жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Алғаш әріп танытып, өмірдің қыр сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық. Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.

Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер - тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген тегін айтылмаса керек. Дүниедегі сыйлы адам да ұстаз. Себебі, шәкірт өнер, білім, әдеп тәрбие, кәсіп үйреткен адамының алдында өзін өмір бойы қарыздармын деп санап, ұстазының көзі тірісінде өзін, өлгеннен кейін аруағын сыйлап, ардақтап өтеді.

Шын ұстаз - ұстаз болуды балалық шағынан армандайды. Қиындығымен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтың шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді. Қиын дейтінім: әр сабағыңа жете дайындалып, балаларға білім беріп қана қоймай, тәлім - тәрбие беру, өмірге икемдеу, адалдыққа баулу, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту оңай шаруа емес. Ал олармен сырласу, мерекелік шаралар ұйымдастыру, табиғат аясына саяхатқа шығу, көңілді кезеңдерін бірге бөлісу, бұл бір сәтке өзіңді бала сезінетін ерекше бір қызық шақтар. Балаларға ұрысып, жекіп, кейімей ақ, олармен сырласа отырып жан дүниесін ұғынуға болады. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейді деп түсінемін. Қанша жыл тер төгіп еңбек етсең де, «болдым, толдым, мен бәрін де білемін» деп айтуға болмайды. Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отыру керек.

Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емес пе тілегі елдің?!

Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,

Қызыққаннан келмей ме, жүре бергің?!

Сондықтан да келеді біле бергім...

Ұстаз бала алдында өзінің жүріс тұрысымен, киім киісімен, сөйлеу шеберлігімен, дауыс ырғағымен яғни барлық жағынан үлгі болуы қажет. Қазіргі жас жеткіншектер мұғалім болудан қашады, яғни үлкен жауапкершіліктен, қиындықтан қашады. Ал қиындықсыз іс болмайды. Сонымен қатар қазіргі заманда жүрегінің қалауынсыз жоғарғы оқу орнын бітіріп кеп, мектепте жұмыс жасап жатқан жас мамандар да баршылық. Олардан қандай маман шықпақ және балаларға қандай білім бермек? Мамандығын жетік білмеген емес, жетік білуге ұмтылмаған, талпынбаған мұғалім нағыз бейшара деуге болады. Әрине, барлық ұстаздарды айтпаймын, ұстаз болуды армандап, «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен қиындықтан қашпай, ауылға барып ұстаздық жолын ауылдан бастаған жас мамандар да баршылық, оларға еңбектерің жансын, бейнеттеріңнің зейнетін көріңіздер, ешқашан уақытпен санаспай еңбек етіңіздер, түбінде сіздерден жақсы маман шығады. Себебі сіздердің алдарыңызда өміріміздің аса бағалы иелері, болашағымыз, еліміздің ертеңі, жас өркендеріміз отыр дегім келеді. Жаңа заманға сай жігерлі де намысты ұлдарымызды, инабатты да ибалы қыздарымызды білім нәрімен сусындатып қана қоймай, қазақы болмысымызбен тәрбиелеуге атсалысайық.

Объяснение:

если пригодилось

5 звезд

это не мое , лучший друг отдал :D

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Астана-мəдениеттік қала мини сочнение на казахском языке​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

remontsalarievo2
ElenaEgorova1988576
dmitrij-sp7
ИвановичБогословский280
Galina
nadezhdasvirina
ktatarinova
Matveevanastya0170
goryavinan
stertumasova29
yurievaalxndra55
k-serga1
bieku68
ПетровичЖивотовская1245
v79150101401