ksenia15-79
?>

Оленнен ар кыздын сипаттамасын тауып сызбаны толтыр бiрiншi кыз екiншi кыз yшiншi кыз

Казахский язык

Ответы

germanleon

кандай өлең өлең жіберси? или әртүрлі өлең болама

suhovaab
      Менің байлығым, барым, нәрім... Ол сенсің – кітабым! Қай кезде де сарқылмайтын, ескірмейтін білім бересің де тұрасың. Оның есесіне ештеңе де сұрамайсың. Жан баласынан  шексіз мейірбансың, ақылы  тасқан данасың. Әркез санама рухани тыныштық ұялатып, сабырға шақырасың. Сөйте отырып күлкі сыйлап, бір кез жылатып та аласың. Сол үшін де сені шынайы дос санаймын. Сенің түрлі-түрлі кітаптарыңды оқып болғасын  беттерді парақтай отырып әрбіріңді алғысым ретінде бір сипап, маңдайыңды сүйгендей мұқабаңды сүйемін ғой кіта Олай сүюімнің де себебі бар. Оны өзің де білесің. Бүгінгі күні сенің орныңды осал, арзан дүниелер ысырып жатыр. Көксандықтың да  көрсетіп жүрген ортақол шоулары халықтың талғамын бұзды. Осынау арзан, болмашы бағдарламалар ойлауға мұрша бермейді. Бұл жәйтті қоғам көре тұра еш шара қолданбайтынын көріп ішім қан жылайды. Кітап оқып отырған адамды көз алдыңызға елестетіп көріңізші! Ол көркем әдебиет атты қиял-ғажайып, тылсым әлемге енеді. Оның өмірге деген құштарлығы пайда болады, қызығушылығы оянып, ойлануға мүмкіншілік туады. Мұндай сезімді сезіну де бір ғанибет қой оқыған адамға!

   Ұлы философ Бэкон кітап жайында: «Кітап – заманалар толқынында тербеліп, көкірегіндегі қастерлі  қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі»  деген екен. Сол ой кемесі – кітаптар арасынан маған, менің жан дүниемнің шартарабына әманда достық еншісіндей жұбаныш болар бір кітап бар. Ол – Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» кітабы. Қанша оқысаң да қайталап оқи бергің келетін көркем дүние  дер едім мен оны. Жазушы жасаған образдарының шынайылығы мен үндестігі сені еріксіз тылсым әлемге жетелейтіндей. Бір ғана махаббат сөзіне көп  мағына беретін автор сөздері бүгінгінің жастарының жетесіне жетерліктей ой салады. Ұлы Отанның патриоты етіп сезінтіп, оны махаббатым деп,  Ербол арқылы тегіс қазақия жастарының бойына үлгі етеді. Иә, кеудесінде адамгершілік, берік махаббат ұя салмаған адам анасына да, Отанына да адал бола алмайтыны анық. «Әр жастың жүрегінде асыл махаббат болсын, сол махаббат әр жас отбасының алтын діңгегіне айналсын. Тек әр отбасының ғана емес, махаббат деген асыл жібекке түйілген отаншылдық, еңбекшілдік, достық, туыстық, бауырластық,  дәстүріне деген жан-тәнімен берілгендік сезімдері біздің Ұлы Отанымыздың алтын діңгегі болсын!» - деп автор ел жанашыры ретінде жүрек жарды сөздер арнайды.Осындай  майталман жазушылар, көркем шығармалар, оқырмандар көбейе берсе екен.
bugaevnicky
Цветы без запаха

Білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет.
В учении трудно, да плоды учения сладки.

Білімді бесіктен тесікке дейін ізден.
Знаний набирайся с пеленок и накапливай до дней последних.

Кітап – алтын қазына.
Книга – кладовая золота.

Ұстаздан шәкірт озады.
Прилежный ученик превзойдет учителя.

Күш – білімде, білім – кітапта.
Сила – в знании, знания – в книгах.

Кісінің көркі киім емес – білім.
Человека украшает не одежда, а знание.

Ақыл тозбайтын тон,
Білім таусылмайтын көл.
Ум – шуба, которая не изнашивается, знания – озеро неисчерпаемое.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Оленнен ар кыздын сипаттамасын тауып сызбаны толтыр бiрiншi кыз екiншi кыз yшiншi кыз
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

sonicegle
a8227775
Yevgeniya Bessonov
Aleksandr556
yamalsva45
Иван1764
Zeegofer
Fateevsa9
warlordkolomna
ravshandzon3019835681
Lyudmila-Popova
denbelousov963
ykolkova76
Владимир
helenavalenti2846