Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі салтанат құрған жылдары қазақ прозасындағы халық тарихының бұрын шығармалар арқауына асынбаған тұстары, тарихи тұлғалары көркем шындық поэтикасы өрнектерімен жазыла бастады.
Осындай шығармашылық үрдіс жемістері қатарына көрнекті жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» тарихи романы да қосылды. Романның тақырыбы – Қазақстан тарихында «Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы» атымен әйгілі болған халықтың тағдырындағы Ресейдің отарлық билеу кезеңінің оқиғалары. «Тар кезең» романының идеясы – Ресейдің отарлау саясатындағы озбырлықтардың (атақоныстардан, жайылымдардан еріксіз айыру, жазықсыз ауылдарды шауып, адамдарды өлтіру, тонау, барымталау, өзішілік басқару жүйесіне тиым салу, т.б.) етек алуына халықтық қарсыласу қуатын таныту. Жазушының «Тар кезең» тарихи романына арқау болған сюжеттік-композициялық желілердегі қақтығыстар, қазіргі «Қазақстан тарихының» жаңаша жазылған тарихнамалық-дерекнамалық деректі тұжырымдары негізінде жазылғандығымен ерекшеленеді.
Қазақ тарихындағы отаршылдық пен ұлттық тәуелсіздік арасындағы қайшылықтар, қақтығыстар мол орын алған кезең эпикалық шығарманың құрылысында қамтылған.
«Тар кезең» романының жеті тарауындағы сюжеттік-композициялық желілерде мынадай оқиғалар эпикалық көлеммен қамтылған: біріншісі – Ресей патшалығының әкімшілік жүйесінің қазақ өлкесін мемлекеттік ішкі саясат аясындағы генерал-губернаторлық басқару жүйесінің ерекшелігі; екіншісі – Кіші жүз хандығы басқару жүйесінің дәстүрлі жолы мен оның отарлық әкімшілігіне тәуелділік сипаты; үшіншісі – Ресейдің отаршыл озбырлық іс-әрекеттеріне тыйым салу қарсылығын танытушы «Халық кеңесінің» құрылғаны, оған үш ата өкілдерінің (Әлімұлын – Шекті Сегізбай биге, Байұлын – Шеркеш Тұрманбет биге, Жетіруды – Табын Тіленші биге) мүшелері болғаны, Халық кеңесінің Төбе биінің (Байбақты Сырым би), Төбе бидің кеңесшілерінің (Ысық Қаратау би және Кете Көккөз би) сайланғаны. Романда қазақ тарихына есімдері мәлім осындай көрнекті адамдар көркем бейнелерінің сомдалуы, оқиғалар барысындағы олардың іс-әрекеттері, монологтары, портреттері, т.б. ерекшеліктер көркемдік қолданыстар арқылы дәлелдеген.
Романның негізгі басты кейіпкері – Сырым Датұлы (1753-1802). Оның есімі қазақ тарихындағы би-шешендер, батырлар дәстүріне арналған тарихнамалық-дерекнамалық шежірелік мұраларда, ел аузындағы әңгімелерде, фольклортану, әдебиеттану, Қазақстан тарихы зерттеулерінде қарастырылып, бағаланып келгені мәлім. Үнемі назарда келе жатқан қайраткер тұлғаның романға арқау болғаны – Тәуелсіз Қазақстан әдебиетіне тән жаңалық көрсеткіші. Сырым Датұлының белгілі тарихи кезеңдегі Ресей отаршылдығына қарсылық іс-әрекеттері романдағы көркем шындық поэтикасының эстетикалық сипатымен өрнектелген. Ресейдің отаршылдық халықты басқарған саясатын қазақ даласында жүзеге асырушы казак-орыстар қазақ ауылдарын барымталап, ауылдарды ойрандаса, Сырым батыр да олардың күтірлерін (хуторларын) шабады.
Отаршылдардың арнайы жазалау жорықтарынан қорғанып, қарауындағы елді бұрынғы қоныстарынан (Қырмызы, Қособа, Мақарша, Қарағұс, Қосағаш, Көкайыл, Бөлекқұмақ, Жетікөл, Тұздыкөл, Жосалы, Қоңыр, Талдыбұлақ, Тасқұдық, т.б.) көшіріп, жаңа қоныстарға (Қалдығайтының сыртындағы Қарақамыстық қойны, Көшекбасар, Ишқымбай, Жібек, Сұлукөл, Жем, Сағыздың жоғарғы жағы, бес өзеннің бастауы – Бестамақ пен Саға, т.б.) орналастырады.
зар заман ақындары – қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет (1927) м.әуезов енгізген термин, зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері: дулат бабатайұлы, шортанбай қанайұлы, мұрат мөңкеұлы, әбубәкір кердері, албан асан, т.б. әуезов зар заман ақындары дәуірін абылай хан тұсынан абайға дейінгі жүз жылға ұластырып, нарманбетпен аяқтайды.[1] зар заман ақындары тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алатынын атап көрсетеді. дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа сипатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. зар заман ақындары халқының жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды. олардың шығармалары халықтық салт-дәстүрлерді қаймағы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттық болмыс-бітімнен ажырамауға үндейді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Азіргі жас ақындар туралы білесің бе? олардың тәуелсіз қазақстанға арналған қандай шығармаларын білесің? сен өлең жазасың ба? сенің өлең жазатын достарың бар ма? сен байқауларға қатыстың ба? қандай жүлделерің бар?
Қазіргі ақындардың ішінен Қалқаман Сарин ағамыздың шығармашылығы өте қатты ұнайды! Әсіресе "Менің мұңым" атты өлеңі жаныма жақын.
Тұншықтырып тірлігімді тынымсыз,
Тас төбемнен төнді тағы Түн үнсіз.
Маған қарап мұңаяды мың жұлдыз,
Жетімсіреп менің мөлдір мұңымсыз.
Менің мұңым, менің мұңым – мөлдір мұң,
(Мұңсыз өмір сүре алмаймын мен бір күн).
Түнгі аспаннан тұнық іздеп көз алмай,
Қарап жатып қанша жұлдыз сөндірдім.
Бүгін тағы құрбан болып бар үміт,
Санадан тыс құдіретке бағынып.
Мың жұлдыздың арасынан бір жұлдыз,
Ағып түсті. Жалғыздықтан жалығып.
Олар, сірә, ғашық менің мұңыма,
Мен де олардың құмар едім сырына.
Мұңсыз – мінсіз ғұмыр кешу, құдай-ау,
Қасірет қой жердің Ақын ұлына.
Әппақ Айдың бір сәулесі тисе артық,
Кетер, шіркін, көңілімде күй шалқып.
Өзгеше бір өлең жазып отырам,
Мың жұлдыздан мұңдарымның иісі аңқып.
Менің мұңым сәуле төгіп Күнге ұқсап,
Мұңлы шаққа сыйлайды бір нұрлы сәт.
Түнгі ызғардан тоңып тұрған томсарып,
Жұлдыздардан гүл жасайды бір құшақ.
Аспанымда – тұнып тұрған күміс шық,
Аспан асты – сыр ұқтырған тыныштық.
...Өзім сүйіп, өзім күйіп жататын,
Менің мұңым ып-ыстық.