Адам өз өмірінде ең бастысы мамандық таңдаудан жаңылмауы қажет. Әркімнің өзіне етене жақын, жанына жағымды мамандық таңдау сәті-асқақтаған арманының ең бірінші баспалдағы. Мамандығыңды таңдаған сәтте сол кәсіптің білгірі болуы шарт. Менің қалаған мамандығым журналист. Журналистер әрбір естіген, байқаған нәрсесін көзбен көріп, соны жазбаса тағат таппай ой түйсігінен өткізіп халық арасында болып жатқан көкейкесті мәселелер мен болған оқиғаларға бейжай қарай алмайтын мамандық иесі. Журналист мамандығы басқа мамандықтарға қарағанда шоқтығы биік тұрады. Журналистің басты мақсаттарының бірі-халық пен үкімет арасындағы қарым-қатынасты сақтап қалу. Бұл мамандық адам бойындағы бүкіл өнерін, қабілетін, жақсы қасиеттерін ашуға көмектеседі. Негізінен бұл - аса қауіпті мамандықтың бірі болып табылады. Сондықтан да осы мамандық аса батылдықты талап етеді. Жақсы журналист жақсылықты көреді, жаман журналист кемшілікті көреді. Жақсы журналист көргенін жазады, ал жаман журналист біреуден естігенін жазады. Журналист сан түрлі ғылым саласына еркін ой жүгірте алатын тұлға болғаны ләзім. Журналистика мамандығының хас шебері атанғым келеді. Бұл кәсіптің бүкіл қыр-сырын игеріп, тереңінде жатқан асыл маржандарын теріп, білікті маман иесі болғым келеді. «Журналист - халық пен билікті байланыстыратын көпір»-дейді. Жалпы айтқанда журналист адам мен өнерді дәнекерлеуші.
Журналистика-күш, ашық пікір, шынайы мінез, тұңғиық ой, талғампаз көзқарас. «Журналистика» термині француз тіліндегі «journal» сөзінен шыққан. Ел аузында журналист мамандығын «екінші көне» мамандық деп атау қалыптасқан. Қоғамдағы құбылыстарды зерттеп-зерделеу жолында өзіңнің күшің мен уақытыңды аямайтын дәрежеге жеткенде, өзіңнің шын талантыңмен оқырманды баурап алатын шабытың шыңдалғанда ғана жақсы журналист бола аласың. Қаламың мен қағазың арқылы қорғансызға пана болып, әділеттік тапқанда, біреуге үміт ұялатқан сәтте осы мамандықтың қыр-сырын біліп, сезінуге болады. Журналистика мамандығын әр адам әрқалай түсінеді.
Объяснение:
журналистті ауыструға болады
pk199888
23.07.2021
Жаз
Жаздыгүн шілде болғанда, Көкорай шалғын, бәйшешек, Ұзарып өсіп толғанда; Күркіреп жатқан өзенге, Көшіп ауыл қонғанда; Шұрқырап жатқан жылқының Шалғыннан жоны қылтылдап, Ат, айғырлар, биелер Бүйірі шығып, ыңқылдап, Суда тұрып шыбындап, Кұйрығымен шылпылдап, Арасында кұлын-тай Айнала шауып бұлтылдап. Жоғары-төмен үйрек, қаз Ұшып тұрса сымпылдап. Қыз-келіншек үй тігер, Бұрала басып былқылдап, Ақ білегін сыбанып, Әзілдесіп сыңқылдап. Мал ішінен айналып, Көңілі жақсы жайланып, Бай да келер ауылға, Аяңшылы жылпылдап; Сабадан қымыз құйдырып, Ортасына қойдырып, Жасы үлкендер бір бөлек Кеңесіп, күліп сылқылдап. Жалшы алдаған жас бала, Жағалайды шешесін Ет әпер деп қыңқылдап. Көлеңке қылып басына, Кілем төсеп астына, Салтанатты байлардың Самаурыны бұрқылдап. Білімділер сөз айтса, Бәйгі атындай аңқылдап, Өзгелер басын изейді, Әрине деп мақұлдап. Ақ көйлекті, таяқты Ақсақал шығар бір шеттен Малыңды әрі қайтар деп, Малшыларға қаңқылдап. Бай байғұсым десін деп, Шақырып қымыз берсін деп, Жарамсақсып, жалпылдап. Шапандарын белсенген, Асау мініп теңселген Жылқышылар кеп тұрса, Таңертеңнен салпылдап. Мылтық атқан, құс салған Жас бозбала бір бөлек Су жағалап қутыңдап. Қайырып салған көк құсы Көтеріле бергенде, Қаз сыпырса жарқылдап. Өткен күннің бәрі ұмыт, Қолдан келер қайрат жок, Бағанағы байғұс шал Ауылда тұрып күледі, Қошемет қылып қарқылдап.
Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма, Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан. Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай, Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай. Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, Жапырағынан айрылған ағаш, қурай. Біреу малма сапсиды, салып иін, Салбыраңқы тартыпты жыртық киім. Енесіне иіртіп шуда жібін, Жас қатындар жыртылған жамайды үйін. Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен, Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен. Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы, Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен. Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең, Көңілсіз қара суық қырда жүрсең. Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң, Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең. Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы, Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы. От жақпаған үйінің сұры қашып, Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.
Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы – үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
ukkavtodor6
23.07.2021
1.Фонетика дегеніміз не? 2.Фонетика нешеге бөлінеді? 3.Оларды атап бер. 4.Дыбыс дегеніміз не? 5.Үндестік заны дегеніміз не? 6.Буын дегеніміз не? 7.Буын нешеге бөлінеді? 8.Буынның түрлері туралы айтып бер 9.Дыбыс неше түрге бөлінеді? 10.Дауысты және дауыссыз дыбыс туралы айтып бер.
1.Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтің ғылым 2.3 3. 1 Дыбыс 2 буын 3 үндестік заңы 4.Дыбыс, кең мағынасында – газ, сұйықтық немесе қатты күйдегі серпімді орта бөлшектерінің толқын түрінде таралатын тербелмелі қозғалысы; тар мағынасында – адамдар мен жануарлардың арнаулы сезу органымен субъективті түрде қабылданатын құбылыс. 5.Буын не сөз құрамындағы дауысты, дауыссыз дыбыстардың бір әуезбен айтылуы. 6. Буын (фонетика) — сөйлеу мүшелерінің тұтастай қимылынан пайда болған бір немесе бірнеше дыбыстық тіркесі. 7.3-ке бөлінеді 8.Ашық,Тұйық,Бітеу. 9.2 10.Дауысты дыбыс:Ауа өкпеден кедергісіз шығып дыбыстан ғана тұрады, Дауыссыз дыбыс:Ауа өкпеден шыққанда кедергіге ұшырап шығады,үнмен салдырдың қатысы арқылы жасалады
Менің болашақ мамандығым