ruslan
?>

Сор по каз яз 5вопросов 5 ответов диалог​

Казахский язык

Ответы

Шуршилина_Ильич

Компьютер туралы.

Қазіргі ғылым мен техниканың күн өткен сайын қарыштап дамып келе жатқан заманында адам өмірін компьютерсіз елестету қиын. Компьютердің басты мүмкіндіктеріне тоқталатын болсақ, оқушыларға сабаққа дайындалуға көмектеседі, бос уақытта музыка тыңдап, кино көруге болады, қажетті құжаттарды басып, шығаруға болады, кез - келген сызба жұмыстарын сызып, сурет салуға болады. Бұл тек бастамасы ғана, ал егер де компьютерді интернет желісіне қосатын болсақ, онда бұл мүмкіндіктер тіптен еселене түседі, себебі ғаламтор бетінде кез - келген ақпаратты іздеп табуға болады. Сонымен қатар әлеуметтік желіде жаңа достар тауып, әлемнің түкпір - түкпірінде өмір сүретін адамдармен сөйлесу мүмкіндігі туады.

Бірақ қаншама пайдалы жақтары болғанымен, компьютердің зиянды жақтары да бар екенін есте сақтаған абзал. Компьютерде көп отырған көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерде көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек.

Одан кейінгі келтіретін зиян - ол уақыттың қадірін білмей, компьютерде отыратын уақытты тиімсіз пайдаланып, оның қалай өтіп кеткенін байқамай да қаламыз. Оның орнына пайдалы іспен айналыссақ болар еді. Мұны "ғаламторға тәуелділік" деп айтсақ та болады.

Сонымен қатар ғаламтордағы көптеген жағымсыз ақпарат адам психикасына да жағымсыз әсірін тигізеді.

Аталған жайттар денсаулығыңызға зиянын тигізбесін десеңіз, менің ойымша, компьютерді белгілі ір тәртіппен, күнделікті бір - екі сағаттан аспайтын уақыт қана қолданған дұрыс.

sharikplushelen

Компьютер , интернет жайлы.

Қазіргі заман дамып келе жатқан уақыт. Қысқа мерзімнің ішінде , көп нәрсе күрт өзгеріп кетті. Бірден технологиялар дамып , адамдар өзгере бастады.

Уақыт өте келе әлеуметтік желілер ойлап табылды. Оны APRANET деп атап бастады. Сосын уақыт өте келе интернет деуге көшті. Ал біз дәл осы интернет не екенін білеміз бе ?

Интернет желісі былай қарап тұрсаң , пайдалы дүние секілді. Керек затыңды табасың. Жылдам хабар аласың , компьютерде қызықты дүниелерді қарайсың. Бұл АПРАНЕТТІҢ жақсы тұстары.

Ал бұл интернет, компьютер деп аталатын дүниелердің жаман тұстары , адам шошытарлық.

Компьютерде көп отырған адам , бірінші өз- өзін жоғалтады екен. Психикасы , дүниеге деген көз қарасы өзгере бастайды екен. Ең жаманы , компьютерге тәуелді болып , шын өмірді тастап , интернет әлеміне толықтай кіріп кетеді екен.

Сондықтан да , біз компьютерге тәуелді болудан сақтануымыз керек. Әйтпесе , зуылдап өтіп бара жатқан уақытымызды , одан сайын қысқартып , мән - мағынасыз қылып жібереміз.

Ал бірақ одан сақтануға да болады. Олар төменде берілген :

Компьютер зиянынан қорғану шаралары.

Компьютер өте зиянды , және пайдалы дүние. Оның пайдасынан , зияны басымырақ келеді. Бірақ зиянынан болдыртпаудың амалы бола ма ? - деген сұрақ туады. Енді соны , қарастыра кетейік.

1) Компьютерді қолданбау.

Бұл компьютер зиянынан қорғанудың ең жақсы , әрі тиімді жолы. Бірақ кейбір жағдайларға байланысты , кейбір адамдарға оны қолдануға тура келеді...

2) Компьютерден қорғану шараларын ұйымдастыру.

1. Компьютерден 60 см арақашықтықта отыру.

2. Компьютердің жанына кактус гүлдерін қою.

3. Компьютер тұратын бөлмені , уақыт өткен сайын желдетіп тұру.

4. Компьютердің зиянын біліп , оны көп қолданбау.

5. Компьютерден ойын ойнамаған жөн , әйтпесе сенің оған тәуелділігің артып кетеді. Сосын зардабын тигізесің.

Осы айтылған нәрселерді бұлжытпай істесең , кіс білер , компьютерден зардап шекпессің...

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Сор по каз яз 5вопросов 5 ответов диалог​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Simbireva
Владимирович111
Давид-Ольга
larazaytseva
annatarabaeva863
fakelel
orbbsvsupply
lyukiss
mayskiyandrey90
lenskiy
oduvanalex
KononovaMaiorov453
Людмила Анна
MislitskiiSergei1403
ltdfoliant62