tvshi
?>

По казахскому много составьте из слов предложение ​

Казахский язык

Ответы

linda3930

Біз шеберханада әртүрлі заттар жасаймыз.Досым ағаштан орындық,ұя,үй жасады.Біз"Өнерлі отбасы" байқауына қатыстық.Ол достарыммен сахнада "Қара жорға " биін билейді. Партаның оң жақ шетіне қайшыны қою қажет.

kabinet17
                                      ҚАРА ТАС
Мерей екінші сыныпта озат оқиды. Бір күні сәтсіздікке ұшырады. Сырғанақты көбірек теуіп, математикадан үйге берілген тапсырманы орындамай, сол күйінде мектепке барды. Күнде шошаңдап тыным таппайтын қолы бүгін көтерілмей, мұғалім алдында өзінен-өзі  қысыла берді. Мұрны партаға тиердей, басы салбырап кетті. Мұны байқаған мұғалім дереу келіп Мерейдің дәптерін қараса, кешегі мектепте шығарылған есептен кейін еш нәрсе жазылмаған. Күнделікке екілік баға қойылды. Мектептен  қайтар жолда Мерейге көрші бала жолығып қалды. Мерей сөмкесін жерге сүйрете жаздап, әрең көтеріп келеді. Мұның ішінде "Қара тас" жатыр,-деді ол.
Александрович

Менің отбасым.

Менің отбасым өте үлкен. Біздің үйде атам, әжем, әкем, анам, ағам, қарындасым және мен бәріміз бірге тұрамыз.

Атам мен әжем зейнеткерлер. Зейнетке дейін атам мал дәрігері, ал әжем есепші болып жұмыс істеген.

Әкемнің аты - Олжас, жасы қырықта, қаржыгер болып жұмыс істейді. Анамның аты - Алуа, жасы отыз сегізде. Анам ауруханада дәрігер болып жұмыс істейді.

Ағамның аты - Сабыржан, жасы жиырмада. Сабыржан университетте білім алуда, болашақ заңгер. Мен мектепте оқимын, жасым он төртте. Қарындасымның есімі Аяужан, ол үшінші сыныпты оқиды.

Біз отбасы болып демалғанды ұнатамыз. Демалыс күндері ауа райына байланысты не серуенге шығамыз, не бәріміз ойын ойнаймыз. Ата - анамыз бізді салауатты өмір салтына сай тәрбиелеуде.Бәріміз де спорттың әр түрімен айналысамыз. Ағам бокспен шұғылданса, мен жеңіл атлетика үйірмесіне қатысамын, ал қарындасым жеңіл атлетика үйірмесіне қатысады.

«Үлкен кісі - шежіре» демекші атам мен әжем әрқашан бізге ақылдары мен өсиеттерін айтып, тәрбиелеп отырады. Атам мен әжем өте қонақжай кісілер. Біздің үйге қонақ жиі келеді. Қонақ күткенді бәріміз ұнатамыз. Алыс жақындағы туған - туыстардың бәрі біздің қалаға жолдары түссе, біздің үйге келіп, ат басын тірейді. Біздің отбасымыз өте тату. Мен отбасымда жақсы көремін!

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

По казахскому много составьте из слов предложение ​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*