Жомарттық – қайырымдылық тамшысы.
«Жомарттың аты талай жыл өтсе де ел аузында жүреді» деп Рашид-әд-дин айтып кеткендей, жомарттық немесе жауанмәрттілік, кеңпейілділік – адам бойындағы ізгі қасиеттердің бірі. Жомарттық дегеніміз – қолыңдағы бармен өзгемен бөлісу. "Кең болсаң, кем болмайсың" демекші, ол жақсылығың да саған міндетті түрде қайтып келеді.
Әдетте, жомарттықпен бірге қайырымдылық та бірге жүреді. Бұл ізгі қасиеттер, менің ойымша, отбасынан, яғни отбасындағы тәрбиеден бастау алады. Мысалы, біздің анамыз үнемі бізге «бір тілім қара нан болса да, бөліп жеңдер», «өзгелермен бөлісіңдер» деп жадымызға құйып отырады, сондықтан біздің қолымызда бір қампит болса біз бөліп жеуге тырысамыз, ешкімнен қолымыздағы нәрсені аямай, кеңпейіл болуға тырысамыз.
Бүгінгі таңда елімізде қайырымдылық қорлар мен қайырымдылық науқандар жиі өткізіліп тұрады, біз де осындай қайырымдылық іс – шараларынан қалыс қалмай, мүмкіндігімізше аи салысуға тырысамыз. “Жомарт бергенін айтпас, ер айтқанынан қайтпас” деген қазақ мақалы өте орында айтылған секілді, себебі жомарт эандар мұқтаж адамдарға көмектесіп, демеушілік танытады.
Қазақ халқы жомарттық қасиетті ерекше ардақтап, балаларына «Жомарт» деген есім беріп жатады. Тіпті халық арасында дарқандылығымен танылған адамды «Атымтай Жомарт» бейнесімен ұштастырып жатады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Киял шыгармашылык бастауы эссе
Қиял – шығармашылық бастауы.
Қиялдамайтын, арманға ерік бермейтін адам жоқ шығар. Қиял арқылы көптеген таңғажайып туындылар дүниеге келді. Адамдар қиялдау арқылы өзгелерден ерекшеленді. Тіпті қиял мен еңбегінің арқасында мақсаттарына жетеді ғой.
Қазақ халқы ауыз әдебиеті мұраларына өте бай. Соның ішінде қиял-ғажайып ертегі, аңыздар, жырлардың орны ерекше. Олар арқылы ата-бабамыздың ой жүйріктігін, қиялына куә боламыз. Мысалы, тау көтерген Толағай, үлкен көлді бір өзі тауысып іше алатын Көлтауысар, жүгірісі көз ілестірмес Желаяқ, Мерген, отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын, қылыш өтпейтін, жылдап емес, күн сайын өсетін батырлар бейнесі, олардың тұлпарларына тіл бітуі, тіпті үңгір алдында жатқан айдаһарды ептілігімен, өнерлігімен жеңіп шығуы - бәрі де халқымыздың қиял-ғажайып әлемі.