Andrei
?>

Эссе на тему "известные геологи казахстана" на казахском​

Казахский язык

Ответы

diana8

Академик, геолог және қоғам қайраткері 1899 жылы 12 сәуірде Теңдік ауылынан 1 километр қашықтықтағы Айрық деген жерде дүниеге келді. Бүгінде бұл - Павлодар облысы Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округіндегі Мұса Шорман ауылы.

Дүниеге келген сәбиге Ғабдул-Ғани деген есім берілген. Анасы ұлын еркелетіп Ғани, Ғаныш деп атапты. Артынша баланы барлығы Қаныш деп атай бастаған.

Қаныш Сәтбаев ауыл молдасынан білім алады. Ол араб, парсы тілдерінде оқыған. Мұнан кейінгі екі жыл көлемінде Сәтбаев уездегі алғашқы қазақ-орыс мектебінде білім нәрімен сусындайды. Мектеп Аққелін аулында ашылған.

1911 жылы Қаныш Павлодардағы орыс-қазақ училищесіне түседі. Ол үш жыл ішінде төртжылдық бағдарламаны меңгеріп алып, артынша Семейдегі мұғалімдер семинариясына оқуға түскен. Сәтпаевтың денсаулығы сыр бере бастағандықтан, диплом алу үшін емтиханды экстернмен тапсырған. Содан кейін Томск технологиялық институтына түсуге дайындалады.

Асқынған туберкулезді қымызбен емдеу үшін 1920 жылдан 1921 жылға дейін туған өлкесінде болады. Осы кезде Қаныш Сәтбаев қазақ мектептеріне арнап алғашқы алгебра оқулығын жасауды бастайды. Бұл жұмысты 1954 жылы бітіреді.

Қаныш Сәтбаев соғыстан кейінгі жылдары елдегі ғылымда жүрген адамдардың басып қосып, Қазақ ғылым академиясын құрды.

1946 жылы ашылған ҚазКСР ғылым академиясының алғашқы президенті болып Қаныш Сәтбаевтың сайлануы кездейсоқтық емес.1947 жылы наурызда Қаныш Сәтбаев КСРО жоғарғы кеңесінің депутаты ретінде Лондонда Уинстон Черчиллмен кездеседі, сол кезде саясаткер одан "Өзге қазақтар да сіз сияқты бойшаң ба?" деп сұрағанда академик: "О не дегеніңіз, Черчилль мырза, олай емес, мен қазақтардың ішіндегі ең кішкентайымын! Халқым менен де биік" деп жауап берген екен.

Баянауылдағы Қаныш Сәтбаевтың мемориалдық музейіндегі пікірлер кітабында мынадай жазба сақталып тұр: "Қаныш Сәтбаев – халқының ұлы баласы, кемеңгер ғалым, белгілі инженер. Қанекенің өмірлік жолы өз елін жақсы көрудің және ынтамен беріліп қызмет етудің үлгісі болды". Бұл сөздерді Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқан еді. Қаныш Сәтбаев соңғы рет туған жері Баянауылда 1959 жылы болған. Ол 1964 жылы Мәскеуде ауруы асқынып қайтыс болды. Ғалым Алматыдағы орталық зиратқа жерленді.

Вишняков997

Арман дәліз бойымен асығып келе жатыр. Бүгін оның университеттегі алғашқы күні. Кенет ол бір қарияны түйіп кетті. "Кешірім өтінемін!" деп қайтадан жүгіре бастады. Сабақтың басталуына санаулы минуттар қалды. Ал ол болса әлі лекция өтетін аудиторияны таба алмай әлек. Терезе алдында тұрған бір студенттен:

– Ғафу өтінемін, 235-аудитория қай жерде? Білмейсіз бе?-деп ентіге сұрады. Сөйтсе ол аудитория басқа ғимаратта екен. Қуанышқа орай ол ғимарат бас ғимараттың дәл жанында екен. Арман жүруін одан әрі тездетті. Ғимаратқа кіріп, күзетшіден де:

– Кешіріңіз! 235-аудитория қай жерде?-деп сұрады. Сөйтсе 2-қабаттың сол жақ бұрышында екен. Арман 2-қабатқа көтеріліп келе жатырып тағы бір қолы кітапқа толы студентті қағып кетті де "ғафу етіңіз!" деп екі беті қызарып аудиторияға жетті. Сабақ басталып кеткеніне 2 минут болған. Есікті қағып:

– Кеше көріңіз! Аудиторияны таба алмай жүріп қалдым. Бұл қазақ филологиясы ма?- деп лекторға қарады. Лектор:

– Иә. Алғашқы күн болған соң кешірімді. Бұдан бұлай қайталанбасын!-деп сабағын жалғастыра бастады. Алдағы парталардың біріне, бір қыздың қасына Арман отыра қойды.

– Мынау кітап па?-деді қыз алдында тұрған кітапқа көзі түсіп. Қыз жалт қарап:

– Жоқ, дәптер. Кітаптың қандай екенін білмеймісің?-деді.

– А, жоқ... Ренжіткен болсам әрі әбес қылығым үшін кеше көр. Жай мұқабасы қатты тозып кетіпті. Менде дәл осы кітаптың жаңасы бар. Қаласың берейін,- деді жымиып.

– Жарайды. Енді сөйлей бермей, лекторды тыңдайық!-деп тақырыпты жаза бастады. Арман да сабаққа кірісті.

Объяснение:

вот ответ тпиши

Назаренко1075

Түркістан – күллі түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі қасиетті де киелі мекен. Бұл ең алдымен Ислам дінін таратушыларының бірі, сопылық ілімнің негізін қалаушы, ғұлама дегдар, әулие тарихатшы, ақын, философ Қожа Ахмет Яссауи бабамыз жерленген өңір.

Түркістан – араб, қытай, парсылар мен еуропалықтар көз тіккен "Ұлы жібек жолының" ортасындағы ең үлкен қала, күллі түркі жұртының тарихи астанасы.

Түркістанда жүздеген хандарымыз бен билеріміздің, батырларымыз бен ақындарымыздың, әулие-әмбиелеріміздің мазарлары бар. Бабалар сөзімен айтқанда Түркістан – түмен бап жатқан киелі қабірстан.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Эссе на тему "известные геологи казахстана" на казахском​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

tatiana2676
hotnuts
spadikov
Леонтьева
shturman-765255
АлексейГагиковна1774
Chausmonk4
narkimry134
olesyadeinega41
benonika
Voronov434
Kashirina
zatoichi69
sssashago8
kulturarai44