di-bobkov1985
?>

Өтінем көмек керек: Қажымұқан туралы деректерді негізге алып, {Батыр тұлғасы} тақырыбында сипаттамалық эссе ​

Казахский язык

Ответы

Alex-kustov

Қажымұқан 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезіне қарасты Сарытерек болысының Жәдік деген елді-мекенінде дүниеге келген. Кейбір деректер бойынша Қажымұқан 1883 жылы туылған. Кедей жанұядан шыққан Қажымұқан орыс байларына жалданып, жұмыс істейді. Уақыт өте келе күрес жолына түсіп, той-жиындарда халықтың назарына ілігіп, бала балуан деп атанады. Қажымұқан қазақ елінің мақтанышы, алып күш иесі, теңдесі жоқ кәсіпқой балуан. Күрес өнерінің бірнеше түрін жетік меңгеріп, бәсекелестерінен басым түскен Қажымұқан әлем чемпионы атағына қол жеткізген тұңғыш қазақ батыры. Дүниежүзінің 28 мемлекетін аралап, сол жерлердің саңлақтарымен белдесіп, қоржынына 56 медаль салған. Көрші жатқан Ресей жерінің өзінде де Қажымұқанға тең келетін балуан жоқ еді. Иван Поддубный, Иван Шемякин, Иван Заикин, Алекс Аберг, Георг Лурих, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды балуандармен бірге боз кілемді сарғайтып, күштері таудай балуандарды шеттерінен жығып, алтыннан алқа таққан Қажымұқан қазақ жерінің нағыз мақтанышына айналған. 1906 жылы Алманияда өткен дүниежүзілік жарыста Қажымұқан бәсекелестерін тізе бүктіріп, әлем чемпионы атанады. Бірақ, орыс басшылығына бұратана халықтың аты шығып жатқаны ұнамай, Қажымұқанды орыс есімімен өнер көрсетуге мәжбүрледі. Қазақ батырына «Иван Чёрный» сынды лақап аттар қойылып, азан шақырылып қойған есімін жариялауға тыйым салынды. 1909 жылы өткен Халықаралық жарыста Мұқан жарыс алаңына «Қара Мұстафа» деген атпен шығады. 1910 жылы Оңтүстік Америкаға келіп, Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында ұйымдастырылған жарыста   Америка чемпионы атанады. Дәл сол уақытта түріктерден артық күресетін балуандар жоқ секілді еді. Тіпті, орыстың алып денелі балуандары да ат басын түрік жеріне бұруға жүрексінетін болды.  Кейін Мұқан поляк қызымен отау құрып, оған Бәтима деген ат береді. Патша үкіметі де құлдыраған соң, 1937 жылы «Бұл патшаның адамы, оның қолынан медаль алған, сыйлық алған сыбайласы» деген сылтаудың кесірінен Мұқан қудалауға ұшырайды. Сөйтіп, Мұқан отбасын тастап, көрші жатқан Өзбекстан жеріне қаңғырып кетеді. Өмірінің соңғы сәттерін киелі Түркістан жерінде өткізеді. Талай жандардың өмірін қиған екінші дүниежүзілік соғыстың суық лебі орыс жеріне жақындай бергенде, Мұқан ҚКСР Жоғарғы кеңестің төрағасы Қазақбаевтың кабинетіне келіп, оған «Ел аралап, цирк өнерін көрсетсем, сол арқылы ақша тауып, майданға көмектессем» деген ұсынысын білдіреді. Сөйтіп, екі жылдай циркте еңбек етеді. Мұқан 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданына тиісті Ленин туы атты колхозда қайтыс болған. Мұқан атамызға арнап Темірлан ауылында  ескерткіш орнатылған.  

Oksana-Kirakosyan1301

Қазақстанның көрікті жерлері.

Кезекті география сабағы еді.Үй тапсырмасына “Қазақстанның көрікті жерлері” деген тақырып берілді.Мұғалима менің есімімді атап,тақтаға шақырды.Мен:“Қазақ халқында “Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары” деген даналық сөз бар.Сол секілді,менің туған жерімде өзге еш жерде кездеспейтін әсем жерлер мен қасиетті мекендер бар.Сондай мекендердің бірі,“кіші Швейцария” деп аталып кеткен – Бурабай.Ол республикадағы ең танымал туристік бағыт саналады.Бұл жердің әсем табиғаты,көптеген қонақүйлері, шипажайлары әрқайсысымызға ұмытылмас әсер сыйлайды. Сондықтан болар бұл жер халық арасында “екінші Швейцария” деп аталып кеткен. Бұл жерде демалып қана қоймай, ем қабылдауға да бар жағдай жасалған.

Біздің жерімізде сонымен қатар қасиетті де тарихи сәулет ескерткіштері бар.Атап айтсақ:Айша-Бибі, Бабажа қатын, Қарахан кесенелері.Осы жерлерден ерекше рухани күш алуға болады.

Қазақстанға табиғат шеберлікпен сыйлап кеткен жерлер жетерлік.Сондай жерлердің бірі Алматы қаласынан 193 шақырым қашықтықтағы Шарын шатқалы мен Шарын өзені.Мұнда сіз ертедегі халықтардың сан алуан жартасты “қамалдарды” көре аласыз.Әлемде бұндай көріністерді Солтүстік Американың Колорадо штатындағы “Үлкен шатқал” алқабынан ғана кездестіруге болады.Одан кейін Ақсай шатқалы, Алакөл мен Балқаш көлдері, Шымбұлақ курорты, Қорғалжын қорығы, Зайсан көлі, Марқакөл қорығы, Қатон-Қарағай ұлттық саябағы, Жидебай-Бөрілі қорық-мұражайы және т.б.Әрине, бұл тізімді жалғастыра беруге болады.Әлі зерттелмей,еленбей жатқан жерлер қаншама?” – деп өз білген,көргенімді айтып берген болатынмын.Апайым бестік бағаны қойып,басқаларға да осылай өз елінің көрікті жерлерін жатқа біліп жүру керектігін айтқан еді.

Makarov
Бір ханның жалғыз ұлы болыпты, ол құландарды аулағанды жақсы көреді екен, бір күні ханзада аң аулаға кеткенін айтпады, бала құланның үйірін көріп, ата бастады, бірақ оғы таусылып қалады, сонда үйірдің басшысы ауру тұяғымен баланы теуіп өлтірді, хан өзінің баласын өлтіргенін сезді және маған ұлымның өлгені туралы айтқан адамның аузына ерітілген қорғасын құямын дейді, халық шындықты айтуға қорқады, бір кезде ханға біреу келіп, сізге сіздің ұлыңызға не болғанын мына домбыра айтады дейді, күй ойнағанда хан барлығын түсініп ашуланады, және ызамен домбыраға қорғасын құюды бұйырады, осылай халық ханның ызасынан құтылады.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Өтінем көмек керек: Қажымұқан туралы деректерді негізге алып, {Батыр тұлғасы} тақырыбында сипаттамалық эссе ​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Adassa00441
Раисовна878
goodsled
Larax0819
mmoskow3
tsatskina857
Sergei Gaishun
ilyatamurov
dmitrovlug8248
lorsam36
stark11
alexeylipatov
julichca68
Вячеславовна_Сагитович
Asira926