Владислав893
?>

Ребят нужно составить 5 предложений на тему "Богатсва Казахстана" ​

Казахский язык

Ответы

ЭдуардовнаКлючников1361

ответ:Қазақстан жерінің асты да, үсті де байлыққа толы. Тамылжыған табиғаты, өзен-сулары оның ажырамас байлығы. Қазақ жерінен өндірілетін қазба байлықтар жеріміздің берекелігін танытады. Мұнайы мен көмірі, ураны мен жезі және көптеген байлықтары жерімізге инвестиция тартуға себеп болып отыр

Объяснение:

Коваль1974
Серік Жұманғалиұлы Сәпиев (16 қараша, 1983 жыл, Абай қаласы,Қарағанды облысы) - боксшы,олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері,Парасат орденінің кавалері (2008 жыл), Отан орденінің иегері (2012)[1], спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы атанған әлемдегі 13-ші спортшы[2], қазақстандық ең танымал боксшылардың бірі, 2014 жылдың қарашасынан бастап Astana Arlans командасының бас директоры.[3]

Жартылай орташа салмақ пен бірінші жартылай орташа салмақта әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы (2012), Баркер кубогыныңиегері (2012), әлемнің екі дүркін чемпионы (2005, 2007), күміс (2011) және қола (2009) медальдарының иегері, Бейжің және Лондон Олимпиадасында бокстан құрама команданың капитаны.
Пимкина Сергеевич
«Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді» деп М. Жұмабаев айтқандай, мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейтіп, мәртебесін биіктету – әрбір мемлекет үшін басты мақсат.

Тәуелсіздігін алып, іргесі беки бастаған Қазақстан Республикасы өзінің ана тілін қорғауда үлкен жұмыстар атқаруда. Осыған орай 1997 жылы 11 шілдеде жарық көрген «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы Қазақстан Республикасындағы тілдердің қолданылуының құқықтық негізін, мемлекеттің олардың оқып-үйрену мен дамытуы үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді, республикада қолданылатын барлық тілге құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда көптеген мемлекеттік органдарда іс жүргізу мемлекеттік тілде қалыптасуына үлкен мән берілуде. Атап айтқанда, ҚР Үкіметінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды. Бұл бағдарлама бойынша бірқатар мемлекеттік органдар мемлекеттік тілді дамытуға өз үлестерін қосып келуде.
Жоғарыда айтылған Заң бірінші талап ретінде мемлекеттік органдарға мемлекеттік тілді дамытуға барлық жағдайды жасауды міндеттейді.
Әділет департаменті де мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және одан әрі дамыту үшін өз үлесін қосып жатыр. Барлық мекемелермен, ұйымдармен хат алмасу тек мемлекеттік тілде жүргізілуде. Ал, басқа мемлекеттерді қоспағанда, егер де хат орыс тілінде келіп түскен болса, онда оған орыс тіліндегі жауабымен қоса мемлекеттік тілде де жауап беруде.
Ел тәуелсіздігі – тіл тәуелсіздігі, тіл – ұлттың төлқұжаты, мемлекеттік тұғыры демекші, болашақтың берік іргетасын бүгін қалау қажет. Әсіресе өсіп келе жатқан жас ұрпақ буындарын мемлекеттік тілде жұмыс істеуіне оқу орындарында дайындаумен қатар, мемлекеттік тілдегі іс жүргізу тілін меңгеруін қалыптастыру керек. Сонда ғана ана тіліміздің өсіп-өркендеуі, келешекте тіліміз үлкен мәртебеге ие болып, қазіргі әлемде кең қолданыста жүрген тілдермен терезесі тең болады.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Ребят нужно составить 5 предложений на тему "Богатсва Казахстана" ​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*