Мне
Объяснение:
Менің сыныбымда дөрекі сөйлейтін ұл бар еді. Ол барлық адамға тиісіп, келбетін келемеждеп, "эй, аууу" деген сияқты сөздер айтып дөрекі сөйлейді. Иә, біз оны сыпайы сөйлетуге қанша тырыстық. Ол бізге дөрекі сөйлейтін болған соң бізде дөрекі сөйлейтін едік. Бір күні бәріміз келісіп оған сыпайы сөйлеп, оны ұялтып қатесін түсінсін дедік. Бәріміз олмен сыпайы сөйлесіп жүрдік, ол ұяла бастап, дөрекі сөйлесуін қойды. Бізге де сыпайы сөйлеп, "кешір, рахмет" деген сөздерді жиі айтатын болды.
Тіл дыбыстары дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстар деп екіге бөлінеді.
Дауысты дыбыстар саны – 12. Олар: а, ә, о, ө, е, ы, і, ұ, ү, и, э, (у). Дауысты дыбыстар өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырамауы арқылы үннен жасалады.
Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай екіге бөлінеді: 1) жуан дауысты дыбыстар: а, о, ы, у. Жуан дауысты дыбыстарды айтқанда тіл артқа тартылып, тіл үсті дөңестенеді. 2) жіңішке дауысты дыбыстар: ә, ө, і, е, и, э, у. Жіңішке дауысты дыбыстар тіл ұшының ілгері созылуы арқылы жасалады.
Қазақ тілінде сөздер не тек жуан дауысты дыбыстардан, не жіңішке дауысты дыбыстардан құралады. Мысалы, тек жуан дауысты дыбыстардан құралған сөздер: арыстан, аққу, рақат, қараторғай, дауылпаз, тасбақа, т.б. Тек жіңішке дауысты дыбыстардан құралған сөздер: өмір, көктем, жүгері, мереке, күміс, ілгіш, т.б.
Басқа тілден енген сөздерде, қос сөздер мен біріккен сөздерде жуан дауысты мен жіңішке дауысты дыбыстар араласып келе береді. Ондай сөздер аралас дыбысты сөздер деп аталады. Мысалы, емтихан, синтаксис, жөн-жосық, оқта-текте, азық-түлік, Темірқазық, Екібастұз, көзқарас, т.б.
Дауысты дыбыстар жақтың қатысына қарай ашық және қысаң болып екіге бөлінеді: 1) ашық дауыстылар жақтың кең ашылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, о, ө, е, э. 2) қысаң дауыстылар: ы, і, и, ұ, ү, у. Қысаң дауыстыларды айтқанда, жақ кең ашылмай, ауа қысылып шығады. Тек ашық дауыстылар арқылы жасалған сөздер: орман, өлең, әке, әдеп, бақыт, т.б. Тек қысаң дауыстылар арқылы жасалған сөздер: қызықты, ыдыс, ірімшік, ілгіш, киік, қырқу, т.б.
Дауысты дыбыстар ерін мен езудің қатысына қарай еріндік және езулік болып екіге бөлінеді: 1) еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у. Еріндік дауыстылар еріннің алға қарай созылып, дөңгеленуі арқылы жасалады. 2) езулік дауыстылар езудің кейін тартылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, е, и, э, ы, і. Тек еріндік дауысты дыбыстар қатысқан сөздер: қосу, өру, ұлу, күлу, т.б. Тек езулік дауысты дыбыстар қатысқан сөздер: ақыл, әдемі, отырықшы, егінші, еңбекшіл, т.б.
Қазақ тілінде сөздің алғашқы буынындағы еріндік дауыстылар кейінгі буындардағы езулік дауыстыларды айту кезінде өзіне ұқсатып, еріндік дауыстыға айналдырып алады. Бұл ерін үндестігі немесе айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөздер деп айтылады.
ЖАЗЫЛУЫ
АЙТЫЛУЫ
Құрық
Жүгері
Жұмыс
Көңіл
Көркем
Өнер
Орын
Құрұқ
Жүгөрү
Жұмұс
Көңүл
Көркөм
Өнөр
Орұн
Қазақ тілінде дауысты дыбыстар буын талғамайтын және буын талғайтын болып екіге бөлінеді.
Буын талғамайтын дауысты дыбыстар: а, е, ы, і. Буын талғамайтын дауысты дыбыстар сөздің барлық буынында жазыла береді. Мысалы, балалық, қызықты, ынтымақ, береке, инелік, еңбекшіл, ертегіші, т.б. Буын талғайтын дауысты дыбыстар: ә, о, ө, ұ, ү негізінен сөздің бірінші буынында жазылады, тек басқа тілден енген сөздерде, қос сөздер мен біріккен сөздерде, адам аттарында ғана сөздің екінші, үшінші буындарында кездеседі.
БАСҚА ТІЛДЕН ЕНГЕН СӨЗДЕР
ҚОС СӨЗДЕР
БІРІККЕН СӨЗДЕР
Куә
Дүдәмал
Күмән
Антоним
Лото
Мазмұн
Мағлұмат
Мәжбүр
Дәстүр
Әп-әдемі
Дәрі-дәрмек
Той-томалақ
Құл-құтан
Ат-көпір
Дүние-мүлік
Салт-дәстүр
Күндіз-түні
Күмбір-күмбір
Аягөз
Қараөткел
Орынбор
Көнетоз
Аққұтан
Айнагүл
Меңдіқұл
Жанбота
Келіссөз
Кейбір сөздерде сөздің соңында ә дыбысы айтылғанымен, а дыбысы жазылады.
АЙТЫЛУЫ
ЖАЗЫЛУЫ
Рәзинә
Жәмилә
Рәсуә
Жәйләу
Шәй
Кітәп
Рәзина
Жәмила
Рәсуа
Жайлау
Шай
Кітап
Ы, і әріптеріне аяқталған сөздерге тұйық етістіктің у жұрнағы жалғанғанда, ы, і әріптері түсіп қалады. Мысалы, оқы+у=оқу, тоқы+у=тоқу, қобалжы+у=қобалжу, бекі+у=беку, жекі+у=жеку, ірі+у=іру, т.б.
Соңғы буынында ы, і әріптері бар сөздерге тәуелдік жалғауының ІІІ жағының жалғауы жалғанғанда, түбірдегі ы, і әріптері түсіп қалады. Мысалы, халық+ы=халқы, бөрік+і=бөркі, көрік+і=көркі, т.б.
Й, ы, і әріптеріне біткен сөздерге тұйық етістіктің у жұрнағы жалғанғанда, ю әрпі жазылады. Мысалы, той+у=тою, жай+у=жаю, байы+у=баю, кейі+у=кею, т.б.
Я, ю әріптері й+а, й+о дыбыстарының қосындысы болып келеді де, қосарлы дыбыстар деп аталады. Я, ю қатысқан сөздер айтылуы мен жазылуында және дыбыс саны мен әріп санында өзгеріс бар сөздер болып саналады. Мысалы, қоян – қойан, аю – айу, қою – қойу, т.б. Тек айуан, хайуан, кейуана, диуана, миуа, қиуаз сөздерінде ю әрпі жазылмайды. И қазақтың төл сөздерінде қосарлы ый және ій дыбыстарының қосындысы болып айтылады, бірақ жазылғанда жалаң и түрінде жазылады.
АЙТЫЛУЫ
ЖАЗЫЛУЫ
Жыйын
Қыйын
Тыйын
Ыйық
Кійім
Кійіт
Ійне
Жиын
Қиын
Тиын
Иық
Киім
Киіт
Ине
Мұндай сөздер әріп саны мен дыбыс санында, айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөздер деп аталады.
Қосарлы ый әріптері тек сый, тый түбірінен тараған сөздерде жазылады. Мысалы, сый, сыйлық, сыйлау, сыйластық, сыйымды, сыйлы; тый, тыйым, тыйылу, тыю, тыяды, тыйдыр, тыйғызу, тыйыл, т.б.
Йы, йі әріптеріне аяқталған сөздерге көсемшенің й жұрнағы жалғанғанда, соңғы ый, ій әріптерінің орнына и жазылады. Мысалы, байы+й+ды=байиды, кейі+й+ді=кейиді, ұйы+й+ды=ұйиды, т.б.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
А. Байтурсынов хикаятты калай атаган
ответ: Діндар дәуірдің өнеге үшін шығарған әңгімелері хикаят деп аталған. Хикаят дін үйрету ғана мақсатпен шығарған сөздер емес, діннен басқа жағынан да өнеге көрсету үшін айтылады. Сондықтан хикаят тақырыбы түрлі-түрлі болады.
Мысал:
Бекер босқа жүргенше болды балап,
Молда Мұса
Жақсы депті әр іске қалған талап.
Пайғамбары құданың заманында,
Жүреді екен бір жігіт бекер қарап.
Қылып жүрер бір жұмыс өзге менде,
Бекер жүрер бірақ та сол көрген де.
Түс суытып, қарамай өтеді екен
Ол жігітке Пайғамбарға кез-келгенде.
Жолыққанда бір сапар күліп өтті,
Көргеннен-ақ қарасын күлімдепті,
"Сахабалар күлмеуші еңіз,
Не себептен неге күлдіңіз бүгін?- депті.
Айтты сонда: "Себеп бар күлгенімде,
Күлмеуші едім жолықса ілгері де.
Екі шайтан қасында жолдас еді,
Бекер қарап ілгері жүргенінде.
Отыр екен бұл сапар жерді сызып,
Жолдастықтан қашыпты шайтан бұзып.
Келіп екі періште, қасыңда отыр!
Сол себептен күліп ем көңілім қызып".
Бекер жүрген батады бәлекетке,
Адам болсаң, жолама ол әдетке.
Құру қарап жүргеннен артық дейді,
Пайдасыз бекер қылған әрекет те
Объяснение:
Ахмет Байтұрсынов шығармалары кітабынан (6томдық шығармалар жинағынан - 1 том)