Тоқтар Әубәкіров - тұңғыш космонавт
«Қазағым үшін өлуге дайынмын» (Т.Әубәкіровтің ғарышқа ұшардағы сөзі)
1991 жылы 2-қазанда Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқан күні. Кім не десе де қазақ ғарышының тарихы осы күннен басталады. Сол үшін де бұл күн – қазақ үшін тарихи күн. Айдарынан жел ескен Алаш баласының аспан әлеміне жол тартқан күні. 2 қазан сонысымен қымбат, сонысымен құнды. Егер шындығына келсек қазақтың ғана емес күллі түркі халықтарының тұңғыш ғарышкері. 2001 жылы Стамбул қаласында «Түріктің тұңғыш ғарышкері» атағын Түркия елі берді.
Биліктің Тоқтар батырды таса да ұстағысы келгеніне қарамастан Тоқтардың кім екенін тағы бір еске түсіріп өту үшін атқарған еңбектерін парақтап шықсақ.
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. Ол 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында өмірге келген. Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969), авиация институтын бітірген (1979). 1969 — 75 жылдары Әскери-әуе күштерінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары. 1976 — 1992 жылдары Мәскеудегі Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы міндеттерін атқарды. 1988 жылы кеңес одағында алғаш рет әуеде ұшаққа екі мәрте жанармай құйдыру арқылы солтүстік ендікке қонбай ұшуды ерлікпен жүзеге асырды. Реактивті ұшақтың елуден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан “Союз ТМ-13” кемесімен ғарышқа ұшты. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. 1991 Ю.А. Гагарин атындағы Ғарышкер дайындау орталығында әзірлгін бастады, сынаушы ғарышкер-ұшқышы, сынаушы. «Союз ТМ» ғарыш кемесінде және «Мир» орбиталды кешенінде сынаушы ғарышкер-ұшқышы жылдамдатылған машықтануын ұшу бағдарламасы бойынша өтті. 1991 жылы қазанның 2-інде Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және аустрия ғарышкері Франц Фибөк, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді. 1991 жылы қазанның 10-ында Тоқтар Әубәкіров, Анатолий Арцебарский, аустрия ғарышкері Франц Фибөк «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өтеген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут.
Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты. Ол 1992 — 93 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-орынбасары, 1993 — 94 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыштық агенттігінің бас директоры — Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты — Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.
Арман қуып жасынан,
Көктен көзін алмаған
Ұшқыш болды жас ұлан,
Аспанда еркін самғаған.
Бабасынадай асауға
Салған құрық –бұғалық.
Ұшақтарды сынауға
Артқан еді құмарлық.
Самғап ұшу аспанда
Қауіпті еді, қатал-ды.
Ерлігі елден асқанда,
Ол ғарышкер атанды.
Талай істе ғажаптың,
Туған ұлы қазақтың ,
Тұңғыш ұшты ғарышқа,
Қаһарманы қазақтың!
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Айтылым4-тапсырма. Мәтіннен сын-қимыл үстеулерін тауып, сұрақ қой.Қазақстан – ежелгі ел. Қазақстан Еуразия құрлығының тура ортасындаорналасқан. Қазақстанның шегарасын тез аралап шығу мүмкін емес. Ба-тысы мен солтүстігі Ресеймен шектеседі. Оңтүстігі Түрікменстан, Өзбекстанжәне Қырғызстанмен шектеседі. Шығысы Қытаймен шектеседі. Осылайша, біздің еліміз бес мемлекетпен шектесед
Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.Жеті жұт. 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).
Жеті жоқ. 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ. Жеті қазына. Ол жөнінде пікір талас көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.