Режиссер болсам, қандай фильм түсірер едім?
Маған «Режиссер болсаң, қандай фильм түсірер едің?» деген сұрақ тосыннан қойылса, бірден жауап беру қиынға түседі. Себебі, мен бұл мамандық атауын жиі естіп жүргеніммен, режиссер нақты қандай жұмыс атқаратынын білмеуші едім. Сонымен, сөздікке жүгінуге тура келді.
Сөздіктегі анықтама бойынша «Режиссер – сахналық қойылымның көркемдік тұтастығын, кейіпкерлердің өзара қатынастары арқылы саяси-әлеуметтік, фәлсафалық, азаматық және басқа көптеген келелі мәселелерді көтеретін спектакльдің қоюшысы, шығармашылық процесстердің ұйыдастырушысы, әрі авторы» екенін білдім. Демек, режиссер болу үшін өнерге біршама жақын болып, адамның бойында белгілі бір дарын болуы керек деп ойлаймын. Себебі қойылымның идеясын, тақырыбын анықтап, кейіпкерлердің өзара қарым – қатынасын реттеп, көрерменге ұсынады. Біршама қиын әрі жауапты іс екені бірден көрініп тұр.
Біздің күнделікті көріп жүрген киноларымыз осы режиссерлердің еңбегінің жемісі екенін білдім. Осы бір мамандық иесі фильм көрерменнің көз айымынан айналу үшін қаншама тер төгетіні біреуге мәлім болса, енді басқалары тіпті ол туралы білмейді. Режиссерлер актерлердің киімі мен гримінен бастап музыка, жарық, дыбыстық үндер, сахна кеңістігі осының бәрін шебер ойластыруы қажет.
Ал мен өз басым режиссер болсам, тарихи фильм түсірер едім. Бірақ тарихи фильм түсіру ең қиыны деп білемін, себебі жоғарыда аталған істерден басқа, фильмдегі тарихи деректердің дұрыс болуын да қадағалауым керек болады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
с контрольной на казахском
Орыс тіліндегі сөздерді аударып, көшіріңіз:
1. Электр желісі - электр қуатын өндірілетін орындардан тұтынушыға жеткізуге, әрі оларға бөліп таратуға арналған құры лғылардың жиынтығы.
Ол қалалық, аудандық, ауылдық, өнеркәсіптік қуатын электр желісі болып, сондай-ақ электр қуатын тарату, қоректендіру желілері болып та ажыратылады. Электр қуатын алысқа жеткізу үшін жоғарылатқыш трансформатор станциясында тоқ қысымы жоғарылатылады.
Кернеу артқанда тоқ күші кемитіндіктен, қуат шығыны азаяды, сөйтіп өткізгіш сымдарды жуандығын жіңішкерту мүмкіндігі туады.
Кішірейту қосалқы станцияда кернеу тұтынушылардың пайдалануына қажетті шараға дейін төмендетіледі.
Белгілі бір кернеулі тоқты өзгеріссіз қабылдауға, әрі бөліп таратуға арналған қосалқы станциялар бөліп таратушы деп аталады.
Әр түрлі кернеулі электр желісін өзара қосу үшін желілік қосалқы станцияларды трансформаторлардан басқа коммутациялы аппараттармен жабдықталған. Жоғарғы және төменгі бақылау, басқару құрылғылары болады. Әрбір электр желінің электротехникалық жабдықтары жұмыс істейтін номинал кернеумен сипатталады. Біздің елде пайдаланылатын кернеулер: 220/127, 380/220, және 600 в және 3, 6, 10, 20, 35, 110, 150, 220, 330, 500, 75 кв.
Мәтінге сұрақ құрастырыңыз:
1. Электр желісі дегеніміз не?
2. Электр желісі қалай ажыратылады?
3. Бөліп таратушы деп нені айтады?
4. Желілік қосалқы станцияларда әр түрлі кернеулі электр желісін қосу үшін трансформаторлардан басқа немен жабдықталған?
5. Әрбір электр желінің электротехникалық жабдықтары немен сипатталады?
6. Біздің елде қандай кернеу пайдаланылады?
Сан есімдерді сөзбен жазыңыз:
220/127 - екі жүз жиырма/жүз жиырма жеті,
380/220 - үш жүз сексен/екі жүз жиырма,
600 - алты жүз,
3 - үш,
6 - алты,
10 - он,
20 - жиырма,
35 - отыз бес,
110 - жүз он,
150 - жүз елу,
220 -"екі жүз жиырма,
330 - үш жүз отыз,
500 - бес жүз,
75 - жетпіс бес.
Антонимдер тауып жазыңыз:
Жоғары - төмен
Жоғарылатқыш - төмендеткіш
Жоғарылатылады - төмендетіледі
Жіңішке - жуан
Артады - кемиді.
Сөз тіркестер құрастырыңыз:
Қалалық әкімшілік
Селолық округ
Өнеркәсіптік сала
Энерготехникалық жабдықтар
Қосалқы бөлшек
Объяснение: