1 МАМЫР-Қазақстан халқының бірлігі күні.Біздің еліміз көп ұлтты мемлекет.Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері тұрады.Олар біздің елде тұрса да, өз тілінде сөйлеуге және салт-дәстүрін сақтауға ерікті.Қазақстанда туып өскесін олар менің елім Қазақстан деп айта алады.Жер бетіндегі барлық халықтар достастықта және ынтымақтастықта өмір сүруге тиісті. 1-мамыр мерекесін Қазақстандықтар 1996 жылдан бастап тойлайды.Мектептерде,балабақшаларда мерекелік бағдарламалар болады.Балалар әр өкілдің ұлттық киімдерін киіп,ұлттық тағамдар дайындап,ұлттық ойындар көрсетілімі өтеді. . Көп ұлтты еліміздің ынтымақтастығы, татулығы біздің жарқын болашағымыздың негізгі кепілі деп ойлаймын. Осы мерекемен барлық Қазақстандықтарды көктемнің шуақты күнімен, бірлік мерекесімен құттықтап, береке, бірлік, бақыт тілеймін!
Бурмистрова-Ирина660
04.05.2022
Қазақ халқы үшін дастарханнан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Сондықтан тамақ ішуге шақырғанда тамақты көп күттіруге болмайды. Қазақтың ұлттық дастарханында болатын негізгі тамақтардың түрлері: ет тағамдары, сүт тағамдары және нан тағамдары. Ең негізгі ұлттық тамақ – қазақша ет. Оны кейбір кісілер «бешпармақ» деп атайды. Ол мүлде қате. Асханаларда, мейрамханаларда «бешпармақ» деп айтылмайды және жазылмайды. «Бешпармақ» - «бес саусақ» дегенді білдіреді. Бұл ұлттық тағамның аты – қазақша ет. Сыйлы кісі келгенде, қазақша ет беріледі. Қазақша еттен табақ даярлағанда (тартқанда), оны білетін адам жасайды. Әрбір сүйектің өзінің орны бар. Әр адамға бір-бір сүйек (мүше) беріледі, ол сүйектің етін бәкімен кесіп жейді. Содан кейін нан салынған қазақша етті жейді. Тамақ соңында сорпа беріледі. Егер ішкіңіз келмесе, өз еркіңіз. Тамақтан аз немесе көп жейсіз бе, ол да өз еркіңізде. Ол ыңғайсыз емес. Батаны ең құрметті кісі береді. Батаның немесе тілектің түрлері көп. Мысалы бір түрі: Басқа амандық берсін! Жанға саулық берсін! Ұлың ұяда болсын, Қызың қияда болсын, Дастархан байлығы болсын! Аллаһу әкпар! (Әумин!)
Ответить на вопрос
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
надо 2 и 4 предложение почеркнуть БАСТАУШ и БАЯНДАУШ
1-мамыр мерекесін Қазақстандықтар 1996 жылдан бастап тойлайды.Мектептерде,балабақшаларда мерекелік бағдарламалар болады.Балалар әр өкілдің ұлттық киімдерін киіп,ұлттық тағамдар дайындап,ұлттық ойындар көрсетілімі өтеді. . Көп ұлтты еліміздің ынтымақтастығы, татулығы біздің жарқын болашағымыздың негізгі кепілі деп ойлаймын.
Осы мерекемен барлық Қазақстандықтарды көктемнің шуақты күнімен, бірлік мерекесімен құттықтап, береке, бірлік, бақыт тілеймін!