ответ:. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысының басталуы.Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945) тарихтағы ірі соғыстардың бірі, оның өртін халықаралық империализмнің екпінді күштері: Германия, Италия, Жапония тұтандырды. Гитлер және оның сыбайластары фашистік соғыс машинасының күшімен КСРО елін құртуды мақсат етті. Фашизм Кеңес Одағын бөлшектеп «Остландия» (Белоруссия мен Прибалтика), «Московия» (Россия), (Москва, Тува, Ленинград, Горький, Ветка, Қазан, Уфа, Пермь), «Украина» (Волга өңірі, Воронеж), «Кавказ» (Армения, Азербайжан, Грузия, Солтүстік Кавказ) сияқты отар елдерді құруды жоспарлады. Сонымен қатар фашистер Кеңестік Азия жерінде «Гросс Түркістан», «Еділ-Орал» деген қуыршақ мұсылман мемлекеттерін құруды көздеді. 1941 ж. 22 маусымда Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасады. Фашистік басқыншыларға қарсы кеңес халқының Ұлы Отан соғысы басталды. Адам саны мен соғыс техникасы жағынан фашистер басым болды. 1941 ж. 30 маусымда КСРО Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті Президиумының Указымен 14 әскери округ территориясында мобилизация жарияланды.
Объяснение:
Назаров588
24.05.2022
Еліміз егемендік алып, еңсеміз көтеріліп, елдігіміз бен теңдігіміз теңеліп, дініміз бен тіліміз қайта жаңғырып, тәуелсіз қазақ елі біршама жетістіктерге жетті.Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған бабаларымыз бен даналарымыздың артында қалған армандары мен аманаттары орындалып, көп ұлтты қазақ елі жиырма жылдың ішінде біршама өркендеп, экономикасы мен әлеуметтік жағдайы көтеріліп, әлемнің дамыған елдерінің қатарынан көрінді. Атап айтсақ, дамыған мемлекеттер арасында ЕЫҚҰ мүшелігіне қабылдануымыз.Тұңғыш рет елімізде Азиада алауы тұтанып, қазақ елінің мерейі үстем болды.Ел болып егеменді қазақ елі,Алматым сұлу көркі асқақ еді.Жөнелтіп ұлы көшті Арқа жаққа,Нұр ағам нұрлы жолға бастап еді.Біздің осындай мақтанышпен қарайтын Алматы және Астана қос қаламыздың келбеті әлем тарихынан орын алды.Астана қаласы азғана уақытта салтанатты гүлденген қалаға айналды. Бұл Тәуелсіз елімнің басына қоған бақыты екені айқын.Қазақ елінің терезесі теңеліп, осында тұратын елімнің ынтымағы мен татулығы жарасқан. Тәуелсіз еліміздің ертеңі, болашағы қазіргі жастар мен жас жеткіншектер біздің келешек ұрпақтарымыз.Келешекте қазақ елі бұдан да үлкен жетістіктерге жетуіне әрбір азамат өз үлесін тигізіп, ат салысса нұр үстіне нұр болар еді.Қазақ елім, тұғыры биік алыпсың,Егемен елім тарихыңа қанықпын.Көгілдір туың көгінде мәңгі желбіреп,Берекесі мен бірлігі артсын халықтың!Тәуелсіз қазақ елінің айы оңынан туып, биіктерден көріне берсін.