Дара, күрделі, үйірлі анықтауышқа мысал сөйлемдер.
Анықтауыш: сөздің сынын,қасиетін, белгісін, басқа да сипаттарын білдіреді.
Құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі мүше болып үшке бөлінеді.
Дара анықтауыш толық мағыналы бір сөзден болады.
Мысалы: Зейнептің көздері үлкен (қандай?), кірпіктері ұзын (қандай?).
Оқыған (қандай? қай?) кітаптарым мені іске бастады.
Ашынған (қайткен? қандай?)әйел мән - жайын айтады.
Күрделі анықтауыш күрделі сөзден, тұрақты тіркестен не сөз тіркесінен, шылаулы сөзден құралады.
Мысалы:
Қылқан жапырақты (қандай?) ағаштың ең үлкені – алып қарағай.
Жаңадан тұрғызылып жатқан (қандай?) үй осы жылдың аяғына дейін тұрғындарға тапсырылады.
Сайысқа қатысып жатқан (қандай?) үміткерлердің барлығына кішігірім сыйлық беріледі.
Үйірлі анықтауыш – кемінде екі не одан да көп сөзден құралады. Үйірлі мүшелер көбінесе бар, жоқ, аз, көп тәрізді сөздерге және сын есімдер мен есімше тұлғаларына аяқталады.
Мысалы: Білімі көп (қандай?) адам жерде қалмайды.
Ыстық шаңға құмыққан (қандай? қай?) Алмас машинаның терезесін ашып жіберді.
Талабы көп (қандай?) жігіт болашақта үлкен жетістікке жетеді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
4-тапсырма. Әр сұраққа үш нұсқаның ішінен дұрыс жауапты жаз.Алиса мен анасы қайда қайда болды?•Алиса мен анасы балабақшада болды.•Алиса мен анасы қонақта болды.•Алиса мен анасы расытханада болды.Алиса қараңғы аспаннан не көрді? •Алиса қараңғы аспаннан түрлі фигураларды көрді.•Алиса қараңғы аспаннан қуыршақты көрді.•Алиса қараңғы аспаннан жұлдызшыны көрді.Фигуралар неге ұқсайды?•Фигуралар біресе жапыраққа ұқсайды, біресе ақ нүтктеге ұқсайды.•Фигуралар біресе құсқа ұқсайды, біресе қоянға ұқсайды.•Фигурлар біресе аюға ұқсайды, біресе тауға ұқсайды
1)Алиса мен анасы қонақта болды.
2)Алиса қараңғы аспаннан түрлі фигураларды көрді.
3)Фигуралар біресе жапыраққа ұқсайды,біресе ақ нүктеге ұқсайды.