Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
10-тапсырма. Жұптық жұмыс. Сұрақтарға жауап беріп, диалог құрыңдар.Орақшыларға нанды неден дайындады?Жаңа наннан ең алдымен кімдер дәм татады?Не себепті орақшылар бәрінен бұрын дәм татады?Жаңа нанды қандай бидайдан дайындады?Нан қалай піскен?Нанға қандай иістер сіңген
Достық туралы мақал – мәтелдер.
- Дос - ажарың, жолдас - базарың.
* * * * *
- Алыстағы досыңа ат берсең де жарасар - үйіне мініп барсын деп.
Жақындағы досыңа хат берсең де жарасар - ұмытса есіне алсын деп.
* * * * *
- Жолдасың көп болса, Жалғызбын деме
* * * * *
- Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар
* * * * *
- Жаңа досың жаныңда болса, ескі досың есіңде болсын.
Ол әрқашанда сенімді.
* * * * *
- Досың дос болғанға шаттан, Дұшпанмен дос болудан сақтан
* * * * *
- Дос ы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды
* * * * *
- Жаман жолдастан таяғым артық
* * * * *
- Күлме досыңа – келер басыңа
* * * * *
- Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас.
* * * * *
- Заттың жаңасы жақсы,
Достың ескісі жақсы.
* * * * *
- Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа.
Жаманмен жолдас болсаң - қаларсың ұятқа.
* * * * *
Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса - қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса - іздеп таба алмайсың.
* * * * *
Досы жоқпен - сырлас, досы көппен - сыйлас.
* * * * *
Жауға - жалынба, досқа - тарылма.
* * * * *
Дос таппаған ер азар - басшы бақпаған ел азар.
* * * * *
Адамзатта не тәтті: аста - тұз тәтті, адамда - дос тәтті.