Біз тәуелсіз егеменді елміз. Тәуелсіз және егеменді елдің мақсаты және міндеті – тәуелсіздікті мәңгі сақтап қалу. Ол ушін не істеу керек? Ол ушін біздің ұлттық рухты нығайтып, әдет- ғұрып пен дәстурді сақтай отырып, қазақстандық патриотизмді дамыту керек.
Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен діліне нұқсан келтірмей, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. Осыны біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз.
Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.
«Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз! Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
22. Ребусты шеш.• Шешуіндегі сөздің қандай етістік екенін айт.
Ақта-туынды етістік